Белоктар туралы түсінік, құрамы, молекулалық массасы, қызметтері
Автор: Сабитов Женис • Май 24, 2023 • Лекция • 5,696 Слов (23 Страниц) • 187 Просмотры
- Белоктар туралы түсінік, құрамы, молекулалық массасы, қызметтері.
Белок — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Ақуыз организмдер тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі және өте маңызды қызмет атқарады.
Белок – организмдегі заттардың ең күрделісі, ал оның элементтік құрамы айтарлықтай қарапайым болып келеді. Онда 50-55 % көміртек, 21-24 % оттек, 15-18 % азот, 6,5-7,5% сутек, 0,3-2,5 % күкірт, 1-2 % фосфор болады.
Ақуыз өршіткі, тасымалдау, қозғалыс, қорғаныштық, қабылдағыш, қоректік заттармен қамтамасыз ету қызметін атқарады. Белоктардың құрамы мен құрылысы өте күрделі. Молекулалық массалары жүздеген мыңнан миллионға дейін жетеді. Мысалы: инсулин– 35000, пепсин– 39000, гемоглобин– 68000, жұмыртқа альбумині – 40500. Олардың құрылымы бұзылса, денатурацияға ұшырап, организмдегі қызметін атқара алмайды.
Белоктардың биологиялық қызметтері.
Тіндердің жасушаларында бола отырып, көптеген функцияларды орындайды:
1. Қорғаныс. Иммундық жүйенің қызметі - бұл бөгде заттарды залалсыздандыру. Антидене өндірісі жүреді.
2. Тасымалдау. Әртүрлі заттардың, мысалы, гемоглобиннің берілуі.
3. Реттеуші. Гормоналды фонды сақтау.
4. Қозғалыс. Қозғалыстың барлық түрлері актин мен миозинді қамтамасыз етеді.
5. Пластикалық. Дәнекер тінінің жағдайы коллаген құрамымен басқарылады.
6. Каталитикалық. Бұл катализатор болып табылады және барлық биохимиялық реакциялардың өтуін жеделдетеді.
7. Гендік ақпаратты сақтау (ДНҚ және РНҚ молекулалары).
8. Энергетика. Бүкіл денені энергиямен қамтамасыз ету.
- Белоктардың классификациясы.
Пептидтік тізбектен басқа көптеген белоктарға аминқышқыл емес топтар да енеді, және осы өлшем бойынша белоктар екі үлкен топқа бөлінеді - қарапайым және күрделі белоктар. Қарапайым белоктар тек полипептидті тізбектерден тұрады, күрделі белоктарда аминқышқыл емес немесе протездік топтар болады.
Белоктардың барлығы екі топқа бөлінеді:
1. қарапайым белоктар – протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, гистондар, проламиндер, протаминдер);
2. күрделі белоктар – протеидтер (гликопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер). Бұлардың құрамында амин қышқылдарынан басқа заттар да болады.
- Нуклеопротеидтер, құрамы, құрылысы, маңызы.
Нуклеопротеидтер — нуклеин қышкылдарының белоктармен қосылуынан пайда болатын күрделі құрамалар. Құрамына кіретін нуклеин қышқылының түріне байланысты нуклеопротеидтер дезоксирибонуклеопротеидтер (ДНП) және рибонуклеопротеидтер (РНП) болып бөлінеді. Нуклеопротеидтерге жасушалардың хромосомалары мен рибосомалар жатады.
Нуклеопротеидтердің негізгі қызметтері:
- Генетикалық ақпаратты сақтау және іске асыру
- Белоктардың синтезін қамтамасыз ету
Нуклеопротеидтердің компоненттері. Нуклеопротеидтердің құрылымдық компоненттері ретінде нуклеин қышқылдары полинуклеотидті тізбектен құралған. Полинуклеотидті тізбектің құрылымдық бірлгі – мононуклеотидтер болып табылады. Әдетте, нуклеопротеидтер негізгі аминқышқылдарының (лизин, аргинин және гистидин) қалдықтарының жоғары пайызынан тұрады. Әрбір нуклеопротеидтің өзіне тән құрылымы бар, бірақ олардың барлығында осы типтегі аминқышқылдары бар.
- Белоктар. Жәй белоктар, өкілдері.
Жай белоктар гидролиздеу кезінде тек аминқышқылдарына ғана ажырайды. қарапайым белоктардың негізгі өкілдері:
...