Әртүрлі биотехнологиялық өндіріс орындарында қолданылатын құрал жабдықтар мен қондырғылар
Автор: erke070800 • Сентябрь 30, 2020 • Практическая работа • 806 Слов (4 Страниц) • 1,235 Просмотры
№ 7 – ӨЗІНДІК ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Әртүрлі биотехнологиялық өндіріс орындарында қолданылатын құрал жабдықтар мен қондырғылар.
Мақсаты: Әртүрлі биотехнологиялық өндіріс орындарында қолданылатын құрал жабдықтар мен қондырғылармен танысу.
Міндеттері: Әртүрлі биотехнологиялық өндіріс орындарында қолданылатын құрал жабдықтар мен қондырғылар туралы қысқаша мәліметтер жинау арқылы теориялық білімдерін бекітіп, болашақта өздерінің кәсіби мақсаттарын іске асыруда қолдану.
Осы практикалық жұмысты орындау барысында практикадан өтуші мынадай тәжірибелік біліктіліктерге ие болуы қажет:
- Биотехнологиялық әртүрлі өндіріс орындарында қолданылатын құрал жабдықтар мен қондырғылар ерекшеліктерімен танысу; - Өндіріс орындарында қолданылатын құрал жабдықтар мен қондырғылардың маңыздылығы туралы білу.
ТАПСЫРМА ЖАУАПТАРЫ:
1. Қазіргі заманғы биотехнологиялық әртүрлі өндіріс орындарында қолданылатын құрал жабдықтар мен қондырғылар туралы қысқаша сипаттамалар беріңіз.
Осы күнгі биотехнологияльк өндіріс (рекомбинанттық ақуыздарды, регуляторлық пептидтер мен цитокиндерді өндіру), классикадан айырмашылығы - мақсатты өнімді тонналап емес, ол белсенді заттарды миллиграмдап және граммдап өлшейді. Өнімнің өзі терең тазалауды, абайлап алудың технологиясын талап етеді. Өндіріс циклінде үрдістін көп кезеңдігін болдырмайтын, жанама физика-химиялық және механикалық факторлардың жағымсыз әсерін азайтатын технологиялар жасалуда. Тиісінше биотехнологиялык жабдық оңтайланады, жетілдіріледі, клеткаларды дақылдау үшін бір ретті колданылатын ыдыстары бар биореакторлар пайдаланылады.
Осы заманғы биореакторлар клеткалардың өсу динамикасы yақытының нақты көлемінде тұрақты өлшеy ушін сынама алуды жүргізбей-ақ анда-санда мониторлармен іріктеп жинақталады. Бұл мақсатта бактериялардың, ашытқылар, саңыраукұлақтардың клеткалық тыңыздығын тікелей реакторда өлшеуге мүмкіндік беретін арнайы зонд пайдаланылады. Сондай зондтар бастапқы дакылдар, вакциналар және рекомбинанттық акуыздарды өндіруге биореакторларда колданылады.
Бүгінгі биофармацевтикалык және биотехнологиялық өндіpiсте жалпы көлемі 2-ден 200 л дейін болатын бір реттік ыдыстары бар Biostat Cultibag RМ ферментерлері жиі колданылады. Микроорганизмдер немесе ткандык клеткалар (жануар, өсімдік) бір реттік пластикалық пакетте дақылданады. Ол температура, рН және ерітілген оттегі концентрациясы датчиктерімен, дақылдық массаны алу, сынаманы алу, асептикалық себу үшін кұрылғыларымен, кіретін және шығатын ауа немесе газ фильтрларымен жабдықталған. Берілген жиілікте шайқалып, платформа пластикалық қапшык ішінде қоректік ортаның толқынды қозғалысын жасайды. Нәтижесінде микроорганизмдер немесе клеткалар дақылына өте жәй динамикалық әсерде тиімді араластырылу қамтамасыз етіледі.
Клеткаларды дақылдау үшін биологилық н/се медициналық зерттеулерде қарапайым кюветтер де, роботизацияланған аспаптар да пайдаланылады.
Биотехнологиялық өндірісте тарелкалық сепараторлар немесе Альфа Лаваль сепараторлары қолданылады. Олар вакциналарды тазалауда, антибиотиктер, аминқышқылдар, ферменттер, т.б. субстанцияларын бөліп алуда пайдаланылады.
Осы күнгі өндіріс әртүрлі құрылымды кептіргіштермен, оның ішінде фармпрепараттар, антибиотиктер, вакциналар, т.б. кептіруде пайдаланылатын «Ангидро» фирмасының кептіріштерімен жабдықталған.
...