Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Автотранспорттың экологиялық қауіпсіздігінің проблемалары және оны шешу жолдары

Автор:   •  Октябрь 22, 2021  •  Реферат  •  8,813 Слов (36 Страниц)  •  643 Просмотры

Страница 1 из 36

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қарағанды техникалық университеті

АТҚ кафедрасы

РЕФЕРАТ

Пәні:Экология

Тақырыбы:Автотранспорттың экологиялық қауіпсіздігінің проблемалары және оны шешу жолдары

Жетекшісі:Ауелбекова А.Ж.

Студент:Амирханов Е.Қ.

СИБ 19-4 тобы

 

2021

ГЛОССАРИЙ

Стандарт - мүдделі тараптардың келісімі негізінде әзірленген және қызметтің әр түріне немесе олардың нәтижелеріне қатысты жаппай және көп мәрте пайдалану үшін ережелер, жалпы принциптер немесе сипаттамалар белгіленетін стандарттау, метрология; және сертификаттау ,жөнінде танылатын орган бекіткен құжат;                                                        Стандарттау - нақты бар немесе ықтимал міндеттерге қатысты жаппай көп мәрте пайдалану үшін белгілі бір салада ережелерді реттеудің оңтайлы дәрежеде қол жеткізуге бағытталған қызмет;                                                Евро стандарттары - пайдаланылған газ уыттылығына қойылатын талаптар (көміртек тотығы (СО) қалдығының, азот тотығы мен жанбай қалған көмігеутек қалдықтарының жалпы санының, сондай-ақ дизельдік үшін-күйенің шекті нормасы). Алғашқы Евро-1 уыттылықтың жалпыеуропалық нормалары Евроодақтың құрылуымен бір уақытта 1993 жылы енгзілді. Евро-2 нормалары Еуропада 1996 жылы енгізілді:қалдық талаптары орта есеппен 1,5 есеге қатаңдатылады.                                        Қауіпті қалдықтар - құрамында қауіпті қасиеттері (уыттылығы, жарылыс қаупі, радиоактивтілігі, өрт қаупі, жоғары реакциялық қабілеті) бар зиянды заттар болатын, дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тікелей немесе ықтимал қауіп төндіретін қалдықтар.                                                                Шығарындылар - іштен жату қозғалтқыштарының пайдаланылған және картерлік газдары мен автокөлік құралдары отынының булануы түріндегі зиянды (ластаушы) заттар.                                                                        Мемлекеттік экологиялық бақылау - уәкілетті органның өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жеке талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі.

Мазмұны

Кіріспе

4

1 Автотранспорттың экологиялық жағдайға әсері

5

  1. Экологиялық қауіпсіздігінің мәселелерімен күресудің мақсаттары        мен принциптері.
  2. ЕВРО стандартының шығу тарихы мен мақсаты 
  3. Ауа құрамындағы автокөліктердің пайдаланылған газдарындағы              
    улы компоненттер және оның адам ағзасына әсері
  4. Көлік көздерінен пайда болған ластаушы заттар қалдықтарының              
    негізгі түрлері

5

8

10

12

  1. Қазақстандағы автотранспорттың экологиялық қауіпсіздігінің            проблемалары және оның шешу жолдары
  1. Алматының транспорттық проблемалары мен оларды шешу     жолдары
  2. Отынның алмастыру түрлері
  3. Экологиялық проблемаларды шешудің басты концепциялары
  4. Транспорттық ластанудан қорғанудың архитектуралық шешімі
  5. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары
  6. Әлемнің ірі қалаларының автотранспорттың экологиялық
    мәселелерін шешу тәжірибесі        

   Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

   

13

13

16

19

21

23

27

30

32

Кіріспе

Транспортты-жолдық комплекс табиғатты ластаушы көздердің ең негізгісі. 35 млн т зиянды қалдықтардың 89%-ы автокөлік транспорты мен жол-құрылыс комплексі кәсіпорнына тиесілі. Транспорттың су обьектілерін ластауда рөлі зор. Сонымен қатар, транспорт қаладағы негізгі шу көздерінің бірі және қоршаған ортаны жылулық ластануға да әкеледі.                        Елімізде автокөлік транспортының қалдығы жылына шамамен 22млн т құрайды. Іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған газдарында 200-ден аса канцерогенді “зиянды заттар бар. Мұнай өнімдері, тежегіш қалыбы және ұсталған-дөңгелек өнімдері, ұнтақ және шаң жүктер, жол бетін антимұздатуға қолданылатын хлоридтер су обьектілері мен жол сыртын ластайды.                                                                                                Ауа ластануының негізгі себебі отынның бірқалыпсыз және толық жанбауында. Автокөлік қозғалысына тек 15%-ы жұмсалады, қалған 85%-ы далаға кетеді. Сондай-ақ автокөлік қозғалтқышының жанутолық жанбауында. Автокөлік қозғалысына тек 15%-ы жұмсалады, қалған 85%-ы “далаға кетеді”. Сондай-ақ автокөлік қозғалтқышының жану камералары - улы заттарды синтездеп, атмосфераға шығаратын химиялық реактор. Тіпті зиянсыз азот атмосферадан жану камерасына түсе отырып, улы азот тотығына айналады.                                                                                 Іштен жану қозғалтқыштарының (IШҚ) пайдаланылған газдарында 170-тен аса зиянды компоненттер бар, олардың 160-ы қозғалтқыштағы  отынның толық жанбауынан пайда болуынан түзілген көмірсутектер. Пайдаланылған газдарда зиянды заттың болуы түбінде отын жануының түрі мен шартына негізделген. Автокөліктермен атмосфера ауасының ластануы пайдаланылған газдардан бөлінетін уытты заттардан болады. Автокөліктердің пайдаланылған газында бастысы көміртек оксиді, көмірсутектер, азот оксиді және күйе болып табылатын 200-ге жуық уытты химиялық заттар бар. Автокөліктердің пайдаланылған газдарында уыттылықты төмендету шаралары тәжірибеде осы өнім қалдықтарын азайту көзделген.                                                                                        Көптеген үлкен қалаларда автокөліктен жалпы атмосфераны ластаушы заттардың 70%-дан астамы және оны жуудан айтарлықтай залал гидросфераға келеді, Табиғи майдың үлкен тұтынушысы бола отырып авторанспорт атмосферада көмірқышқыл газы концентрациясының үлкеюі 2 сонымен әлемдегі жаһандық жылынуға анағұрлым әсер етеді. Автомобилизация дамуының шапшаң процесі көптеген қоғамдық мәселелерді тудырады. Автокөлік санының көбеюін қадағалайтын әлемдік тенденция атмосфераның, жер қыртысының, су айдынының ластануына, шу деңгейін азайтуға, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыздандыруға, кептелістердегі уақыт жоғалтуға және т.б мәселелерге қарсы күреске қиындық туғызады.                                                                                 Бұл мәселеде  мемлекетімізде де шет қалмайды. Автокөліктік транспорттардағы, концентрациялық қолдану орындарында, республиканың үлкен, әсіресе, Алматы, Өскемен және т.б секілді климаты нашар қалаларында атмосфералық ауаның ластану деңгейі өте үлкен. Қазақстанда шығарылатын атмосфералық ластанудың жылдық көлемі 5-7 мл шамасында болады, оның ішінде транспорттық сектор үлесіне (негізінен автокөліктік транспорт) 1/3 бөлігі тиесілі.                                                                         Қазіргі кезде Республиканың барлық үлкен қалаларында-қаланың ауа бассейнінің мониторингі (бақылау) жүргізіледі. Бұл мәліметтер қала ауасының уытты заттардың ластану деңгейі рұқсат етілген санитарлық нормалар мен ШРК-мен (шекті рұқсат етілген концентрация) салыстырғанда жүйелі көтерілгіндігіне куәлік етеді.

...

Скачать:   txt (81 Kb)   pdf (235.2 Kb)   docx (39.4 Kb)  
Продолжить читать еще 35 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club