Көмірсулардың аралық алмасуы
Автор: alina2500 • Ноябрь 14, 2020 • Реферат • 1,486 Слов (6 Страниц) • 822 Просмотры
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.1 Көмірсулардың аралық алмасуы
1.2 Күйіс малы организміндегі көмірсулар алмасуының ерекшеліктері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
I. Кіріспе
Көмірсу – құрамында көміртегі, сутегі және оттегі бар органикалық қосылыстар тобы. Олар моно-, ди-, полисахаридтерболып бөлінеді. Мал денесі құрғақ затының 2 пайызы көмірсулардың үлесіне тиеді.
Көмірсулар табиғатта кең тараған заттар, олар барлық жануар ағзасының құрамына кіреді. Көмірсулар жануарлар ағзасының құрғақ зат массасына шаққанда 2%, ал қанның 0,1% құрайды.Көмірсулар тағамдық рационның негізгі бөлігі болып табылады. Көмірсулардың физиологиялық маңызы негізінен оның энергетикалық қасиетіне байланысты анықталады. 1 гр көмірсудан 4 килокалория энергия бөлініп шығады. Ауыр дене еңбегі кезінде көмірсуға деген қажеттілік артады.
Организмге қажет қуаттың (энергия) көбі көмірсулар арқылы жүреді. Олар нуклеин қышқылдарының, кейбір белоктардың құрамында кездеседі. Көмірсулардан маталар, қағаз, қопарылғыш заттар алынады да, олардың үлесіне жануарлардың 2% құрғақ заттары жатады. Көмірсулар – органикалық қосындылар. Олар күрделілік деңгейіне орай, моносахаридтерге (глюкоза, фруктоза), дисахаридтерге (сахароза, мальтоза және басқа), полисахаридтерге (крахмал, гликоген және басқа) жіктеледі. Моносахаридтер – полисахарид, амин және май қышқылдары және басқалардың биологиялық түзілісіне қажет фотосинтездің алғашқы өнімдері. Полисахаридтер ашу немесе тыныс алу процестерінде келешекте ажырап, моносахаридтердің бөлінуіне қажет қуат қоры ретінде жиналады. Су тартқыш (гидрофильді) полисахаридтер жасушалардың су теңгерімін (баланс) сақтайды. Аденозинтрифосфат қышқылы (АТФ) азот негіздерінен - аденин, рибоза көмірсуы және араларында макроэргиялық байланысы бар үш фосфор қышқылы қалдығынан тұрады.
II. Негізгі бөлім
1.1 Көмірсулардың аралық алмасуы
Ас қорытужолында көмірсулар негізінен моносахаридтерге (глюкоза, фруктоза) айналып, фосфорлану процесінен өткен соң қанға сіңеді. Қанға өткен моносахаридтер қақпалық венамен бауырға тасымалданады да, онда гликогенге айналып (гликогенез), қорға жиналады. Гликоген бұлшық еттерде де түзіледі. Бауырдағы гликогеннің мөлшері 2 - 8 пайыз, ал еттерде 1 пайыз шамасында. Сонымен қатар бауырда глюкозаның біраз бөлігі тотығып, энергияға айналады, немесе майларды синтездеу, әр түрлі уытты заттарды залалсыздандыруға қажет қосылыстарды (мысалы, глюкурон қышқылын) түзу үщін пайдаланылады. Организм мұқтаждығына сәйкес бауырда көмірсулардың бір түрі екінші түрге (галактоза мен фркутоза глюкозаға, немесе керісінше) айналып отырады. Бауырда гликогенез процесімен қатар глюконеогенез– көмірсулардың май мен белоктың ыдырау өнімдерінен, сүт қышқылынан, ҰМҚ, амин қышқылдарының ыдырау өнімдерінен түзілу процесі де жүреді.
Бауырдың күрделі қызметінің арқасында қанның құрамындағы қанттың мөлшері (гликемия) бір деңгейде сақталады. Қандағы глюкоза деңгейі жоғарыласа, гликоген түзу процесі күшейеді, ал ол төмендесе –гликогенглюкозаға айналады.
Үй жануарларының ішінде құстар қанында глюкоза деңгейі жоғары, ал күйіс малында – төмен болады.
Көмірсулардың алмасуында бауырмен қатар бұлщық еттер, ми, бүйрек, желін зор рөл атқарады. Көптеген ұлпалар мен ағзалар энергия көзі ретінде глюкоза мен май қышқылдарын, ал ми торшалары бұл мақсатта тек глюкозаны пайдаланады.
Ұлпаларда көмірсулар фосфорлану процесінен өтіп, глюкозалы-6-фосфат өзгерістері кезінде пайда болған пируват пен ацетил-КоА альфа-кетоқышқылдар түзуге пайдаланылады.
Қандағы глюкозаның көп мөлшерін бұлшық ет сіңіреді. Анаэробты ыдырау кезінде одан сүт қышқылының екі молекуласы бөлінеді. Бұл реакция барысында босанған энергияның бір бөлігі жылуға айналып, қалқан бөлігі АТФ түзуге жұмсалады. Айта кетер жайт, гликолиз кезінде сүт қышқылының екі молекуласы мен АТФ-тің екі молеуласы босанса, гликогенолиз кезінде сүт қышқылының екі және АТФ-тің үш молекулалары босайды.
...