Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инновациялық технология «флипчарт» бағдарламасы негізінде сабақты құру, өту, білім беру туралы айтылған

Автор:   •  Апрель 9, 2022  •  Реферат  •  964 Слов (4 Страниц)  •  548 Просмотры

Страница 1 из 4

«Балабақшада флипчарт технологиясы арқылы білім беру»

Баялиева Акнур Акылбаевна, тәрбиеші, жоғары білімді

№37 «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасы, Тараз қаласы

aida-aidara@mail.ru 

Аңдатпа: Бұл мақалада балабақшада жаңа инновациялық технология «флипчарт» бағдарламасы негізінде сабақты құру, өту, білім беру туралы айтылған.

Аннотация: В данной статье рассказывается о создании, прохождении, обучении занятий в детском саду на основе новой инновационной технологии «флипчарт».

Abstract: This article describes the creation, passage, and training of classes in kindergarten based on the new innovative technology "flipchart".

 Түйін сөздер: флипчарт, мультимедия, интербелсенді тақта, балабақша.

ХХІ ғасыр ақпараттың ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық аса қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы орайда еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек»[1] деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға көшуіміз керек.

Балабақшадағы оқу қызметтері өзіндік спецификаға ие, олар эмоцияға толы, қанық, көбіне түрлі-түсті көрнекіліктер қолданылған, бейне және дыбыстық жазбаларды қолдану арқылы өтіледі. Мұның барлығын бізге өзіндік мультимедиялық қабілеттерге ие компьютерлік техникалар қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, компьютер қазіргі таңда тәрбиешінің жанама көмекші құралына айналуда. Мектепке дейінгі балалық шақ – жеке тұлғаны қалыптастырудың ұтымды кезеңі. Осы кезеңде баланың қоршаған орта туралы танымы, интеллектуалды және психикалық дамуы қалыптасады.

Ақпараттық технологиялардың бірі – интербелсенді тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интербелсенді тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта еліміздегі балабақшалардың барлығында дерлік интербелсенді тақтамен қамтамасыз етілген. Ақпараттық мәдениет дегеніміз - тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. 
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл балаларға өз бетімен немесе бірлескен түрде ұжымдық шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін педагог өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Қазіргі кезде оқыту үрдісіне заманауи технологияларды кеңінен енгізу – сапалы білім берудің алғышарты болып отыр. Солардың бірі – флипчарт технологиясы бойынша құрылған сабақтар. Флипчарт сабағын Activ Studio немесе Activ Inspire бағдарламасымен құрастырып, дайындаймыз. Бұл дайындаған сабағымыздың екінші нұсқасын ашу үшін арнайы интербелсенді тақта керек. Интербелсенді тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де ақпараттық бейнесі мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрылғы. Ескі үлгідегі тақта мен бордың, тақта мен магниттің орнына жаңа интербелсенді тақталар келуде. Оның ішінде интербелсенді тақта проекторымен бірге, кез-келген жерден сабақты жүргізуге арналған сенсорлы қалам бар. Сенсорлы қалам кәдімгі бордың қызметін атқарады.  

« flip» сөзі «сальто, лақтырып тастау, қанаты арқылы айналдыру», ал chart – «диаграмма, сызба, карта, кесте, тірек»[2] деген ұғымдарды білдіреді. Флипчарты жетпісінші жылдардың ортасында Питер Кент ойлап тапқан деген анықтама бар, алайда бұл жаңсақ пікір. Флипчарт тақтасын ең алғаш болып америкалық NCRC компаниясының негізін қалаушы Джон Генри Паттерсон ойлап тапқан. Бұл туралы «Home Field Advantage» кітабында жарық көрген оның өмірбаянында айтылған және де 1912 жылы Джеффри Гитомирдың «The Patterson Principles of Selling» кітабының бір тарауында «The Power of a Flipchart» тақырыбымен толық жазылып, көрсетілген[3].

...

Скачать:   txt (14.4 Kb)   pdf (122.3 Kb)   docx (12.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club