Заңды тұлғаларға салық салу жүйесінің проблемалары және оларды шешу жолдары
Автор: fullmoon99 • Ноябрь 21, 2018 • Курсовая работа • 7,061 Слов (29 Страниц) • 1,079 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе..................................................................................................................................3
1. Заңды тұлғаларға салық салу жүйесінің теориялық негіздері
1.1 Заңды тұлғаларға салынатын салықтың пайда болу алғышарттары................5
1.2 Заңды тұлғалардан алынатын салықтардың экономикалық мәні.....................9
1.3 Шет мемлекеттердің заңды тұлғаларға салық салу жүйесінің ерекшеліктері............................................................................................................13
2. Заңды тұлғаларға салық салу жүйесін талдау және бағалау
2.1 Заңды тұлғаларға салық салу жүйесіндегі өзгерістерге салыстырмалы талдау.............................................................................................................................17
2.2 Мемлекеттік бюджет кірістеріндегі заңды тұлғаларға салық салу жүйесінің рөлі.................................................................................................................................21
2.3Батыс Қазақстан облысы бойынша заңды тұлғаларға салық салу динамикасы..................................................................................................................25
3. Заңды тұлғаларға салық салу жүйесінің проблемалары және оларды шешу жолдары
Қорытынды............................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................37
Кіріспе
Ел экономикасында тұрақтылық дамыған сайын отандық өнім өндірушілерге қолдау жасаудың, оның ішінде әсіресе бюджет қоржынын толтыруға неғұрлым көп үлес қосатын ірі кәсіпкерлерге салынатын сал
ықтардың қазіргі уақыттағы ролі өте зор. Бұл ірі кәсіпорындар заңды тұлғалар болып табылады және олардың ең негізгісі салықтары болып саналады. Бұл салықтардың мәнін түсіну үшін оның қызметін, даму кезеңдерін, негізгі мәселелерін, экономикалық ролін зерттеу керек.
Заңды тұлғаларға салық салу арқылы мемлекет біріншіден, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтай отырып, экономиканың өсуіне ықпал жасау мақсатында жинайды; екіншіден, салық ставкаларын реттеу негізінде мемлекет жеке кәсіпорындар мен өндіріс салаларына ынталандыру ықпалын жүргізеді.
Заңды тұлғаларға салынатын салықтарды шаруашылық субъектілерінен ұлттық табыстың бір бөлігін алу және мемлекет функциялары мен міндеттерін орындау үшін жинайды.
Заңды тұлғалардың көбеюі тек салықтар арқылы мемлекет бюджетін көбейтіп қана қоймай, сонымен қатар ол жұмыссыздар санын азайтуға да тиімді. Себебі, біздің мемлекетімізде қазіргі кезде жұмысбастылықпен қамтамасыз етіп отырғандардың көбісі жеке меншік кәсіпорындар болып табылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына салық салу жүйесінің теориялық негіздерін қарастыру, бюджетке түсімдерін талдау негізінде проблемаларын анықтау және оларды шешуге бағытталған ұсыныстар кешенін өңдеу болып табылады.
Осы жоғарыда аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделген:
-Заңды тұлғаларға салынатын салықтың пайда болу алғышарттарына сипаттама беру;
-Заңды тұлғаларға салынатын салықтың экономикалық мәнін ашу;
-Шет мемлекеттерінде заңды тұлғаларына салынатын салықтың қолдану тәжірибесіне сипаттама беру;
-ҚР-да әрекет ететін заңды тұлғаларға салық салу жүйесіндегі өзгерістеріне салыстырмалы талдау жасау;
-Заңды тұлғаларға салынатын салықтың жергілікті бюджетті қалыптастырудағы рөлін қарастыру;
-Заңды тұлғаларға салынатын салықтар бойынша кездесетін проблемаларды қарастыру.
Зерттеудің пәні ретінде Қазақстан Республикасында әрекет ететін заңды тұлғаларға салық салу және оны ұйымдастырудағы экономикалық зерттеудің пәні болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Курстық жұмысты жазуға Қазақстан Республикасының Салық кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, мерзімдік басылымдардағы ақпарат материалдары, отандық Үмбеталиев А., Шеденов Ө., Ермекбаев Б. және шетелдік экономистер мен ғалымдардың еңбектері және экономикалық әдебиеттері негіз болды.
...