Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ тілін оқытуда кездесетін проблемалар және оларды шешудің жолдары

Автор:   •  Апрель 22, 2023  •  Реферат  •  380 Слов (2 Страниц)  •  446 Просмотры

Страница 1 из 2

«Қазақ тілін оқытуда кездесетін проблемалар және оларды шешудің жолдары»

      Қазақ тілін оқытуда кездесетін проблема жоқ деуге болмайды. Ана тіліміз болғандықтан оны оқытуда өрескел қателік жіберуге болмайды. Біз болашақ мұғалім болғаннан кейін де оны алдын ала қарастырғанымыз жөн.  Қазақ тілін оқытуда кездесетін проблемалардың бірі – балалардың тілінің шорқақтығы, өзге тілдердің аралас қосылып кетуі. Көз ашқанынан қазақ тілі ғана емес, орыс тілі, ағылшын тілі сияқты өзге тілдердің баланың тілінде болуы білім ошағын аттаған соң өз тілін үйренуге кедергі болады. Соның салдары қазақ тіліндегі кейбір сөздердің мағынасын түсінбеуге, қазақ тілі сабағына қызығушылығының төмендеуіне де алып келеді деп ойлаймын. Ол қазірде қалада өскен балаларда кездеседі.  Оған жол бермеу үшін балаларымыздың тілін бір тілде шығаруымыз керек. Сонда ғана ол сол тілде сөйлеп, сол тілге қызығушылығы артып, берген білімді тез қабылдайды.

     Қазақ тілі сабағында оқушылардың көп бөлігі қиналады, себебі сабақ мазмұнына мүмкін дайындалған материалға байланысты болуы мүмкін. Мысалы, балалар осы сабақта ережелерді түсінбеуі, жалғанатын жалғауларды шатастырып алуы мүмкін, ережелерді қате қолдануы мүмкін. Ал осындай жағдайда оны шешудің жолдары қарастырылған. Сабақ қызықты түсінікту болып өтуі үшін мұғалімнің де ықпалы бар, түсінбеген ереже немесе жаттығуларды ойын ретінде өткізіп қызықты материалдар алып келсе, бала тез түсінеді және есінде сақтайды.

    Қорытындылайтын болсам, тек қазақ тілі пәнінде ғана емес,сабақтың қандай түрі болып  жатқан болса да, сөйлеу тілімізді дамытып отыруымыз керек. Ол үздіксіз жүріп отыратын жұмыс. Бірақ біздің қоғамда өкінішке орай,бір қателік бар. Кейбір пән мұғалімдері оқушылардың сөйлеу мәнеріне, ондағы айтылып жатқан сөздерге мән бермейді, себебі біз қазақ тілі мұғалімдері емеспіз деп өздерін міндеттен алып тастайды. Ия, негізінен қазақ тілі мен әдебиеті сабағына тікелей қатысы бар болғанымен де, оның басқа пән мұғалімдері үшін, маңызы болуы керек. Әрбір педагогикалық бағытта жұмыс жасайтын маман иелеріміз, оқушылардың ойлау және даму қабілеттерін дамытып,  тілін, сөйлеген әрбір сөзін қадағалап отыруы керек. Сонда ғана біздің өз тілімізге қатысты сабақтарда қиындық болмайды. Сөздерінің таза, әрі нақты болып айтылатынына да аса қатты назар аударған дұрыс. Біз ана тілімізді толық білуіміз керек, және оны заманнан-заманға болашақ өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтарымызға қалдырып, оның қаншалықты маңызды және құнды екенін жеткізіп отыру керекпіз. Қандай да бір қиындық туса шешу жолын қарастыру қажет. Әңгіме барысында таза бір тілді екінші бір тілмен араластырмай таза сөйлеу басты міндетіміз және тәрбиені көрсетеді. Барлығы біздер яғни, жастардың қолында екенін ұмытпайық!

...

Скачать:   txt (4.9 Kb)   pdf (53.7 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club