Әртүрлі елдердегі ұлтаралық жеккөрушілік пен этникааралық қақтығыстардың себептері
Автор: 87773885626 • Март 6, 2020 • Контрольная работа • 585 Слов (3 Страниц) • 695 Просмотры
Әртүрлі елдердегі ұлтаралық жеккөрушілік пен этникааралық қақтығыстардың себептері.Бұл себептерді жоюға болады ма? Қандай шаралармен?
Нәсіл мен этнос-адамзаттың санаттарын анықтайтын аскриптивті ерекшкліктер. Бұлар әрдайым стратификацияның негізіне алынады.
Топтар қоғамда күн сайын өзара әрекетке түсіп отырған кезде жіктелуі мен теңсіздік қалай шығады? Бұл сұрақты нәсілдік және этностық теңсіздікті түсінуге қажетті мына тұжырымдамаларды қарастырудан бастаймыз:нәсіл мен этностың әлеуметтік құрылымы,дискриминацияның артуы, көпшілік пен азшылық топтар ұғымдары және олардың өзара әрекеттесуінің негізгі үлгілері.
Азшылық пен көпшілік топтар арасындағы қарым-қатынастар конфликтіге айналып кетуі жиі кездеседі. АҚШ-та 20-ғасырда туындаған нәсілдік және ұлтаралық шиеленістердің себебі-азшылық топтардың әлеуметтік, саяси және экономикалық істерге қатысуына шектеу қоятын заңдардың қабылдануы. Басқа уақытта,басқа жерде болған нәсілдік және ұлтаралық қақтығыстар зардабынан құлиеленушілік пайда болған, ұлттық азшылық топтар концентрациялық лагерьлерге күштеп , мәжбүрлеп жөнелтілген, өз елінен күштеп көшірілген. Конфликт шектен тыс асқынған кезде геноцид, яғни халықты жаппай қырып-жоюға бағытталған әрекет жасалуы мүмкін. Тарихта геноцидтер болғаны мәлім. Қазір де Ауғанстанда, Пәкістанда, Дарфурда және басқа жерлерде геноцидтік шабуылдар жасалып тұрды.
Құрылымдық-функционалдық теория әлеуметтік құрылымдарды қоғамның қалыпты әрекет етуіне тиімді ететін әдістерді және сол құрылымның тиімсіздігіне әкелетін, жалпы қоғамның мүдделеріне қайшы келетін себептерге баса назар аударатынын білдік. Құрылымдық-функциялық теория қоғамдағы немесе кейбір топтардағы нәсілдік және этносаралық теңсіздіктің қалыптасу жолдарын анықтауға көмектеседі. Нәсілдік және этностық қатынастарды зерттейтін құрылымдық-функциялық теория ғалымдары қоғамдағы теңсіздікті бәсеңдету жолдарын анықтап, жағдайды өзгертіп, соло арқылы азаматтық соғыс сияқты конфликтілерге жол бермей қарекетті жалғастыру мүмкіндіктерін қарастырады.
Нәсілдік және этностық теңсіздіктің дискриминация, сегрегация және заңдастырылған нәсілшілдік қалай әсер ететіні қарастырылады.Қазіргі ғалымдар конфликт сөзін қолданады. Бұл теорияға байланысты шектеулу ресурстарға қатысты бәсеклестік барысында технологияға қолжетімділік пен құлиеленушілік сияқты тарихи жағдайлар кейбір топтардың үстемдігін күшейтті,ал басқа
...