Ғылымның жаһандық мәселелерді шешудегі орны
Автор: Adilgazi Kereev • Февраль 5, 2018 • Реферат • 2,273 Слов (10 Страниц) • 6,465 Просмотры
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕГІ ОРНЫ
Жұмысты орындаған: «Мәдениеттану -6М020400» мамандығының магистранты Кереев Ә.Б
Алматы -2017 жыл
Тақырыбы: ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕГІ ОРНЫ
Жоспары:
Кіріспе:
Сциентизм мен антисциентизмның сипаттамалары
және бағыттары
Негізгі бөлім:
Ғылымды феминистік сынға алу орны
Өндірілген заттар қалдықтарынан туындаған жаһандық проблемалар және демографиялық дағдарыс
Қортынды:
Жаһандық экологиялық дағдарысты шешудегі
ғылымның орны
Кіріспе
Сциентизм мен антисциентизмның сипаттамалары
және бағыттары
ХХ ғасырдың басында ғылым өзін адам өркениетінің дамуының ең жоғарғы құндылығы ретінде танытуға тырысты. Сциентизм (латынша Scientia- білім, ғылым) мәдени дүниетанымдық үлгі ретінде танып, өз жақтастарының алдында тәуелсіз үлкен ғылыми идеологиясы ретінде көрінді. Ол негізгі бағытты нақты және техникалық ғылымдар әдістеріне бұруды жөн деп санады және ғылым белгілері адам өмірінің барлық салаларына тарайды деп санады. Сциентизммен бірге оның қарама-қарсы идеялы бағытын ұстанған антисциентизм пайда болды. Оның идеялары сциентизмге қарама-қайшы болатын және ғылыми техникалық революцияның жетістіктерінің жағымсыз салдарын негізге алды. Антисциентизм ғылым экспансиясын шектеуді және дәстүрлі құндылықтар мен әдістерге қайта оралуды қажет санады. Сциентизм жақтастары ретінде ғылыми техникалық революцияның жетістіктерін қолдаушылар және адамзаттың барлық мәселелерін ғылым шеше алады деп сенетіндер табылады. Олар үшін білім ең жоғарғы құндылық болып табылады және олар техникалық өрлеудің жетістіктерін қуанышпен қарсы алады.
-Антисциентисттер болса бүгінгі күнгі техникалық өрлеудің нәтижелерінің жағымсыз салдарының пайдасынан зияны көп деп санайды.
-Антисциентисттер мен сциентисттердің аргументтерін төмендегідей топтастыруға болады:
-Сциентисттер ғылыми жетістіктерді қолдайды.
-Ал антисциентисттер ғылыми инновацияға күмәнді көзбен қарайды.
-Сциентисттер ғылымды ең жоғарғы мәдени құндылық ретінде санайды.
-Ал антисциенттистер болса ғылымға теріс көзқарастарын өзгертер емес.
-Сциентисттер ғылымды қолдау барысында бұрынғы заман мен қазіргі заманды салыстырады және олар ғылым қоғамның негізгі өндіруші күші және шексіз танушылық мүмкіндіктері бар деп өте әділ айтады.
-Антисциентисттердің де аргументтері өте орынды деуге болады. Олардың пікірінше адамзат қанша ғылыми жаңалықтар ашса да одан бақытты болып кеткен жоқ, керісінше ғылым мен оның жетістіктері оның қайнар көзі болып табылатын әртүрлі қауіптердің алдында тұр. Сәйкесінше ғылым адамзат үшін тек қана пайда әкеліп қоймайды.
-Сциентисттер ғылымды барлық адамзат өмірінің салдарының ядросы ретінде санайды және барлық адамзат өмірін ғылымдандыру керек екенін айтады. Тек ғылым арқылы адам өмірі ұйымдасқан, басқармалы және сәтті болады.
-Антисциентисттердің пікірінше «ғылыми білім» ұғымы «таза білім» ұғымымен сәйкес келмейді.
-Сциентисттер бүгінгі күнгі ғылыми жетістіктердің көптеген жағымсыз салдарынан туындайтын көптеген өзекті мәселелерге көз жұмып қарауға әзір. Ал мұндай мәселелер антисциентистердің ең негізгі аргументі болып табылады. Олар мұндай мәселелерді өзекті етіп көрсету арқылы өздерінің жақтастарының санын күн сайын арттыру үстінде.
Бүгінгі күні сциентизм мен антисциентизм екеуі де әмбебап сипаттағы бағыттар. Бірақ кейде олардың екеуінің ойларының бір жерден шығатын кездері болады. Кейде мұндай жағдайлар ашық сипатта болады, бірақ көбінесе олар көрінбейді. Шынымен синтезделген химиялық тағамдардан улану, денсаулық сақтау және экология саласындағы өзекті мәселелер ғылыми жетістіктерге әлеуметтік бақылаудың қажеттігін көрсетеді. Бірақ өмір стандарттарының өсуі адамдардың сциентисттерді қолдауына себеп болады.
...