Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Абай Құнанбайұлының

Автор:   •  Ноябрь 23, 2019  •  Биография  •  2,089 Слов (9 Страниц)  •  519 Просмотры

Страница 1 из 9

           Дала философы, түз ақыны атанған дана ақын Абай Құнанбайұлының дүниеге келгеніне биыл 175 жыл толып отыр. Ыбырай Алтынсариннен соңғы халық ағартушысы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаевтардан бұрын «оян,қазақ» деп тіл қатқан халық данасы өмірінің соңына дейін халқын, қазақтарды еңбекке, өнер-білімге шақырды. Сан жылдар өтсе де ақынның шығармаларын оқи отырып адам болудың сырын, кемелдікке жетудің жолын, халық өмірінің көкейкесті мәселелеріне жауап таба аламыз.  Заман өзгеріп, жылдар көшсе де бұл жауаптың, бұл тапқырлықтың  мәні мен маңызы ешқашан өзгермек емес. Абай атамыз жас ұрпаққа үміт артты, олардың жүрегін ашуды мақсат тұтты, ескілікпен күресті. Біліммен қаруланған адамды жоғары қойды, олармен араласқанын мақтан тұтты. Адам білімді болуы үшін ең алдымен еңбексүйгіш, алдыға қойған мақсатына жету үшін табанды, кішіпейіл, мейірімді болып, надандық, кержалқаулық, өтірікке салыну секілді кеселдерден аулақ болуы тиіс деді.    

                Негізгі бөлім.       «Ақынның дүниетанымының өзегін философиялық дискурстегі өлеңдеріннен көреміз. Абайдың шығармаларына арқау болған негізгі тақырып – әрбір жеке адамның ішкі әлемін қалыптастыру, жетілдіру, кемелдікке ұмтылдыру. Бұл ілімді А.Темірболат және Н.Кенжеғараев Ясауидың сопылық ілімімен байланыстырады: «Ясауи ілімі-сопылық дүниетанымға негізделген. Басты ұстанымы ғашықтық, мұраты – Алла. Гносеологиялық құрылымы Алла мен адам (жүрек) арасындағы тылсымға негізделген эпистемиологиялық жүйеден тұрады. Бұл ілім дін терминологиясында «хәл ілімі», батин (ішкі ілім) немесе ладунни (терең) ілім деп аталады. Абай айтқан «терең ой» осы Ясауи ілімінің негізгі ұстанымы болып табылатын «ішкі-басират» көздің ашылуына негізделген». «Бес асыл іс» категориялары да сопылықпен байланысты қаралады». Бһһһһһһһһһһһһһһһ              

          Кейбір ғалымдар өлеңдегі бес асық пен бес қашықтың түп негізін шығыс ойшылдарымен сабақтастырады. Осы негізде аталмыш өлеңінде мадақтай танытқан ойшылы Жүсіп Қарабағидің «Рисала» атты еңбегінде берілген «жанның тамағымен» байланыстырады. «Жанның тамағы» шығыс ойшылының еңбегінде екіге бөлініп жіктеледі. Абай шығармашылығында ол - жанның қуаты арқылы сыртқы объективті дүниеден біртіндеп жинақтаудан қордаланған рухани қазына. Жанның пайдалы тамақтары есебінде талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымды жатқызылса, адамды адамшылық қасиеттен мақрұм ететін, жанның зиянды тамақтары деп өсек, өтірік, мақтаншықтық, жалқаулық, бекерден мал шашуды атайды.

          Ал «Абайтану» атты жинақтың  оныншы томында бес асыл істің шығу төркінін Ғұламаһи Дауаниден таратып айтады. Бірақ әрі қарай оқысаңыз «Абайдың бұл сөзін Дауаниге немесе басқа бір ғұламаға апарып телу дұрыс бола алмайды» деп жазады. Иә, келісеміз. Егер бұл ұғымдарды бір ғана ғалым, ғұламаға таңсақ, осыған дейінгі философиялық толғауларды жоққа шығарған болар едік. Себебі, адам болу туралы Аристотель де, әл-Фараби де, Анақарыс та айтып кетті. Солардан келе жатқан ойды Абай атамыз неге түсінбей қалды? Түсінді. Түсініп, бізге ақындық пайыммен саралап жеткізді. Пайдасына жаратты.

          Қазақ халқын прогреске жетелеп, «Түзетпек едім заманды» деген ойшыл ақын жас ұрпақты дәуір талабының деңгейінде тәрбиелеуді мақсат тұытып, белсенді әрекет еткен. Осы негізге адам болу үшін әрбір жастың бойында болуы тиіс қасиеттер жайында өзінің «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінде санамалап, саралап айтып береді. Толық адам немесе инсанияттық кәмеләттығы туралы  даналық ойлар мен танымының басты ұғымдары қамтылған.

       «Ғылым таппай мақтанба» - поэтикалық мәтіндегі әлемнің концептуалдық бейнесін тану жолындағы адам баласының тіршілік мәнін іздеудегі жолына нұсқаушы.   Абай атамыздың ұстанған жолы – «адам болам десең» жастық шағыңды құры бекер өткізбей, надан болмай, бала кезден ғылымға көңіл бөліп ізден, оқы, үйрен.

...

Скачать:   txt (23.3 Kb)   pdf (64.6 Kb)   docx (13.7 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club