Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің ағарту дәуіріндегі философтары жайлы ойларым: Мен өз педагогикамнан не аламын

Автор:   •  Октябрь 31, 2020  •  Эссе  •  416 Слов (2 Страниц)  •  1,044 Просмотры

Страница 1 из 2

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті.

«Физика, Математика және цифрлық технологиялар жоғары мектебі» факультеті.

 1 курс студенті: Тошболова Айнур Ерболкизи.

Мамандығы: Математика-Физика. 6В01502

 

          ЭССЕ

Менің ағарту дәуіріндегі философтары жайлы ойларым: Мен өз педагогикамнан не аламын.

  Сонау қилы замманннан күні бүгінге дейін жер бетінде философия іліміне өз үлесін қосқан ғалымдар көп болды. Олардың қатарында Сократ, Платон, Аристотель, Лао-Цзы, Конфуций, Әл Фараби және т.б

 Философтарлың барлығы дерлік ұстаз болған. Сократтың артында өзі жазған бір де бір еңбегі қазірге дейін жетпеген. Тек шәкірттерінің арқасында жетті. Өз ілімінде « Менің білетінім- ештеңе білмейтінім» деген даналық сөзді қалдырды. Бұл сөзді қазақтың « Білгенім-  тоғыз, білмегенім- тоқсан тоғыз» сөзімен мағынасы жағынан ұқсаттым. Сократ үшін маңыздысы адамның өзін-өзі танып білуі еді.

 Аристотель- бірінші ұстаз. Қазіргі лицей және гимназия ұғымдарын термин ретінде алғаш енгізген. Өз еңбектерінде тәрбиеге, үлкенді құрметтеуге баса назар аударған. Бұны өзіміздің «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» сөзімен қысқа түсіндіруге де болады. Ал Платон болса, физикалық тұрғыдан тәрбиелеуге, спорттық жаттығулар мен ойын- сауық арқылы сабақ түсіндіруді жөн көрген.

Менің байқағаным философтар  қандай қиыншылық болмасын білім беруге талпынған. Мысалы, Конфуций – ел аралап, адамдардың көзін ашып, білім нәрімен сусындатып, ілім-ғылымға үйрету үшін неше жылдық өмірін сарп етіп, сапарға айырбастаған.

 Ал Иоган Генрих Пистолоцци кішкентайынла нашар оқыса да, есейе келе, кедей балаларды жазу-сызуға үйреткен. Жан Жак Руссо балаларды үш түрлі жалғасты кезеңмен тәрбиелеу керек дейді. Әл Фараби тәрбие, білім беруді Ислам қағидаларымен оқытып отырған.

  Менің түйгенім бүгінге дейін жеткен атақты ұстаздар мен философтар біреуге сабақ беріп, оны тәрбиелеп, білімді, парасатты адам етіп жетілдіруге қосқан орасан зор үлесі үшін тиын да сұрамаған, талап етпеген. Қалай ойлайсыз, не үшін?

Менің ойымша олар білім беруді мамандық ретінде емес, өзінің сүйікті ісі, хоббиі ретінле қараған. Сол істен өздері ләззат алып, құлшынып жұмыс жасаған.

...

Скачать:   txt (5.4 Kb)   pdf (38.8 Kb)   docx (8.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club