Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сократтың білім беру туралы зерттеулері

Автор:   •  Сентябрь 21, 2021  •  Эссе  •  476 Слов (2 Страниц)  •  544 Просмотры

Страница 1 из 2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Тұран» университеті

Гуманитарлық-заң факультеті

Құқықтану және халықаралық қатынастар кафедрасы

Эссе

Пәні: «Еңбек заңдарын қолдану теориясы және тәжірибесі»

Тақырыбы: «Сократтың білім беру туралы зерттеулері» 

Орындаған: «Құқықтану» мамандығының

1-курс магистранты Айтова А.Е.

Тексерген: з.ғ.д., профессор Мырзатаев Н. Д.

Алматы, 2021 ж.

Антикалық дәуірдің ең үлкен ойшылдарының бірі – Сократ болды. Сократтың жалпы қоғамдық ғылымдардың дамуына қосқан үлесі орасан зор. Соның ішінде оның білім мен тәрбие беруде қалыптастырған педагогикалық бағыты таным философиясының ең алғашқы және маңызды әдістемелік бағыты ретінде бағаланады және біздің қоғамда да үлкен сұранысқа ие. Оның бұл бағытын білім беру философиясының бастауы деуге болады. Ойшылдың педагогтық қызметінің мәнісінде білім мен тәрбие бөлінбейді. Сократ диалогты алғашқылардың бірі болып өзінің білім беру жүйесінде оқытушы мен оқушы арақатынасының негізгі әдісі ретінде пайдаланды. Сократтық диалог формасы бойынша оқушы мен оқытушы тең және педагог өз ойларына басымдық берместен оқушыны ойлануға бағыттайды. «Мен сені көру үшін сөйлегін» - бұл Сократтың білім берудегі басты ұстанымдарының бірі. Философ шәкірттерін ойлау логикасына үйреткен, ол үшін шәкірттің тұлғасы маңызды болды. Сократ өзінің ұстаздық қызметінде «майевтика» деп аталатын әдісті ойлап тапқан. Сократтың бұл әдісінің мәні бойынша ұстаз шәкіртіне проблемалық тапсырмалар бере отырып жаңа білімнің пайда болуына бағыттайды. Философ ұсынған «мэйевтика өнері» білікті сұрақтардың көмегімен адамның бойындағы жасырын білімді шығаруға көмектеседі.

Сократ өз әдістерінде даулы ой толғаулар ұсына отырып, оны талқылау арқылы дамыта түсіп бірнеше шешімдер көрсететін болған, кейде оларды хаостық және мәнсіз ойларға дейін апарған, ал соңында барлық шешімдер белгілі болғанда шәкірттерін шындық жолына бағыттап отырған. «Сократ әдісі» - бұл бір проблемадан екіншісіне өту, мұнда ойлау процесінің өзі маңыздылыққа ие болады. Ұлы педагог-ойшылдың ең басты қолданған әдістеріне дискуссия, диспут және ойын технологиясын жатқызуға болады. Ал бұл әдістер өз кезегінде тұлғаның креативті ойлауын қалыптастыруда үлкен әсерге ие.

...

Скачать:   txt (7.1 Kb)   pdf (80.2 Kb)   docx (10.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club