Организация самостоятельной работы студентов при преподавании биологии
Автор: Дана Антаева • Январь 20, 2023 • Статья • 1,250 Слов (5 Страниц) • 225 Просмотры
Д.А.Антаева
магистр етественных наук, Казахский национальный Университет имени Абая, г. Алматы, Казахстан, е-mail: dana_99kz@inbox.ru
ОРГАНИЗАЦИЯ САМОСТОЯТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ СТУДЕНТОВ ПРИ ПРЕПОДАВАНИИ БИОЛОГИИ
Аннотация
В статье рассказывается о важности и особенностях организации самостоятельной работы студентов. Самостоятельная работа – это познавательная учебная деятельность учащихся, осуществляемая без непосредственного участия учителя. Такжев статье выделяются некоторые виды самостоятельной работы. Правильно организованная самостоятельная работа способствует развитию у учащихся творческого мышления, ответственности и организаторских способностей. Кроме того, на основе различных определений самостоятельной работы они изучаются, анализируются и выдвигают собственные идеи.
D.A. Antaуeva
Master of Natural Sciences, Kazakh National University named after Abai, Almaty, Kazakhstan, e-mail: dana_99kz@inbox.ru
ORGANIZATION OF INDEPENDENT WORK OF STUDENTS IN TEACHING BIOLOGY
Аnnotation
The article about the importance and оrganization of independent work of schoolchildren in the study of biological disciplines. Independent work is the cognitive learning activity of students, carried out without the direct participation of the teacher. There are also some types of independent work. Properly organized independent work contributes to the development of students' creative thinking, responsibility and organizational skills. In addition, on the basis of various definitions of independent work, they are studied, analyzed and put forward their own ideas.
Д.А.Антаева
Жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан, e-mail:dana_99kz@inbox.ru
БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Аңдатпа
Мақалада студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы мен ерекшеліктері туралы айтылады. Өзіндік жұмыс – білім алушылардың оқытушының тікелей қатысуынсыз орындалатын танымдық оқу әрекеті болып табылады. Сондай-ақ, өзіндік жұмыстардың кейбір түрлерін атап көрсетіледі. Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс білім алушылардың шығармашылық ойлау әрекетін, жауапкершілік, ұйымдастырушылық сияқты қабілеттерін дамытуға ықпалын тигізеді. Сонымен қоса, өзіндік жұмысқа берілген әртүрлі анықтамаларды негізгі ала отырып, оларды әрқырынан зерттеп, талдап, өзіндік ой тұжырымдарын ұсынады.
Кілт сөздер: өзіндік жұмыс, биология, білім алушы, ұйымдастыру, дамыту, жоспарлау.
Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаев «Қазақстан-2021» халық жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыруға, экологиялвқ ортаны жақсартуға ерекше мән берілген[1]. Сондықтан да болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды мәселелердің бірі өз бетімен жұмыс жасау біліктерін қалыптастыру.
Оқытудың негізгі принциптерінің бірі – білім алушыларда өзіндік жұмысты ұйымдастыру. «Өздік жұмыс» ұғымын әртүрлі авторлар әртүрлі мағынада қолданады. Өздік жұмысты оқытуға арналған еңбектерде бұл ұғым іс-әрекетті ұйымдастырудың бір түрі ретінде қарастырылады (Б.П. Есіпов және т.б.); және оқыту әдісі ретінде (Ю.К. Бабанский, М.Т. Баранов және т.б.); және оқушыларды танымдық әрекетке тарту құралы ретінде (П.И.Пидкасистый, И.Е. Унт, т.б.), оқу әрекетінің түрі ретінде (М.Р. Львов, Л.Г. Вяткин, т.б.) [2, 56-57б].
Өзіндік жұмыс мұғалімнің ұсынған тапсырмаларын орындаудың ең ұтымды тәсілдерін іздеумен, жұмыс нәтижелерін талдаумен байланысты оқушылардың белсенді ақыл-ой әрекеттерін қамтиды. Егер оқытушы материалды ұсыну мен бекітудің әртүрлі әдістерін қолданса, биологиялық білімді игеру белсенді және саналы түрде жүреді. Оқу процесінде оқушылардың оқулықпен, суреттермен, схемалармен жұмыс барысында өз бетінше білім алу қабілетін дамытуға ерекше назар аудару керек. Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарының әртүрлері қолданылады, олардың көмегімен олар өз бетінше білім, білік және дағды алады.
...