Тіл білімінің ғылымның әр түрлі салалармен байланысы
Автор: Sagynyshym • Октябрь 25, 2018 • Реферат • 610 Слов (3 Страниц) • 1,297 Просмотры
Тіл білімінің ғылымның әр түрлі салалармен байланысы .
Тіл білімінің әр түрлі ғылымдармен байланысын жете түсіну үшін, оның қоғамдық ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдарының әр түрлі салалармен байланысының әр қайсысына анайы тоқтау қажет.
1) Тіл білімінің әдебиеттану ғылымы филология ғылымдарының құрамына енеді. Білімнің бұл екі саласы бір-бірімен ертеден бері байланысты. Ақын-жазушының творчествосын зерттеу оның шығармасының тілі мен етилін зерттеуді қамтиды, өйткені «тіл-әдебиеттің бірінші элементі» (М.Горький). Лингвистер тілді зерттеуде әдеби шығарманың тіліне назар аудармай тұра алмайды, өйткені әдеби шығарма лингвистер үшін құнды материал болып саналады. Тіл білімінің стилистикасы деп аталатын саласы әдебиеттану ғылымымен өте тығыз байланысты болады.
2) Тіл білімінің философиямен тығыз байланысты. Тіл білімі біріншіден философиямен, методологиялық қағидалар жағынан байланысса, екіншіден зерттелетін ортақ проблемалары жағынан жақындасып байланысады. Тілдің мәні, оның таңбалық сипаты, тілдің шығуы мендамуы ойлау мен тілдің ара қатысы және т.б. проблемаларды зерттеп шешу үшін, философия тіл біліміне бағыт-бағдар сілтейді, аталған проблемаларды шешудің принципін белгілейді. Адамның ойлау тіл формасы түрінде іске асатын болғандықтан, филасофия адамның ойлау процесі, анығырақ айтқанда, өзін қоршаған дүниені адамның тану процесі тілде қалай көрінеді деген мәселені ескерусіз қалдыра алмайды. Идеалистік көзқарастағы философтар мен лингвистер Гумбольдт, Фосслер, Вейегербер, Уорв сематикалық философияның өкілдері. Жалпы тіл білімі тіл туралы ғылымның бір саласы болып саналса, тілдің философиясы философия ғылымдарының бір саласы болып саналады да ортақ проблемаларды бірлесе зерттейді. Сондай-ақ тілдің ойлауға қатысты туралы мәселе де жалпы тіл білімі мен тілдің философиясына бірдей қатысты басты проблемалардың бірі болып саналады. Осындай проблема тіл философиясында да, жалпы тіл білімінде де қарастырылады, сөйтіп тіл мәнінің проблемасы тіл философиясы мен жалпы тіл біліміне ортақ болып табылады.
3) Тіл білімі,әсіресе, логикамен тығыз байланысты. Тіл білімі мен логиканың байланысы ғылымның бұл екі саласында зерттелінетін құбылыстардың өзара байланысынан келіп туады. Логика –ойлаудың заңдары мен ой формалары туралы ғылым. Ал ойлау, әдетте, тіл арқылы көрінеді, тіл арқылы жарыққа щығады. Логикада ойлау заңдары, ойдың формасы мен құрлысы зерттелінсе, тіл білімінде тілдің заңдары мен құрлысы, тілдегі әр түрлі формалар мен құрылымдық элементтер зерттелінеді.
...