Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу мәселелері және оларды шешу жолдары

Автор:   •  Июнь 13, 2019  •  Курсовая работа  •  7,096 Слов (29 Страниц)  •  1,043 Просмотры

Страница 1 из 29

Қaзaқcтaн Рecпубликacы Бiлiм жәнe ғылым миниcтрлiгi

Әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық унивeрcитeтi

Экономикa жәнe бизнec жоғaры мeктeбi

Мeнeджмeнт жәнe мaркeтинг кaфeдрacы

[pic 1]

Ғылыми жұмыc

Тaқырыбы:ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу мәселелері және оларды шешу жолдары.

Орындaғaн: Мигражева Балжан

Джангужиева Инаргүл

Нұртасов Дидар

МжЖБ, 2-курc cтудeнттері

Ғылыми жeтeкшici: э.ғ.к., доцeнтСмағұлова Г.С.

                

Aлмaты  2019 ж.

МAЗМҰНЫ:

КIРICПE................................................................................................3

1-бөлiм.Жұмыспен  қамту, жұмысбастылық теорияларының негіздері.................................................................................................5

2-бөлiм.ЖОО бітірген жастар жұмыссыздығы себептері мен мәселелері............................................................................................13

3-бөлiм.ЖОО бітірген жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу бойынша ұсыныстар.........................................................................22

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................24

ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEР ТIЗIМI..............................25

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауында  2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауы тектен-тек емес. «Біз Қазақстанның болашағы саналатын жастарды қолдауымыз керек. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек»,- деп Президентіміз үлкен сенім артқанын нақтылай түсті. Демек, бұл жылы жастарға қатысты проблемалар барынша төмен көрсеткішті көрсетуі керек. Сондай өзекті мәселелердің бірі – жастар жұмыссыздығы, соның ішінде ЖОО бітірген түлектердің жұмыспен қамтылуы басты назарға алынбақ. Осыған байланысты, жастарымыздың жұмыспен қамтылуының өзектілігін жан-жақты қарастырса болады:

        Біріншіден, экономикалық бағытта, яғни жұмысқа тұрған жастар елге жеке табыс салығын төлейді және зейнетақы жарнасына қаржы салу арқылы ел бюджетін толықтырады және айналымға ақша қаражатын салады.

Екіншіден, психологиялық бағытта, яғни жұмысбасты жастардың қандай да бір өзінің дамуын тежейтін дүниелерге баруы, жаман жолдарға салынуы мүмкін емес. Себебі, байқап қарасаңыз құмар ойындар мен әртүрлі қылмыстық істерге баратын қолы бос, жұмыссыз жастар.

Үшіншіден, әлеуметтік-саяси  бағытта, жұмыс күші экономиканың көлеңкелі секторына кетуін, криминогендік жағдайға ұшырамауды жұмыссыздықты жою  нәтижесінде тежей аламыз.

Жастардың бейімделуі мен ұтқырлығы үшін жағдай жасау оған жаңа еңбек жағдайларына тез бейімделулеріне ҒТП жаңа технологиялары мен өнімдерін пайдалануға мүмкіндік береді, адами капиталдың жинақталуына ықпал етеді. Қоғамның осынау даму кезеңінде еңбек нарығының проблемаларын айқын көреміз.Бұл жоғары ақы төленетін мамандықтардың артық ұсынысымен және білікті мамандардың жетіспеушілігімен сипатталады. Жастар еңбек нарығындағы сандық және сапалық асимметриялықтың себептерін жоюдағы ерекше маңызға ие болып отыр. Жастардың құқықтық қорғалмауы, еңбек ресурстарының басқа топтарымен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы,осыған байланысты жастардың жұмысқа деген қызығушылықтарының азайуы,жұмыссыз жастарды есепке алудың және тіркеудің толық болмауы негізгі мәселе ретінде орын алады. Бұл мәселелерді шешу жастар еңбек нарығын зерттеудің тұжырымдамалық негіздеріне ерекше назар аударуды талап етеді.

...

Скачать:   txt (94 Kb)   pdf (478.5 Kb)   docx (95.7 Kb)  
Продолжить читать еще 28 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club