Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің сүйікті ісім –кітап оқу

Автор:   •  Январь 4, 2018  •  Доклад  •  328 Слов (2 Страниц)  •  8,679 Просмотры

Страница 1 из 2

Менің сүйікті ісім –кітап оқу

Әр адам өзінің жаратылысына байланысты әр түрлі нәрселерге қызығушылық танытады. Кейбір адам ән айтуды, сурет салуды ұнатады, ал кейбіреуі футбол, баскетбол сынды спорттық ойындармен айналысқанды жақсы көреді. Бұндай қызығушылықтар әр адамға өте қажет-ақ. Бұлар бір адамның болашақ кәсібі болса, енді біреулердің өміріне бақыт сыйлауы мүмкін. Мен кітап оқуды жақсы көремін. Керемет оқиғаларды бастан кешіру, әлемге өзге адамның көзі арқылы қарау және автордың уақытпен жинаған бағалы тәжірибесін бойыма сіңіру - менің сүйікті ісім.

        Кітап беттері адамға өзі бұрын соңды болмаған әлемдерге саяхаттау мүмкіндігін береді. Қызықты әлемде саяхаттай отырып,   «Менің атым –Қожадағы» екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қазақ ауылына  немесе Гарри Поттердағы сиқыр әлеміне барып қаламыз. Тіпті, Робинзон Крузодағы мұхиттың ортасындағы аралға да тап келуіміз мүмкін. Мен «кітап арқылы барған жерлерде» өмірде істей алмайтын, істерді жасай аламын және ерекше сезімдерді бастан кешіремін. Кітап арқылы өзімнің өмірге деген көзқарасымды кеңейтемін, басқа адамдарды жақсырақ түсінуді үйренемін. Әлі кішкентай болғандықтан, жер шарының көптеген жерін көрген жоқпын, бірақ сүйікті досым кітаптың арқасында қиялымда тіптен, ғарышқа да барып келдім. Көңіл күйім болмаған сәттерде сүйікті ісім маған бірден-бір қуаныш сыйлайды.  

        Кітап – менің қиял ғажайып әлемдерге саяхаттайтын қақпам болумен қатар менің ұстазым және жол сілтеушім. Адамдардың ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен ойлары маған білмегенімді үйретеді, түсінбегенімді түсіндіреді. Энциклопедиялар өмір сүріп жатқан әлеміміздің қаншалықты керемет екенін паш етсе, тарихи кітаптар адам баласының жүріп өткен ұзақ жолын көрсетеді. Келешекте жеткім келетін мақсаттарымның барлығына жету үшін кітап оқуым қажет. Жетістікке жеткен көптеген адамдардың айтатын ең бірінші ақылы ол – кітап оқу, сондықтан менде бұл іске деген қызығушылық болғанына өте қуаныштымын.

...

Скачать:   txt (4.2 Kb)   pdf (41.6 Kb)   docx (10.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club