Ғылымның құдыреттілігі
Автор: amania95 • Сентябрь 29, 2020 • Эссе • 252 Слов (2 Страниц) • 713 Просмотры
Эссе
Ғылымның құдыреттілігі
Ғылым дегеніміз не? Ол адамзатқа не үшін керек? Өміріңде кем дегенде бір рет болсын осындай сұрақтар туындайды. Бір сөздікте келесідей анықтама берілген: «Ғылым – бұл күш, ол заттардың өзара қарым-қатынасын, олардың заңдары мен өзара әрекет жүргізу мен өлшемдер арқылы зерттеу". Бірақ қазіргі ғылым қаншалықты күшті? Оның ерекшеліктері мен құдыреттілігі қандай?
Қазіргі таңда ғылым қоғамда маңызды рөл атқарады деп айтуға болады. Көп жағдайларда ғылым адамзатқа игілік әкелуде. Ғылымның көптеген жетістіктері бар мысалы айта кететін болсақ;
Медицина, биология, генетика, эмбриологияның дамуының арқасында адамдар көптеген ауруларға арналған дәрі-дәрмек, вакциналар таба алды. Біздің ата-бабаларымыз ХХІ ғасырда адамның организміндегі зақымданған мүшенің орнын жаңа мүшемен алмастыруға болатынын елестете де алмаған еді.
Ғылымның тағы бір жетістігі — жаһандық позициялау жүйесі (GPS “Джи Пи Эс” деп оқылады). Ол аспан кеңістігіндегі жасанды жерсеріктердің сигналымен жұмыс істейді. GPS жүйесі алғашында әскери мақсатта жасалған. Ал қазіргі таңда осы жүйе арқылы көлік, кеме жүргізушілері, ұшқыштар, тіпті аңшылар мен саяхатшылар да өз жолынан адаспайды. GPS жүйесін ойлап тапқан ғалымдардың арқасында қалаған жерімізге жету оңайлай түсті.
Сіз ұялы телефон, компьютер не ғаламтор қолданасыз ба? Ұшақпен саяхаттағансыз ба? Я болмаса озық медицинаның арқасында денсаулығыңызды жақсартып, тіпті қалпына келтірген шығарсыз? Солай болса, сіз ғылымның әкелген жемістерін көріп жүрсіз. Иә, ғылым адам өміріне көп жағынан игілікті ықпал етуде. Қазіргі қоғамды ғылымсыз елестету мүмкін емес.
Қорытындылай келе, ғылым - қоғамның мәдениетінің маңызды нысандарының бірі болып табылады және оның дамуы адам қызметінің барлық салаларын жаңартудың маңызды факторы болып табылады. Заманауи ғылым адамның дүниетанымын қалыптастырады, техникалық прогреспен тығыз байланысты, қоғам дамуының болжамдарын жасауға, бағдарламалар әзірлеуге, адамзат алдында тұрған мәселерді шешуге көмектеседі. Ғылымның құдыреттілігі осыда деп есептеймін.
...