Ген,цистрон,мутон,рекон туралы түсінік. Гендер классификациясы
Автор: kkb70 • Декабрь 9, 2018 • Лекция • 3,008 Слов (13 Страниц) • 4,646 Просмотры
1.Ген,цистрон,мутон,рекон туралы түсінік.Гендер классификациясы.
Ген дегеніміз нақты бір белгінің қалыптасуы мен дамуын бақылайтын,тұқымқуалаушылықтың элементарлық құрылымдық-функционалдық бірлігі.Мысалы көздің түсін немесе нақты бір ферменттің синтезін бақылайтын гендер.Америка генетигі С.Бензер генді функционалдық бірлік ретінде цистрон деп атауды ұсынды.Цистрон әр арнайы белоктағы аминқышқылдарының орналасу ретін анықтайды.Цистрон өз кезегінде өте кіші сызықтық өлшем бірлігі реконға жіктеледі.Рекон-рекомбинацияның бірлігі болып табылатын нуклеотид жұбы.Өзгеруге ұшырай алатын геннің ішіндегі мутация бірлігі – мутон.
Ген екі бөліктен тұрады:
1.Реттеуші учаске(транскрипцияның басталуын бақылап,оның жылдамдығы мен қарқындылығын реттейді)
2.Кодтаушы учаске(осы ген анықтайтын белок жайлы ақпарат жазылған болады,транскрипция жүреді)
Транскрипция басталатын нүкте немесе О сайты-транскрипция басталатын жерді көрсетеді,300-ге жуық нуклеотидтер жүйесінен тұрады
Транскрипция басталатын нүктенің сол жағында,реттеуші учаскеде орналасқан нуклеотидтер реті минус жүйелік;ал транскрипция басталатын нүктенің оң жағында,кодтаушы учаскеде орналасқан нуклеотидтер реті плюс жүйелік деп аталады.Реттеуші учаскеде орналасқан нуклеотидтер жүйесі:
Промотор-транскрипция кезінде РНҚ-полимеразамен байланысатын нуклеотидтердің арнайы жүйесі.Олар структуралық гендердің алдында немесе олардан екінші бір реттеуші нуклеотидтер жүйесі арқылы бөлініп орналасады.Кейбір гендерде промотор кодтаушы учаскеде,транскрипциялық бірліктің ортасында орналасқан болады.Оларды ішкі промоторлар деп атайды.
Операторлар-реттеуші белоктар байланысатын арнайы нуклеотидтер жүйесі
Энхансерлер-транскрипция жылдамдығын 200 есеге дейін арттыратын нуклеотидтердің арнайы жүйесі.Энхансерлер вирустар геномы мен эукариоттарда табылған.
Сайленсер-транскрипция жылдамдығын төмендететін нуклеотидтердің арнайы жүйесі.
Прибнов боксы-транскрипция басталатын нүктеден жоғары,солға қарай 10 жұп нуклеотидтік арақашықтықта ,прокариоттық гендердің промоторлық учаскесі ішінде орналасқан арнайы нуклеотидтер жүйесі.Оның құрамында -35 жүйелік (транскрипция басталатын нүктеден жоғары ,солға қарай 35 нуклеотидтер ретінен тұратын учаске)болады.Мұны танылатын жүйелік деп атайды.Оның құрамында 9 нуклеотидтен құралған консенсустық жүйелік болады.РНҚ-полимеразаның сигма суббірлігі алдымен осы жүйемен байланыс жасайды.Тағы бір маңызды учаске транскрипция басталатын нүктенің сол жағында А-Т нуклеотидтік жұптарға бай келетін -10 жүйелік .РНҚ-полимераза(кор ферменті) инициация сайтын танып,онымен байланысады.
Аттенуатор-структуралық гендердің алдында орналасып,транскрипцияның аяқталуы жайлы белгі беретін нуклеотидтер жүйесі
Терминаторлар-құрылымдық гендерден кейін орналасқан ,транскрипцияның аяқталғандығы жайлы сигнал беретін нуклеотидтер жүйесі.Гендердің ара-арасында ақпарат жазылмаған нуклеотидтер жүйесі-спейсерлер орналасқан.Оларда ДНҚ-ны байланыстырушы локустар-нақты белоктармен байланыс жасайтын арнайы нуклеотидтер кездеседі.Олар:а)ферменттік-ДНҚ-полимеразалық кешен;ә)реттеуші белоктар.
Эукариоттық гендердің промоторлық жүйелігінде 3 түрлі сайт орналасқан:
1.Голдберг-Хогнесс боксы немесе ТАТА бокс-транскрипция басталатын нүктеден солға қарай 20 жұп нуклеотидтік қашықтықта орналасқан,7 жұп нуклеотидке сәйкес келетін жүйелік.Ол транскрипциялық факторлар деп аталатын белоктардың көмегімен РНҚ-полимперазамен байланысады.
2.ЦААТ-бокс -транскрипция басталатын нүктеден жоғары, сол жағында 70-80 жұп нуклеотидтер аралығынан орын алатын ГГТ/АЦААТЦТ нуклеотидтер жүйесі .
3.ГЦ-бокс немесе ГГГЦГГ жүйесі-транскрипция басталатын нүктеден солға қарай 80-100 жұп нуклеотидтер аралығында орналасқан.ЦААТ және ГЦ боксы транскрипцияның жылдамдығы мен тиімділігіне әсер етеді.
...