Еңбек дауларының өзектілігі және оны шешу жолдарындағы ерекшеліктер
Автор: Мадина Төребекова • Май 11, 2023 • Доклад • 518 Слов (3 Страниц) • 119 Просмотры
Еңбек дауларының өзектілігі және оны шешу жолдарындағы ерекшеліктер
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасында ең қымбат құндылықтар адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады, әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегіне бір кемсітусіз сыйақы алуға құқығы бар. Алайда, жұмысшылардың құқықтары бұзылады және әр жұмыс беруші өз кәсіпорнындағы еңбек заңнамасының барлық бұзушылықтарын түзетуге тырыспайды, ал қызметкерлер өз құқықтарын қорғауға асықпайды.
Мақаланың негізгі бөлігіне кіріспес бұрын, еңбек даулары институтын қолданыстағы құқықтық реттеуге және соның салдарынан оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды қорытындылауға және тұжырымдауға баса назар аудара отырып, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейтін жеке еңбек дауларын шешу жүйесінің жаңа моделі қарастырылып және бағаланатындығын айта кеткен жөн. Зерттеу ұсынымдары Қазақстандағы еңбек дауларын шешу тетігін оңтайландыруға, осы саладағы мамандардың еңбек даулары бойынша шешімдер қабылдауын қамтамасыз етуге, дауларды қарау және шешу мерзімдерін қысқартуға, баламалы татуластыру рәсімдерін енгізу жолымен әлеуметтік шиеленісті алып тастауға бағытталған. Бұдан бөлек жеке дауларды шешу тетіктерін олардың тиімділігін арттыру мақсатында қайта қарастыру қажеттілігі негізделген. Бұл үш кезеңде болады. Біріншіден, біз Қазақстан заңнамасындағы еңбек реттеудің қазіргі жай-күйіне құқықтық нысан мен практика тұрғысынан қараймыз және қазіргі тетіктер еңбек стандарттарын ілгерілету үшін әлсіз жарақтандырылған деп айқындаймыз. Екіншіден, біз дауларды шешуді жетілдіру жолдарын зерделейміз. Келесі үшінші бөлігінде, біз арнайы еңбек соттарын құру нұсқаларын талқылаймыз.
Құқықтың жалпы теориясында және құқықтық институттың салалық заң ғылымдарында заңи жауапкершілік – бұл маңызды мәселелердің бірі. Зерттелетін тақырыптың күрделілігі «жауапкершілік» – бұл тек заңды ғана емес, сонымен бірге философиялық және әлеуметтік, моральдық ұстанымдарды қамтиды. Осылайша жауапкершілік құқық бұзушыларға мемлекеттік мәжбүрлеп ықпал ету нысаны болып табылады. Еңбек заңнамасын бұзудың негізгі себебі құқықтық еңбек қатынастары субъектілерінің сауатсыздығы, жұмыс берушілердің заңнаманы тиімсіз қолдануы, еңбек заңнамасының нормаларын елемеуінде болып отыр. Ең көп таралған түрі – тәртіптік жауапкершілік, тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін өзіне жүктелген еңбек міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс сияқты жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.
...