Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Абайхан Рахманбердіұлының «Глазурь» немес «Ою-өрнек» әдісін қолдану сәті

Автор:   •  Июль 3, 2019  •  Курсовая работа  •  3,552 Слов (15 Страниц)  •  733 Просмотры

Страница 1 из 15



КІPІCПЕ

Зерттеу жұмысының мақсаты. Тақырып тарих-мәдениет ғылымындағы археологиялық-өнертанулық мұра мәселелерін шешу қажеттілігінен шыққан. Ортағасырлық заттай мәдениетіндегі қыш қолөнерінің рөлін, оның мәдениеттер сабақтастығындағы мағынасын анықтайды. Тақырыпты зерттеу барысында автор алдына қойылған мақсат: Орталық  Азия мәдениетінің бір бөлігі болып табылатын ежелгі түрік қағанаттары иелігіндегінде болған Қазақстан аумағының мәдениетіндегі қыш қолөнерінің даму үдерісін бақылау. Мәселеге осылай қарау бізге аймақтағы тарихи-мәдени үдерістің жалпы заңдылығын анықтайды және қолөнер мәдениетінің ерекшелігі мен орны жөніндегі сұраққа жауап береді, әрі әлеуметтік-экономикалық үдерістің әртүрлілігі мен ескерткіштің заттай және қазіргі рухани мәдениетін көрсетеді.

Курстық жұмыстың зерттеудегі тақырыптың өзектілігі: Қыш қолөнерін зерттеу Қазақстан тарихында ыдыс жасау өндірісінің тарихи даму көрінісін түсінуге, замануаи жағынан тануға мүмкіндік туғызады.

Тақырыпты зерттеудегі жұмыста қарастырылған жаңа міндеттер:

Қазақстанның ортағасырлық мәдени мұраларын насихаттау мен сақтауда өзекті болып табылады.

Жұмыстың мақсатына сай бірқатар дәйекті міндеттер қойылды:

– керамикасының мерзімделуіне қарай кезеңдеу мәселесіне шолу жасау;

– VІ–ХІІІ ғ. басы аралығындағы өңірдегі қыш өңдірісінің даму үдерісін, сонымен қатар оған әсер еткен факторларды айқындау;

– қыш бұйым жасауға жарамды саздың қасиетін, бұйым жасау технологиясын, сырлы ыдыстардың сырының химиялық құрамын анықтау және саздан жасалған бұйымдарды кептірудің, күйдірудің әдістерін ортағасырлық керамикалар арқылы сараптау;

– қыш бұйымдардың атаулары туралы зерттеушілердің қолданып жүрген терминдеріне шолу жасау және көне түркі жазба деректерінде кездесетін қыш бұйымдар атауына тоқталу;

– мәдени өмір қағидасы мен құндылығын көрсететін археологиялық және тарихи деректер болып табылатын өңірдегі ежелгі түрік қағанаттарының, яғни ерте және дамыған ортағасырлық қалалық мәдениеттің қызметтік элементін қыш бұйымдар арқылы айқындау;

– халықтардың мәдени мұрасын насихаттайтын қордаланған бай қыш

бұйымдарды ғылыми айналымға енгізу.

Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы:

–  VІ–ХІІІ ғ. басы аралығындағы өңірдегі керамика мен көзе өндірісінің дамуына түрткі болған саяси-экономикалық жағдайлар қарастырылған;

– ортағасырлық қалаларды зерттеушілердің қыш ыдыстардың атауына байланысты мәселелеріне тоқталған және көне жазба деректерінде кездесетін бірнеше ондаған атауларын салыстырмалы түрде берген;

Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Зерттеу нәтижелері ортағасырлық қалалар мен қоныстардың көзе өндірісі мен қолөнерініндегі көркемдік шеберлік туындысы жөнінде қорытынды еңбек пен оқулықтар жазуда, жоғары оқу орындарына арнайы дәрістерді оқытуда, түрлі маңыздылықтағы көрмелер ұйымдастыруға пайдалануы мүмкін.

І Қазақстан аумағындағы алғашқы қыш жәдігерлері

Қазақ жері саз балшыққа бай, оны суға араластырып илеп, алуан түрлі пішінге келтіруге болады. Кептіріліп, күйдірілгеннен кейін қатаяды да, сол қалпын сақтап қалады. Саз балшықтың осы қажетін аңғарған адам баласы одан әрі алуан бұйымдар жасай бастаған. Ежелгі адамдардың құмырашы (көзеші) ұршығын ойлап табуы адамзат өркениетін дамыту жолындағы керемет жетістіктердің бірі болып табылады.

Қазақстан аумағындағы алғашқы қыш ыдыстары б.д.д V мыңжылдықтың орта шенінде неолит дәуірінен бастау алған. Бұл ежелгі адамдардың өнім өндіруге бет алған, мал шаруашылығымен қатар егін егуді де қолға ала бастаған ұлы өзгерістер заманы болатын, Осы кезеңдерде адамдар балшықтан ыдыс жасап, отқа күйдіруді, олардың сыртына кертіп өрнек салуды үйрене бастады.

...

Скачать:   txt (51.7 Kb)   pdf (671 Kb)   docx (504.8 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club