Биотехнологиялық ғылымның жетістіктері
Автор: Aidana98 • Февраль 1, 2018 • Реферат • 1,073 Слов (5 Страниц) • 7,095 Просмотры
Еуразия Технологиялық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы:Биотехнологиялық ғылымның жетістіктері
Орындаған: Байтаулова А.
“Экология” ІІ курс
Тексерген: Даулетбаева М.
Алматы 2017 жыл
Жоспар:
І.Кіріспе
1. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері
2. Биологиялық препараттарды енгізу арқылы жүргізілген дәлелдеулер
3. Жасалған биопрепараттарды енгізу
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Биотехнология ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Биологиялық және техникалық ғылымдар саласындағы генетикалық және жасушалық инженериядағы осы заманғы жетістіктерінің негізінде адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін жасалынған тірі жүйелердің (ең алдымен микроорганизмдер) әлеуетті мүмкіндіктерін пайдалануға болады. Биотехнологиялық өнімнің көмегімен қазіргі кезде және болашақта стратегиялық тұрғыда өндірістік-технологиялық,экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу көзделіп отыр.
Соңғы он жылдықта биологияда болған өзгерістер биотехнологияның дамуының қағидалы жаңа бағыттарын ашты,өндірісте биологиялық үдерістерді қолдану шектерін кеңейтті және “осы заманғы биотехнология” деген жалпы атауымен біріктірілген жаңа бағыттардың пайда болуына әкеліп соқты. Биотехнология жаңалықтарының күннен-күнге қанат жаюына молекулалық биология және генетика салаларының жетістіктері де жатады. Қазіргі кезде осы салалардағы зерттеулердің нәтижесінде адамзат ауыл шаруашылығында және медицинада көптеген жетістіктерге жетті. Генетика селекцияның теориялық негізі ретінде танылады.
ХХ ғасырдағы генетика және молекулалық биологиядағы ашылған ғылыми жаңалықтары өсімдіктер селекциясында және жануарлардың жаңа тұқымын шығаруда жаңа будандастыру түрлері мен тәсілдерін қолдануға әкелді.
Селекция салаларында биотехнологияның дамуы ХХ ғасырдың 60-жылдары көбінесе,көбейту технологияларынан (микроклондау,клондау,жасанды ұрықтандыру,ұрықтарды in vitro жағдайында өсіру және т.б.) тұрса,70-жылдардан бастап,сомалық жасушаларды будандастыру,экстрокорпоральды ұрықтандыру,гермаплазма мен жыныс жасушаларын төменгі температурада сақтау,рекомбинанты ДНҚ құрастыру тәсілдерімен ұштастырылды. Сонымен,молекулалық биотехнология 1970 жылдары жаңа ғылыми сала ретінде рекомьинанты ДНҚ және кәделі микробиологиялық өндірістің тоғысында пайда болды.
Рекомбинантты ДНҚ технологиясы инсулин,қан ұю факторы,өсу гормоны,интерферон гендерін көбейтуге әкелді. Көптеген гендер бөлініп алынып,векторға ауысырылды және белок синтездеуші қожайын жасушаларына ендірілді. Соның нәтижесінде бүгінгі күні ДНҚ технологиясы көмегімен бізге қажетті барлық организмнің гендерімен манипуляция жасауға мүмкіншіліктер бар.
Қазақстанда Жер шарындағы топырақ түрлерінің түгелге жуығы дерлік кездеседі, сондықтан да, елімізде аграрлық секторды дамытудың мүмкіндіктері мол. Мемлекеттік саясат та аграрлық саланы дамытуға арналған жаңа технологияларды енгізуді өз бағдарына алған. Алайда, Үкіметтің белсенді қолдауына қарамастан Қазақстанның кейбір өңірлерінде топырақтың жарамдылығы төмендеп, егістік өнімдері жылдан-жылға азайып бара жатқанын байқауға болады, яғни, біз, қарапайым шаруалар, диқандар топырақ микробиологиясының әлеуетіне арқа сүйеуіміз керек.
Бұл орайда Ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған «Қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығына арналған «Казбиосил», «Ризовит-АКС», «Бакойл-KZ» биопрепараттардың технологиясын жасау және өндірісін ұйымдастыру» жұмыстары.
Биология ғылымдарының докторы, профессор А.Саданов бастаған бір топ авторлар – С. Айткелдиева, Н.Гаврилова, И.Ратникова, У.Ыдырысова, В.Кан, Е.Шорабаев бірнеше жылдардан бері зерттелген іргелі ізденістерінің нәтижесін қолданбалы практикаға жалғастыруы арқылы өндіріске бұршақ тұқымдас дақылдардың өнімін арттыратын «Ризовит-АКС», мал азықтарын сүрлеуге арналған «Казбиосил», мұнай және мұнай өнімдерінің қалдықтарымен ластанған топырақтарды тазартуға арналған «Бакойл–KZ» атты бірқатар биологиялық препараттарды енгізу арқылы дәлелдеп отыр.
...