Java Script тілі және оны пайдалану жолдары
Автор: Zhuldyz04q • Май 2, 2023 • Лекция • 12,630 Слов (51 Страниц) • 170 Просмотры
№1,2 лекция
- Java Script тілі және оны пайдалану жолдары. Қате туралы хабарлама. JavaScript тілінде дата және уақытты орнату.
- onMouseOver командасы. Оқиғаны өңдеуші бірнеше командалар
Бірінші скрипт сіздерді Java Script тілінің Web-бетте орналасуы мен құрылу негіздерімен таныстырады. Сабақ барысында Java Script тілінде не істеуге болатынын және болмайтындығымен танысасыздар. Бірінші скрипт Web-бетке текст орналастырды. Бұл жағдайда мәтін қызыл түсті болады. Ол скрипт төмендегіше:
<SCRIPT LANGUAGE =“javascript”>
document.write(“<FONT COLOR=‘RED’>Бұл қызыл түсті мәтін</FONT>”)
</SCRIPT>
Скриптті талдау
Java Script дегеніміз не?
Біріншіден Java Script - Java емес. Мұнда шатасып Java мен Java Script екеуі бір тіл деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Бірақ Java – Sun Microsystems компаниясы жасап шығарған программалау тілі. Ал Java Script тілін Netscape компаниясы ойлап тапқан.
Екі тіл де өзімен бірге объектіге бағытталған программалауды сипаттайды. Бұл олардың көмегімен кішігірім объектілер тұрғызып, кейін олардың бүтін бір объект құрайтындығын білдіреді. Java-ның негізгі ерекшелігі мүлде өздігінен жұмыс жасай алатын оқиғаларды құруға мүмкіндік беретіндігінде. «Java applet» («қосымша») Web-беттен іске қосылады, бірақ шындығына келгенде бұл кішігірім болса да түгелімен тәуелсіз программа. Сонымен қоса оны мәтін түрінде қарап шығуға болмайды. Оны іске қосу үшін оны машина тіліне трансляциялау қажет. Java Script тілі өздігінен жұмыс жасамайды, ол Web-беттің ішіне орналасуы қажет, ал Web-бетті Java Script тілін түсінетін браузерде қарау қажет (айталық, Netscape Communicator және Internet Explorer).
Java Script тілінде қалай жазу керек
Алдымен Java Script тілі бұл HTML тілі емес екендігін есте сақтау қажет. Бірақ-та Java Script пен HTML тілдерінің ережелері ұқсас. Біріншіден, Java Script HTML құжаттың ішінде орналасады. Java Script тілі мәтін түрінде HTML құжатымен бірге сақталады. Негізгі айырмашылығы HTML еркін ережелерге ие. Мұнда абзацтар мен сөздердің арасында қанша бос орын тастасаңыз да ол программаның орындалуына әсер етпейді. HTML-ді бір қатарға ұзыннан-ұзақ жазуға да болады. Ал Java Script тілі басқаша. Ол қатаң формаға ие. Мысалы, басында жазған скриптің екінші қатары келесі түрде көрінеді:
document.write (“<FONT COLOR=‘RED’>Қызыл түсті мәтін</FONT>”)
Егер сіз мұның формасын өзгертсеңіз скриптте қате пайда болады.
Java Script-ті өңдеу
Скрипт жазып жатқанда және өңдегенде бет өрістерінің сізге кедергі жасауына жол бермеңіз. Барлық уақытта өз жұмысыңызды өріссіз мәтіндік редакторда өңдеңіз. Мұнда өте кең бет туралы айтылып тұрған жоқ. Мұнда түгелдей өрістердің жоқ болуы жайлы айтылып тұр. Сізде бірнеше километр ұзақтықтағы қатар жазуға мүмкіндік болуы керек.
Java Script-ке РеГиСтр қажет пе?
Ия. Кейбір скрипттер Нетскейпе және Експлорерде әрқалай іс-әрекет жасайды.
Скриптті талдау
Мұнда қателер және оларды қалай түзету жайлы қарастырылады.
Бірінші қатар:
<SCRIPT LANGUAGE=”Java Script”>
Бұл HTML-дің браузерге осы жерден бастап Java Script тілінің басталатындығын түсіндіретін коды. Барлық скрипттер осындай командадан басталады. Мұндағы скрипттің LANGUAGE (тіл) =”Java Script”> бөлімі өте қажет. Себебі скрипттердің басқа да VBS немесе LiveScript сияқты типтері бар. Сондықтан мұндағы LANGUAGE командасы браузердің қай тілімен жұмыс жасап жатқанын білу үшін қажет.
Кез келген Java Script </SCRIPT> тегімен аяқталады. Java Script < SCRIPT LANGUAGE = “javascript”> -тен басталып </SCRIPT>-тен аяқталады.
Мынау скрипттің негізгі бөлігі:
document.write(“<FONT COLOR=‘RED’>Бұл қызыл түсті мәтін</FONT>”)
скриптте DOCUMENT (HTML қажет) көрсетіледі және онда болатын өзгерістер – бірдеңе жазылатын болады.
(WRITE) көрсетіледі. Жазылатын нәрсе жақшаға алынып жазылады.
...