Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Стратификациялық әлеуметтанулық зерттеудің әртүрлі тәсілдерін салыстыру, олардың ерекшеліктерін бөліп көрсету

Автор:   •  Ноябрь 7, 2021  •  Реферат  •  627 Слов (3 Страниц)  •  1,879 Просмотры

Страница 1 из 3

[pic 1]

Тақырыбы: Стратификациялық әлеуметтанулық зерттеудің әртүрлі тәсілдерін салыстыру, олардың ерекшеліктерін бөліп көрсету.

         

2021-2022 оқу жылы

        

Біз қоғамдағы теңсіздіктерді, олардың түрлері мен сипаттарын күнделікті өмірде жиі кездестіреміз. Мұндай әлеуметтік тұрақтылыққа әрқайсымыз әбден үйреніп кеттік десек қате болмас. Ендігі кезекте сол теңсіздікті, оның түрлерін, себебін, салдарын тереңінен зерттеуге мүмкіндік беретін ұғым – стратификацияға және оның кең ауқымдылығына тоқталайық.

        Стратификация – қоғамның жоғары сатыдағы адамдар мен төменгі сатыдағы адамдардың, яғни байлық, бедел, сырт келбеті, әлеуметтік жағдайы, өмір сүру салтына байланысты тең емес позициялардың болуы. Ол қай қоғамда болмасын орын алатын қалыпты құбылыс. Тарихымызға шолу жасасақ, бұл құбылыстың бір сәт болсын жойылған кезеңі болмаған. Халық құрамында хан, би, шаруа, әскери күш, құл, т.б. секілді топтар әрдайым бір-бірінен деңгей бойынша ерекшеленіп тұрды. Әр топтың өзіндік шекаралары, өзіндік орындары, өзіндік шектеулі құқықтары болды.

        Деректерге сүйене келе, стратификацияның жүйелерімен таныс болдық, олар – ашық және жабық. Ашық жүйе – қоғам мүшелерінің әлеуметтік жағдайларын, беделін, деңгейлерін өзгертуге мүмкіндік болатын құрылым. Жабық жүйе – ашық жүйеге қарама-қарсы мағынада. Мысалы, үнді қоғамында қоғам мүшелері касталарға жіктелген және бұл жүйе ата-анадан балаға тұрақтылықпен жалғаса береді. Яғни, ата-ана бай немесе беделді болса, балаларына да осы жағдай толығымен жасалып, дәл сондай болып жетіледі. Ал егер ата-ана кедей болса, олардың балалары басқа жүйеге ауысы құқығына ие бола алмайды.

        Стратификацияның негізгі принциптері қандай деген сұраққа тоқталсақ, ол:

  • Жеке адамға емес, қоғамға тән жалпы құбылыс;
  • Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді;
  • Әмбебап болса да, өзгермелі формада болады;
  • Тек теңсіздік емес, оның түпкі тамыры қоғам философиясында жатыр.

Стратификацияға тән сипаттамалар:

  • Әмбебап. Авторлардың мәлімдеулеріне сүйенсек, стратификация – ең ада қоғам. Бұл қоғамда бәсекелестіктің ең әділетсізтүрлері жүреді. Сорокиннің айтуы бойынша «барлық тұрақты қалыптасқан қоғам стратификацияланған».
  • Әлеуметтік. Стратификация – әлеуметтік құрылым. Оған тән әлеуметтік белгілер – биологиялық емес мәдени белгілер болып саналады. Оларға білім, тәжірибе, билік секілді факторлар жатады.
  • Ескі. Айтып кеткендей, бұл жүйе адамзат қоғамы қалыптасқан сәттен қазіргі уақытқа дейін жалғасын тауып келеді. Одан әрі де жалғасын табады.
  • Әртүрлі формада. Әр қоғам әртүрлі әлеуметтік стратификация нысандарымен сипатталады. Мсыал ретінде, касталық және таптық жүйелерді ала аламыз. Касталық жүйеде шектеулі ресурстарды аскриптивті мәртебеге сәкес үйлестіреді. Ал таптық жүйееде шектеулі ресурстарды қол жеткізген мәртебеге сәйкес үйлестіреді. Осы екі формадаға айырмашылықты айқын байқап, стратификацияның бірдей болмайтындығын түсінуге болады.
  • Қалыпты өмір салты. Аталып кеткен жүйелерді тек өмірлік мүмкіндіктер деп қарау қате болады деп ойлаймын. Себебі, бұл құбылыстың шегі болмағандықтан, ол халықтың қанына сіңіп күнделікті қалыпты өмір салтына айналып кеткені рас.

[pic 2]

[pic 3][pic 4][pic 5][pic 6][pic 7][pic 8][pic 9][pic 10][pic 11][pic 12][pic 13][pic 14][pic 15][pic 16]

        

Әлеуметтік стратификацияның өлшемдері:

  • Абырой. Адамдарды ерекше тұстарына байланысты құрметтеу. Радклифф Браунның айтуынша, қоғам ішінде ерекше құрметке, беделге ие топтар бар, олар:
  • Қарттар;
  • Тылсым күштері бар адамдар;
  • Аңшылық, спорттық секілді ерекше қабілеттерге ие адамдар.
  • Артықшылықтар. Қоғамның көпшілік бөлігі нені қалайды, нені қолдайды, сол бағытқа бару. Мысалы, дәрігер мамандығының беделі зор, ұстаздың жалақысы жоғары болса, көпшілік сол бағытқа қарай бағыт алады. Ал адамның ішкі қалауы рөл ойнамай қалады.
  • Танымалдылық. Қоғамның ауқымды бөлігі қандай да бір киім үлгісін сәнге айналдырса, басқалардың да соған еліктеуі. Яғи бұл жерде адам қарапайым болса да, өзгелерге әдемі, ауқатты болып көрінуге тырысады.

Әлеуметтік стратификация басқа әлеуметтік институттардың барлығымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, стратификацияның дін, білім, неке, экономикалық құрылым және саяси жүйелерге тигізетін әсері өте үлкен.

Міне, осымен стратификация түсінігімен, оның қаншалықты өте көп тармақтарға созылып жатқандығына көзіміз жетті. Бұл саламен таныс болудың, оны меңгерудің пайдасы зор болды. Ешқандай білім өмір сүруде артықтық етпейді. Керісінші таным көкжиегімізді кеңейтіп, зейінімізді ашады.

...

Скачать:   txt (8.3 Kb)   pdf (201.8 Kb)   docx (18 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club