Көмірсулардың алмасуы
Автор: dia01 • Декабрь 12, 2020 • Лабораторная работа • 1,998 Слов (8 Страниц) • 521 Просмотры
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министірлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университеті
[pic 1]
Тақырыбы: №7 Зертханалық -практикалық сабақ
Көмірсулардың алмасуы
Орындаған: Сүндетова Айгерім
Группа:18-24
Тексерген: Альжаппарова Ж.К.
Нұр-Сұлтан, 2020
- Көмірсулардың синтезделуі. Фотосинтез. Глюкозаның синтезделуі
Көмірсулар химиялық формуласы бойынша формальдегидтердің полимерлері. Көмірудың жалпы формуласы: (СН2О)n немесе Сm(Н2О)n. Құрамында альдегид тобы бар моносахаридтер альдоздар, ал кетон тобы бар моносахаридтер кетоздар деп аталады.
Фотосинтездің екі фазасы болады: жарықта жүретін фаза жəне қараңғыда жүретін фаза. Жарықта жүретін фаза үш процестен тұрады:
а) күн сəулесінің квант энергиясының əсерінен су мо лекуласының ыдырауы:
ə) түзілген электрондар энергиясы өте жоғары, ол энергия АДФ-тың фосфорилденіп АТФ-ке айналу реакциясына жұмсалады. б) электрондар энергиясының бір жартысы НАДФ+-ты тотықсыздандыру реакциясына жұмсалады. Қараңғыда жүретін процесс көмір қышқыл газының (СО2) көмірсуларға айналуы: Демек НАДФН жəне АТФ жарықта жүретін реакциялар нəтижесінде пайда болады да қараңғыдағы фазада СО2-ден глюкозаны синтездеуге жұмсалады.
Глюкозаның көмірсуларға жатпайтын заттардан синтезделуі глюконеогенез деп аталады. Глюкоза катаболизмінің негізінде екі пируват молекуласы түзіледі, осы пируваттан глюкозаның түзілуі глюконеогенездің басты жолы болып табылады.
2.Көмірсулардың ыдырауы. Глюкозаның аэробты тотығуы-тыныс алу. Гликолиз, үшкарбон қышқылды цикл немесе Кребс циклі, тотыға фосфорлану немесе нағыз аэробты тыныс алу кезеңдері.
Көмірсулардың ыдырауы екі түрлі реакция негізінде жүреді: гидролиз жəне фосфоролиз. Крахмалдың немесе гликогеннің ыдырауы ауыз қуысындағы сілекейдің əсерінен басталады. Сілекейде α-амилаза ферменті болады. Ол бір полипептидтік тізбектен тұрады. рН 6,8, Са2+ ионы кофактор рөлін атқарады, ал хлор иондары ферменттің активтілігін арттырады. Осы α-амилазаның əсерінен крахмал ауыз қуысында декстриндерге ыдырайды. Сонан соң сілекеймен араласқан қоректік заттар өңеш арқылы асқазанға түседі. Асқазанда сілекейдің α- амилазасы өз əсерін тоқтатады, себебі асқазан сөлінің рН -1,5 - 2,5. Əрі қарай он екі елі ішекке түсіп, ұйқы безінің α-амилазасының əсерімен ыдырайды. Мұнан басқа ұйқы бездерінен бөлінетін сөлде амило-1,6- гликозидаза, олиго -1,6-гликозидаза ферменттері болады. Бұл ферменттер амилопектин мен гликогеннің 1→6 гликозидтік байланыстарын үзуге қатысады. Осы процестердің нəтижесінде түзілген мальтоза α-глюкозидаза ферментінің əсерімен тез глюкозаның екі молекуласын түзеді.
Глюкозаның аэробты немесе анаэробты жағдайда ферменттер қатысында екі молекула пируватқа (аэробты жағдайда) немесе екі молекула лактатқа (анаэробты жағдайда) дейін ыдырауын гликолиз дейді. Гликолиз ферменттер қатысында жүретін реакциядан тұрады. Бірақ жалпы реакцияны төмендегідей жазып көрсетуге болады:
аэробты жағдайда
С6Н12О6 + 2АДФ + 2Н3РО4 + 2НАД = 2СН3ССООН + 2АТФ +2Н2О+ 2НАДН•Н
немесе С6Н12О6 +38АДФ +38Н3РО4 → 6СО2 + Н2О + 38АҮФ
3.Глюкозаның анаэробты ыдырауы-ашу. Ашу мен тыныс алу арасындағы генетикалық байланыс.
...