Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саяси ғылымның қалыптасып дамуының негізгі кезеңдері

Автор:   •  Октябрь 15, 2019  •  Реферат  •  2,182 Слов (9 Страниц)  •  1,162 Просмотры

Страница 1 из 9

Қарағанды медициналық интерколледжі

Тақырыбы: «Саяси ғылымның қалыптасып

дамуының негізгі кезеңдері»

Орындаған: Муханова Қ.

Тексерген: Байдүйсенова М.К.

Қарағанды 2019

Латын тілі туралы мәлемет

Жоспары:

  1. Латын тілі және оның қысқаша тарихы
  2. Архаикалық дәуір
  3. Классикалық дәуірге дейінгі дәуір
  4. Латын тілінің «алтын дәуірі»
  5. Латын тілінің «күміс дәуірі»
  6. Латын тілінің соңғы ғасыры
  7. Қайта жаңғыру - латын тілі терминологиясының дәуірі
  8. Латын тілінің қазіргі замандағы орны

Ветеринария саласында латын тілін үйренудің бірден бір мақсаты -ол болашақ латын терминологиясына сауатты мал дәрігерін дайындау. Қазір латын тілі «өлі» тілге жатқанымен, біздің күнделікті тіршілігімізде латын жәнегрек терминологиясын кеңінен қолданатынымыз белгілі. Мысалы: ректор, декан, доцент, ассистент, институт, факультет, аспирант, лаборант, студент, диссертант, аудитория, конкурс, аппетит, прогресс, рeгресс, питиция, обсерватория, резерв, стиль, орнамент. Бұл сөздер біздің қолданып жүрген терминдеріміздің аз ғана бөлігі деп айтуға болады. Латын тіліндeгі афориздер мен мақал-мәтелдер тыңғылықты бір ойды, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіреді. Бұл афоризмдер біздің заманымыздан бұрын және одан кейін өмір сүрген атақты ғалымдар, философтар, ақындардан қалған аманат. Кейбір афоризмдер медицина мен ветеринарияда деонтологиялық (деон - міндет, логос - білім) міндетті заңдылықтарға ие. Мысалы: Medice, aegrotum, sed nоn morbum – дәрігер, ауруды емес, ауырған жанды емде, немесе Primum non nocere - ең алдымен зиян келтірме.

Латын тілі үнді еуропалық топтың ең көне тілдерінің бірі. 

Латын тілі Апеннин жарты аралында көне Лаций (қазір Лацио) мекенінде орналасқан Latini тайnасының атынан шығып отыр. Аңыздарға қарағанда біздің заманымыздан бұрынғы 753 жылдары осы аралда ағайынды Ромул және Рем Рома (Рим) мемлекетін көтерген. Рим мемлекетінің шапқыншылық басқыншылықсаясатының арқасында оның шекарасы барған сайын кеңейіп, Жерорта теңізінің бассейінінде ғана емес, жақын жатқан жерлердің бәрін бағындыруының арқасында Рим мемлекетінің шекарасы үлкейіп, отарланған елдеріне латын тілінің де ықпалы жүре бастады. Бірақ, осыған қарамай, б.э.д. 146 жылдары өзі бағындырған Греция жеріне латын тілінің әмірі жүрмеді. Керісінше, Греция және Шығыс елдерінде латын тілі тарихы тереңде жатқан, мәдени деңгейі биік жергілікті тілдерді бағындыра алмай, эллин (грек) мәдениетінің ықпалына енді. Рим империясында грек философтары, дәрігерлері, жазушылары дәріс оқыды. Сауатты римляндықтар міндетті түрде грек тілінде сөйлескен мектептерде грек тілін оқытты, өйткені грек тілі ғылымның көп саласына жол ашты. Сөйтіп, грек тілі латын тілінің қойны-қонышынан бірақ шықты. Кірме грек тілі латындандырылды 54 және латын әліпбесінің кеңеюіне алып келді. Латын әліпбесіне Y (ипсилон) және Z (зета) дeген екі әріп қосылды.

Латын тілі тарихында келесі кезеңдер көрініс береді:

Архаикалық кезең (б.э.д. 650-480 жылдары) осы заманнан қалған қолжазбалардан дерек береді. Б.з.б. IV ғасырда өмір сүрген Аристотель жануарлар және өсімдік әлемін қорытындылауға тырысқан, ал оның оқушысы Феофраст (IV—III б.з.б.) өсімдіктердің құрылысы және көбеюі туралы трактат жазып қалдырған.

Классикаға дейінгі кезең (б.э.д. 3 және 2 ғасырларда) - әдеби латын тілінің аяққа тұру қезеңі болып саналады. Бұл заманнан Теренция мен Плавтаның комедиялары, Энния мен Невияның поэзиялары, Катонның «Жер игеру» туралы трактаты хабар береді.

Латын тілінің ең жоғары биігіне жеткен кезеңі, бұл б.з.б. I ғасырда император Августың билік құрған кезеңі - «Алтын кезең». Алтын немесе классикалық кезең, латын тілінің грамматикалық, синтаксикалық және стилистикалық мәресіне жеткен кезеңі. Бұл заманның көрнектілігін шыңырау биігіне жеткізген Цицерон, Цезарь сияқты жазушылар, Вергилий, Гораций және Овидий сияқты ақындар болатын. Ғалым Диоскорид (б.э.д. I г.) 400-дей өсімдік туралы мағлұмат беріп кеткен.

Соңынан көптeген жануарлар мен өсімдіктердің аты латындандырылып, зоологиялық және ботаникалық номенклатураға енгізілді. Көне Римде табиғаттану ғылымына философ Лукреций Кар (б.з.б. 1 ғ.) «De rerum natura» («Заттардың-табиғаты туралы») поэмасымен, натуралист Плиний Старший (б.з.б. I f.) «Historia naturalis» («Естественная история») атты ғылыми еңбeгімен, энциклопедист Авл Қорнелий Цельс (б.з.б. 1 ғ.) «De medicina» («Медицина туралы») атты сeгіз томдық қолжазбасымен латын тілінің қорына өшпес із қалдырды. Латын тілінің алтын дәуірінің ең жарқын қөрінісі — Вергилийдің Гомерге еліктеп жазған Енеида жыры. Соған ұқсас үрдістерді Горацийдің шығармаларынан байқауға болады: оның одалары мен сатиралары грек үлгілерімен жазылған. Овидий де сол сияқты мифологиялық тақырыптарға көлемді жырлар жазған. Ол «Махаббат өнері» (Ars Amatoria) деп аталатын жырдың да авторы. Тибулл мен Проперцийлер де грек үлгілеріне нeгізделген шығармалар жазды.

...

Скачать:   txt (30.3 Kb)   pdf (364 Kb)   docx (179.2 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club