Махамбет Өтемісұлының
Автор: nagymaizbasarova • Декабрь 7, 2018 • Биография • 531 Слов (3 Страниц) • 761 Просмотры
Мектеп оқушылары арасында Махамбет Өтемісұлының шығармаларын, күй-термелерін кеңінен насихаттау, жас ұрпақты өрлік ақын мұрасын терең игеріп, танымдық мәнін меңгеруге талпындыру, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, сонымен қатар балаларды Махамбет шығармашылығы арқылы ұлтжандылыққа, елсүйгіштікке тәрбиелеу, дарынды жастарды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауды мақсат еткен Іле аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Комсомол ауылы, № 31 орта мектебінде “Махамбет оқулары” байқауы өткізілді. Байқауға Іле ауданы бойынша жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 5-11 сыныптарының оқушылары қатысты.
«Ел құтқарар ер едім…» деп аталатын байқаудың бірінші турында Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа мәнерлеп оқудан сайысқа түссе, «Ұлы арман» – Махамбеттің күйлерін, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерді орындаушылар қатысып, «Тартынбай сөйлер асылмын» жас дарындар сайысына қатысуға ниет білдірген жас ақындар ақынға арнаған өз шығармаларын орындайды.
Бұл байқауға қатысуға ниет білдірген оқушылардың жұмыстары алдын-ала ұйымдастыру алқасына тапсырылды. Аталған кезеңдер бойынша әділ бағасын беріп, мыңнан тұлпар, жүзден жүйріктерді анықтайтын әділ қазылар алқасыболды. Байқаудың қазылар алқасы үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениеті мен сахналық костюміне баса назар аударды. Сөйтіп сайыс қорытындысы бойынша шығармалар байқауынан І тур «Ел құтқарар ер едім…» деп аталатын бөлімі бойынша бас жүлдеге Ақши ауылы, «Т.Бокин атындағы № 41 орта мектебінің» 7 «А» сынып оқушысы Құралбай Гүлнұр ие болды. Гүлнұр Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа 124 өлеңін мәнерлеп оқыды. ІІ тур «Ұлы арман» – Махамбеттің күйлерін, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерді орындауда № 36 орта мектебінің 8- сынып оқушысы Нұрлыбеков Бейбарыс бас жүлдеге ие болса, ІІІ тур бойынша «Тартынбай сөйлер асылмын» жас дарындар сайысына № 9 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ергешбаев Нурабылла қол жеткізді. АӘК әдіскері Байгозова Раушан Ембергеновна жеңімпаз оқушылар мен олардың жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нағима Избасарованы, Гүлнар Дуванбева мен Ж.Мұхатаеваны құттықтап, шығармашылық табыс тілеп, жылы лебізін білдірді. Осы аталған оқушылар Алматы облысы, Талдықорған қаласында №5 лицейде өтетін облыстық «Махамбет оқуларына» жолдама алды. Облыста 22.04.2017ж. өткен сайыста І тур бойынша №41 орта мектебінің 7 «А» сынып оқушысы Құралбай Гүлнұр Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Фариза Оңғарсынова шығармаларын 126 өлеңін жатқа мәнерлеп оқып, өзінің дарындылығымен көзге түсіп, І дәрежелі дипломға ие болды. ІІІ тур бойынша «Тартынбай сөйлер асылмын» жас дарындар сайысына № 9 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Нурабылла ІІ дәрежелі диплом иегері болды. Жеңімпаз оқушылар бағалы сыйақылармен марапатталды. Бас жүлде алған киелі Ақши ауылының Т.Бокин атындағы № 41 орта мектебінің дарынды оқушысы Құралбай Гүлнұр Республика аумағында өтетін «Махамбет оқулары» байқауына жолдама алды. Оқушымызға осы байқаудан да сүрінбей өтсін, ауылымздың, ауданымыз мерейін асқақтатып, көк туымызды биікте желбірете берсін деген тілек білдіргім келеді.
...