Жұлын
Автор: Сымбат Ералы • Октябрь 12, 2021 • Реферат • 443 Слов (2 Страниц) • 617 Просмотры
Жұлын
Жұлын - medulla spinalis - омыртқа бағанасының өзегінде жатады , адам мен омыртқалы жануарлардың омыртқа жотасының ішінде орналасқан орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі.
Жұлын адамда ауыз омыртқаның жоғарғы тұсынан басталып, 1-, 2-бел омыртқаларына дейін жетеді. 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1 – 3 құйымшақ бунақтарынан (сегменттерінен) тұрады.
Жоғарғы шекарасы - бірінші омыртқаның жоғарғы жиегі.
Төменгісі - екінші бел омыртқаның жоғарғы жиегі немесе бірінші бел омыртқасы.
Жүлынның төрт бетін:
- кішкене жалпайған алдыңғы
- кішкене шығыңқы артқы
- дөңгелек екі бүйір бетін ажыратады.
Жұлынның ұзындығы ересектерде 40- 45 см, ені 1-1,5 см, салмағы 30 г-дай тұраксызданады.
Жұлын нервтерінің таралу жерлері бойынша жұлынды төрт бөлікке бөлеміз :
- Мойын бөлігі, pars cervicalis
- Кеуде бөлігі, pars thoracica
- Бел бөлігі, pars lumbalis
- Сегізкөз бөлігі, pars sacralis
Жүлынның ақ жэне сұр заты
Жұлынның көлденең кесіндісінде ақ жэне сұр заттың орналасу қатынасы көрінеді. Жұлынның сұр заты көбелек немесе Н пішіндес, орталык бөлікте орналаскан. Ақ заты сүр заттың айналасында, жұлынның перифериясында орналасады.
Жұлынның ақ заты
Жұлынның ақ заты, substantia alba теdullae spinalis - өзінің негізгі салмағымен әртүрлі ұзындықтағы жэне нерв талшықтарының миелинді және миелинсіз қалыңдықтағы, тірегіш нерв тіні - нейроглия, сонымен қатар дәнекер тінімен қоршалған кантамырлар күрделі жүйесі ретінде-қарастырылады.
Жұлынның әрбір жартысында көрсетілген бойлық жүретін саңылау жэне үш жулге, тек sulcus intermedius posterior емес, эрбір жартының ақ затының үзындығын үш жіпшеге, funiculi medullae spinalis, немесе будаға, fasciculi, шектейді.
1. Алдыңғы жіпше, funiculus anterior, алдыңғы орталык саңылаумен және алдыңғы бүйір жүлгемен шектелетін ак заттың бөлігі немесе жүлын нервісінің алдыңғы түбіршігінің шығу сызығы;
2. Бүйірлік жіпше, funiculus lateralis, алдыңғы бүйір жэне артқы бүйір жүлгелер арасында;
3. Арткы жіпше, funiculus posterior, артқы бүйір жэне артқы орталык жүлгелер арасында.
...