Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Стратификацияны зерттеудің әр түрлі бағыттарын салыстырыңыз, олардың ерекшеліктерін анықтаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметт

Автор:   •  Март 28, 2024  •  Реферат  •  698 Слов (3 Страниц)  •  170 Просмотры

Страница 1 из 3

Стратификацияны зерттеудің әр түрлі бағыттарын салыстырыңыз, олардың ерекшеліктерін анықтаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология)

ЖОСПАР

1. Стратификация

1.1 Стратификация құрылымының түрлері

1.2 Карл Маркстың әлеуметтану теориясы

1.3 Макс Вебер әлеуметтік теориясы

2. Қорытынды

СТРАТИФИКАЦИЯ

Стратификация дегеніміз қоғамда болып жатқан жағдайлар мен негіздемелерге сәйкес халық арасында әлеуметтік мәртебесіне, біліміне, беделіне, билігіне қарау жіктелу процесі. Ол әр мемлекеттегі әлеуметтік заңнамаларына сәйкес негізделеді. Осыдан мемлекетте тұрып жатқан халық арасындағы теңсіздік жүйесі қалыптасады.

Жалпы теңсіздік екі жағдайда қарастырылады:

• Біріншіден, теңсіздік әлеуметтік құрылымдар негізінде қалыптасып, өзіндік әлеуметтік нормаларға сүйенеді.

• Екіншіден, теңсіздік адамның қасиеттерінен қарағанда, жалпы топ мүшелігіне қарай жіктеледі. Мысалы, қандай да бір көк бас киім киетін жұмысшылар құрамы.

СТРАТИФИКАЦИЯ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

Страфикацияның негізі қоғам арасындағы айырмашылық тудыртатын қол жеткен немесе туа біткен мәртебенің негізделу деңгейіне алып келеді. Яғни, мәртебе арқылы адам өзге топ мүшелерінен ерекшеленіп, қоғамда елеулі рөл атқарады.

Мәртебе өзі екі санатқа бөлінеді:

• Қол жеткізген мәртебе- адамның өмірінде қол жеткізе алатын қоғамдағы орны. Ол міндетті, қатаң нәрсе ретінде танылмайды, өмір бойы жалғаса береді. Мысалы, таптық жүйесіндегі ресурстардың тең бөлінбеу жағдайын жатқызсақ болады.

• Ал туабітті (аскриптивті) мәртебе керісінше, мұрагерлікпен немесе туа біткен мәртебе жиынтығы. Ол міндетті, қатаң ретінде танылып, өзгеріске ұшырамайды. Оған мысал келтіретін болсақ, Үндістанда орын алып жатқан касталық немесе варналық жүйесі.

Аталған екі мәртебенің өмірде болып жатқан жағдайларға байланыстырып, оның алып келген салдарын талдайтын болсақ:

Касталық жүйе. Үндістанда индуизм діні шамамен б.з.б. бірінші мыңжылдықта қалыптасып, қоғам арасында касталық жүйенің негізделуіне алып келді. Касталық жүйе негізгі 4 топқа бөлініп, өзіндік қоғамдағы рөлі мен міндеттерге бекітілген әлеуметтік негізіндегі едәуір ауыр күрделісін негіздеді. Үнді қоғамында «брахмандар», «кшатрийлер», «вайшилер» және «шудралар» деп аталатын варналық немесе касталық топтардың қалыптасуы тікелей діни-мифологиялық түсініктемелерді синтездеу арқылы наным-сенім мен ұлттық дәстүрлерді бейімдеді. Негізгі жаратушы Брахма құдайының физиологиялық құрылысының бөліктері касталық топтардың өзіндік рөлдер мен міндеттемелерді анықтауға мүмкіндік берді. Брахма құдайының бас бөлігі брахмандарды, қолдарын кшатрийлерге, жанбасын вайшилер және оның аяқтарын соңғы топқа шудраларға бекітті. Алайда, халықтардың арасында бұл жүйеге кірмейтін арнайы топты «кесапаттылар» деп атады. Бұл топтар әлеуметтік жүйеде өзіндік жұмыстарды жүргізіп отырды: брахмандар ақ түсті үлгісіндегі киімдерді киіп, діни жорамаларды жүргізіп тұрды; кшатрийлер көбінесе қызыл бояулы

...

Скачать:   txt (10.9 Kb)   pdf (52.7 Kb)   docx (10.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club