Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Еңбек ақының пайдалану тиімділігін талдау және оның жетілдіру жолдары

Автор:   •  Апрель 22, 2019  •  Курсовая работа  •  22,421 Слов (90 Страниц)  •  655 Просмотры

Страница 1 из 90

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.......................................................................................................................6

1 ЕҢБЕК АҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................................................................................9

  1. Еңбек ақы қоры және оның қалыптасуы.............................................................9
  2. Еңбек ақы қорының маңызы..............................................................................18
  3. Ұйымның технико-экономикалық сипаттамасы және есеп саясаты..............23

2 ҰЙЫМДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ҚОРЫ ҚАЛЫПТАСУ ЕСЕБІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ...........................................................................................32

2.1 Ұйымның еңбек ақы қорының қалыптасу есебі...............................................32

2.2 Ұйымның еңбек ақыдан ұсталатын ұсталымдар және шегерімдер есебі......37

2.3 Ұйымдағы еңбек ақы қорын қалыптастыру есебінің жетілдіру жолдары.....46

3 ҰЙЫМДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ҚОРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ.....................................................................................................................54

3.1 Еңбек ақы қорын талдаудың маңызы................................................................54

3.2 Ұйымдағы еңбек ақы қорына әсер етуші факторларды талдау......................58

3.3 Еңбек ақының пайдалану тиімділігін талдау және оның жетілдіру жолдары......................................................................................................................64

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................76

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................79

ҚОСЫМШАЛАР

        КІРІСПЕ

        

Елдің экономикалық және әлеуметтік дамуындағы өзгерістерге  сәйкес, еңбек ақы саясаты, әлеуметтік қолдауы және қызметкерлерді қорғауы да өзгеріп тұрады. Бұл саясаттың  іске асырылуы мемлекеттің  көп фунциялары кәсіпорынға тікелей тапсырылған, яғни еңбек ақы формасы, жүйесі және еқбекақы мөлшерінің белгіленуі. Қазақстан экономикасының дамуын бақылау барысында көптеген өзгерістерді көруге болады: жекелешендіруге, бәсекелестікті қолдауға бағытталған жұмыстар жүргізілді, республикамыздың стратегиясын анықтайтын заңдар мен қаулылар қабылданды, көптеген басқару функциялары тікелей кәсіпорындар мен ұйымдарға берілді. Еңбекақыны ұйымдастыруға қатысты саясат осындай сипатта болады.

Нарықтық экономикалық және әлеуметтік дамудың өзгерістеріне сәйкес әр түрлі ұғымдар мен үдерістердің мәні және қатынасы өзгерді. Бұл толығымен еңбекақыға қатысты. Қазіргі уақытта еңбекақы ұғымы сөздің тар мағынасында және кең мағынасында да қолданылады. Бұл ұғымды әр түрлі авторлар түрлі түсінік береді. Біздің пікіріміз бойынша неғұрлым сиымды анықтамасы, еңбекақының орындалған жұмыстың  белгілі бір  саны үшін  қандайда бір марапаттау, жұмыс күшінің  бағасы  болуында.

Үстіміздегі жылы ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және еңбек төлемі саясатын жаңғырту, Қазақстанның маңызды бағыттарының  қатарына кірді. Мемлекеттік саясат жұмысбастылықты арттыруға, лайықты еңбек ақыға, еңбекті қорғау және оның қауіпсіз шартын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан нарықтық экономика шартында, еңбектің барлық сферасындағы жұмысшыларға дұрыс еңбек ақы беру ерекше орын алады [1].

Еңбекақы әрбір мемелекеттің, ұжымның адамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі негізгі бір факторы болып табылады. Еңбекті ынталандыру жүйесі де алғашқы орындарды иеленуде. Еңбекақы жұмыспен қамтылғандар  табысының  30-70% –ін құрайтындықтан, бұл өмір сүру деңгейін жоғарлатудың басты көзі болып табылады. Еңбекақы көлемі Қазақстандағы әр  салада  және  әр аймақта  әр түрлі болып келеді.

Еңбекақы бойынша әр жұмысшының еңбек түсімі оның жеке салымдарымен  анықталды, кәсіпорынның соңғы нәтижелеріне байланысты, және заңмен реттеліп, максималды көлемімен  шектелмейді. Жұмысшылардың минималды еңбекақыларының барлық ұжымдық-құқылық формалары заңмен бекітіледі.

...

Скачать:   txt (304.4 Kb)   pdf (973.8 Kb)   docx (186.9 Kb)  
Продолжить читать еще 89 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club