Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түркі дәуіріндегі Орталық Азия халықтарының рухани мәдениетінің дамуы

Автор:   •  Март 2, 2018  •  Реферат  •  3,003 Слов (13 Страниц)  •  8,077 Просмотры

Страница 1 из 13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

                         

СӨЖ

Тақырыбы: Түркі дәуіріндегі Орталық Азия халықтарының рухани мәдениетінің дамуы мен әдеби дәстүрлерінің қалыптсуы

Орындаған:                                                             Тексерген:

ПД-613 тобының студенті                                     Жетекші

Турлыбекова А.С                                                    Жанқадамова Г.А

                                                       Семей 2016ж

                                                 

                                                              Жоспар

Кіріспе....................................................................................................................................3

  1. Көне түркі дәуірінің мәдениеті.................................................................................4
  2. Түркі дәуіріндегі Орталық Азия халықтарының рухани мәдениетінің дамуы...........................................................................................................................7
  3. Түркі дәуіріндегі Орталық Азия халықтарының әдеби дәстүрлерінің қалыптасуы..................................................................................................................9

Қорытынды...........................................................................................................................12

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................................13

Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын бертін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын билемейді, қайта керісінше, олардың болмысы адамдардың санасын билейді”. Менің бүгінгі алдыма қойып отырған мақсатым: Түркі дәуіріндегі Орталық Азия халықтарының рухани мәдениетінің дамуы мен әдеби дәстүрлерінің қалыптсуын зерттеп, осы тақырыпты толығымен ашып, жазу. Ал міндеттерім: жоспар құру; кітап, журнал және сайттарды пайдалану; тақырыпты толық әрі түсінікті қылып ашу; қорытынды жасау.

 

Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең байтақ даласын алғашқы қауымдық құрылыс тұсында-ақ аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысатын  түрлі тайпалар мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Бұл өлкенің табиғаты, ауа-райы, кен байлығы ежелгі адамның тіршілігіне қолайлы болған. Сонау қола дәуірінің өзінде түрлі тайпаларынан мал өсірушілеодің бөлініп шығуын Ф.Энгельс қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлінісі деп атады.

Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтардеген атпен белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық  даму дәрежесі жағынан мемлекеттік құрылыс сатысына таяп қалған еді. Оларды мал өсіру және егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. Сол кезде-ақ қызыл – қоңыр және магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен темірден түрлі қару-жарақ (найза, семсер, айбалта, садақ жебелері, дулыға т.б), үй шаруашылығына қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған.

Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ көсемінің киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың “Алтын обасынан” (Шымкент облысы) шыққан әшекей-сәндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) мен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер сақтардың көркемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды өңдеу тәсілі жоғары болғ,анын аңғартады.

Сақтарда бұғы, арқар, арыстан, самұрық құс суретін салу мен олардың бейнесін алтыннан құйып жасау стилінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда айтылған “Алтын обадан” табылған зергелік-әшекей бұйымдардың кейбір бөлшектері мен суреттерінің өте кіші әрі нәзік етіп жасалғаны сондай, оны тек үлкейткіш шыны арқылы ғана айқын көруге болады.

...

Скачать:   txt (39.3 Kb)   pdf (131.8 Kb)   docx (25.4 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club