Липидтер метаболизмінің бұзылыстарында пайда болатын патологиялар
Автор: aizhoka2910 • Декабрь 9, 2018 • Эссе • 884 Слов (4 Страниц) • 654 Просмотры
Семей медициналық университеті[pic 1]
М.ғ.д., профессор С.О.Тапбергенов атындағы
биохимия және химиялық пәндер кафедрасы
[pic 2]
Тақырыбы: Липидтер метаболизмінің
бұзылыстарында пайда болатын
патологиялар.
Орындаған: Оразбай Айжан
221 топ, ЖМФ
Тексерген: Сыдыкова К.Т.
Семей-2018
Ситуациялық есептер:
Есеп 1.
58 жастағы науқас әйел бастапқы кезде көбіне айқын емес ауырлыққа және іштің жоғарғы бөлігіндегі, әсіресе қарын аймағының сыздап ауыратынын айтып шағымданады. Іштің қатты ауыратыны алдын-ала білінбей, ешқандай белгілерсіз, кенеттен пайда болатынын айтты. Науқас күшті, ащы тамақ ішкеннен кейін немесе қатты ашуланғаннан кейін іштің қатты ауыратынын айтып шағымданады. Кенеттен оң жақтағы қабырға асты, одан жауырынға және оң жақтағы иық үстіге өтетін ауыр ауырсынулар байқалады. Температураның көтерілуі сирек болады. Онымен қатар лоқсу және жиі құсу, іштің ауырғаны төске, жүрекке шабуы да сирек байқалады. Мұндайда тамыр біршама баяулау соғады. Мұндай аурудың ұстауы бір минутке ғана созылуы мүмкін. Осылай ұстап ауырғанда көбінесе дене қызуы көтеріледі, тек өт жолындағы тас қысылғанда, инфекция болмағанда ғана дененің қозуы көтерілмейді. Бірқатар жағдайларда біршама үлкейген ет қуығын сипап көруге мүмкіндік туады. Ауырсыну ұстаманың ұзақтығы – бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін болады. Ұстама өз-өзінен тоқталады немесе спазмолитиктерді ендіргеннен кейін басылады. Айтқан ауысынулардан басқа жеңілдік әкелмейтін жүрек айнуы, кейде құсу туындайды.
Сонымен қоса, дәрігер УДЗ, Компьютерлік томография, Магниттік-резонанстық томография, Эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатографиялық зерттеулер жүргізді.
Қан сараптамасы:
Лейкоцит – 15,7×109 Ед/л (3,98 – 10,4×109 Ед/л)
Амилаза – 156 Ед/мл (28-100 Ед/мл)
Липаза – 87 Ед/мл (13–60 Ед/мл)
Билирубин – 13 мкмоль/л (0 - 7,9 мкмоль/л)
Аланинаминотрансфераза – 48 Ед/л (< 33 Ед/л)
Аспартатаминотрансфераза - 51(< 31 Ед/л)
Сілтілік фосфатаза – 124 Ед/л (35 - 105 Ед/л)
Холестерин – 7 ммоль/л (3,1 – 5 ммоль/л)
Үшглицеридтер – 2,5 ммоль/л (0,14 – 1,82 ммоль/л)
Сонымен қоса, дәрігер УДЗ, Компьютерлік томография, Магниттік-резонанстық томография, Эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатографиялық зерттеулер жүргізді.
[pic 3]
Есеп 2.
46 жастағы науқас ер адамның шағымдары бойынша бас айналуы, бас ауыруы, құлақ пен ми ішінің шулауы, ұйқының бұзылуы, мінездің өзгеруі байқалады. Мінездің сипаттарында патологиялық реңдер пайда болады: сараңдық, тез кейігіштік, уақшылдық, міншілдік, қазымырлық белгілері көрініс береді. Науқастың жады (еске ұстау) бұзылады; алдымен жақында болған оқиғаларды ұмыту көрініс береді, кейін ертеде болған оқиғаларды да ұмыту қосылады. Кейде маразмдық жағдайға дейін жетеді – науқас өзінің аты-жөнін, туған жылын ұмытады, туған-туысқандарын танымайтын болады. Науқас адамның жүрісі бұзылғанын, аяғын сүйретіп басатынын, қадамдары қысқарғанын байқайды. Бетте мимика жойылып, бет маска тәрізді күйге келеді.
Қан сараптамасы:
- жалпы липидтер – 10 г/л (4,5 – 7 г/л);
- жалпы холестерин – 7 ммоль/л (5,2 – 5,72 ммоль/л);
- фосфолипидтер – 430 мг/дл (180-320 мг/дл);
- триглицеридтер – 2 ммоль/л (1,1 ммоль/л дейін);
- ЖТЛП -5,8 ммоль/л (еркектерде – 1,25 – 4,24 ммоль/л, әйелдерде 2,5 – 6,5 ммоль/л);
- ЖТЛП холестерині – 0,2 ммоль/л (0,7 – 2,2 ммоль/л);
- ТТЛП холестерині – 1,7 ммоль/л (2,3 – 5,4 ммоль/л);
- Атерогендік коэффициент – 4 (2,2-3,5);
[pic 4] [pic 5]
Есеп 3.
26 жастағы ауру әйел құрғақ жөтел, басының айналуы, үлкен дәретке жиі баруы, омыртқа бағанасының және буындарының ауырсынуы, жұмысқа қабілеттілігі төмендеп, әлсіздік пайда болғанына шағымданады. Нәжістің түсі сұрлау немесе ашық түсті болады. Кейде іштің қатуы байқалады. Науқасты үлкен дәретке жиі бару, іштің шұрылдауы және іштің кебуі жиі мазалайды. Науқас көп тамақ ішкенде және қалыпты физикалық ауырлық кезінде көп салмақ жоғалтады. Денесінің терісі құрғап, терінің түлеуіне әкеп соқтырады. Кейінірек еріндерінің бозарғанын, аузының бұрыштарында жарықтар пайда болғанын айтып шағымданады. Іштің пальпациясы кезінде жіңішке ішекте май массасының тоқырауы анықталған.
...