Қазақстандағы туризм саласының даму жағдайы және оны жетілдіру жолдары
Автор: Nurbek21 • Апрель 15, 2024 • Реферат • 1,782 Слов (8 Страниц) • 148 Просмотры
Қазақстандағы туризм саласының даму жағдайы және оны жетілдіру жолдары
Алимбекова Нилуфар
1-курс студенті
e-mail:Nilufar.alimbekova@iuth.edu.kz
Маханбетова Ұлмекен
Аға оқытушы
Халықаралық туризм және меймандостық университеті
Туризм - жалпы халықаралық көлемде таныған аса маңызды мәдени-ағарту, спорттық, демалыс шаралары ретінде кеңінен мәлім екендігі белгілі. Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулал алу жене игеру, ресурстарды іздеу мақсатымен пайда болды. Саяхат - адамардың жылжу мақсатына байланыссыз кеністіктегі қозғалысы. Саяхаттың бір турі туризм болып саналады. Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңда берілген анықтама бойынша: «Туризм - жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта тунеп өтетін саяхаты».
Әлемдік тәжірибеде табыс көзі жағынан туризм - мұнай мен газдан кейінгі орынды иемденеді. Туризм кез-келген елдің экономикасында уш тиімді ыкпалмен әсер етеді. Олар - шетелдік валюта ағынын көбейтеді, тұрғындарды еңбекпен қамтиды, мемлекет инфракурылымын дамытуға ықпал етеді. Дуниежузілік туристік ұйымның мәліметі бойынша, бір турист барған жерінде 1 мығ АКШ долларын тастап кетеді екен. Бұл ешбір өсімсіз, қайтарып берусіз елде қалған ақша. Сонымен қатар бір туристің ақшасы 9 жұмыс орнын құруға мумкіндік береді. Өйткені, турист қаржысының 30%-ын қонак уйде, 20%-ын көлікте, 35%-ын қоғамдық тамақтандыру орнында және 15%-ын басқа да қызмет көрсету (музей, көрме т.б) орындарында қалдырады. Туризмді дамытудағы табыс оның мемлекеттік деңгейде қалай қабылданатынына тікелей байланысты.Қазақстан Республикасынынң туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының туризмін дамытудың әзірленген жуйелі жоспарларына, Ақмола облысының Бурабай шипажайлық аймағын, Алматы қаласының маңындағы тау шанғы аймағын, Кендірлі демальс аймағын, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасының жоспарына сайкес әзірленді. Әлемдік экономиканың қазіргі даму жағдайында туризм жетекші және серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Дуниежузілік туристік ұйымның деректері бойынша туризм тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің әлемдік экспортында (71,4 %) тек автомобильдер, химия және отын өнімдерінің экспортына қол бере отырып, төртінші орынды иеленеді. Ал кіріс жағынан бұл сала әлемде мұнай өндіру өнеркәсібі мен машина жасаудан кейін ушінші орынды иеленеді.
Казакстан бай туристік-рекреациялы әлеуетке не бола отырып, туризмнің жеткілікті деңгейде дамымауымен сипатталады. Оньң халпы ішкі өнімдегі үлесі (тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер ғана есептеледі) шамамен 0,3 %-ды кұрайды.
2023 жылғы қаңтар, шілде статистикасы
1. Бақылау орындарына кіру келушілер саны бойынша жалпы келушілер саны 22 441:оның ішінде басым бөлігі теміржол көлігімен 7 186 олардың 4 352 сі Астана қаласында сұралған.жеке мақсатта келгендердің саны іскерлік мақсаттан 3 есе көп 16 987.Және олардың орта есеппен алғандағы шығыстары астана қаласнда 775 292мың , ал Түркістан қаласы бойынша 94 052 мың теңгені құрады. Жас ерекшеліктері бойынша алып қарасақ 25-54 жас аралығындағы келушілер саны басым, осы тұрғыда сапарда болу ұзақтығы бойынша кіру келушілердің саны бойынша 99% түнеген адамдар .
...