Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ахмет Байтұрсынұлының философиялық дүние танымы

Автор:   •  Март 1, 2020  •  Реферат  •  1,841 Слов (8 Страниц)  •  1,787 Просмотры

Страница 1 из 8

Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы

Әлуметтік –гуманитарлық пәндер кафедрасы

       БӨЖ

Тақырыбы:Ахмет Байтұрсынұлының философиялық дүние танымы.

Орындаған:Музапбар  А.

тобы :ФӨТҚА 201

Қабылдаған :Кемелбеков Қ.

                                 Жоспар

  1. Кіріспе..........................................................................................................................2
  2. негізгі бөлім.................................................................................................................3

2.1А.Байтұрсынұлының атқарған қызыметі.................................................................4

2.2А.Байтұрсынұлың философиялык дуниетанымы................................................5-7

  1. Қорытынды................................................................................................................8
  2. Қолданылған әдибиет..............................................................................................9

                                                  Кіріспе

                Ахмет Байтұрсынұлы - мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. . Ахмет Байтұрсынұлының азан шақырып атын қойған – атасы Шошақ. Ол 1873 ж. он бесінші қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген. Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. Оның үш бөлімнен тұратын «Тіл – құрал» атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы  морфологияға арналған бөлімі 1914 ж синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Ол  А. Пушкин, М. Лермонтов, Ф. Вольтер, С. Надсон өлеңдерін қазақшаға аударды.. Байтұрсынұлының хоббиі – қолына фотокамера ұстап, өз дәуірінің сан алуан қайталанбас тылсым сәтін қаз-қалпында суретке тарту болған екен.  жылдың маусымында, Ахмет Байтұрсынұлы Қызылордаға барған сапарында тұтқындалып, Архангельск облысына жер аударылды. 1937 жылдың қазан айында қайтадан тұтқындалып, екі айдан соң «халық жауы» деген айыппен атылады.

                                   

                       

                                    Негізгі бөлім

2.1А.Байтұрсынұлының атқарған қызыметі

            Байтұрсынов 1917 ж.революциядан кейін өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған алаш қозғалысына тікелей араласып, «Қазақ» газеті арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды. Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды және Екінші жалпықазақ съезінде Оқу-ағарту комиссиясы төрағасы болып сайланды. 1919 ж. наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге барды. Сол жылы сәуірде Байтұрсыновтың ықпалымен Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. 1920 - 21 ж. Қазақ АКСР халық ағарту комиссары қызметінде болды. 1926 - 28 ж.Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 ж. Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. 1929 ж. екінші маусымда  Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге тұтқынға алынып, Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. 1930 ж. төртінші сәуірде ату жазасына кесілді. Бұл шешім 1931 ж. қаңтарда он жылға концлагерге ауыстырылды. 1934 ж. Максим Горькийдің жұбайы Елена Пешкованың көмегімен Байтұрсынов мерзімінен бұрын босатылып, отбасымен Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарды. 1937 ж. сегізінші қазанда тағы да қамауға алынып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды; Ахмет Байтұрсынов Алматы қаласында 1938 ж. сегізінші желтоқсанда қаза тапты.Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсыновтың алғашқы кітабы - «Қырық мысал» 1909 ж. жарық көрді. Қазақ әдебиетінде Абайдан басталған жаңа арна - мысал жанры Байтұрсыновтың «Қырық мысалымен» орнығып, ұлттық сипат алды. Оның мысалдары әлеуметтік-қоғамдық жағдайды меңзейтін оқиғалардың, адамдар психологиясынан хабардар ететін ғибратты тұжырымдардың молдығымен ерекшеленеді.

...

Скачать:   txt (22.4 Kb)   pdf (166 Kb)   docx (238.8 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club