Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақпараттық жүйе ақпаратты жинау, өңдеу, жіберу және сақтау жүйесі ретінде. Жүйенің әртүрлі классификациясы

Автор:   •  Февраль 22, 2019  •  Лекция  •  585 Слов (3 Страниц)  •  2,063 Просмотры

Страница 1 из 3

Ақпараттық жүйе ақпаратты жинау, өңдеу, жіберу және сақтау жүйесі ретінде. Жүйенің әртүрлі классификациясы

Ақпараттық жүйе – аппараттық және бағдарламалық комплексті пайдаланып, оңтайланған шешімді  қабылдауға арналған күрделі  (ақпаратты жинайтын, сақтайтын, іздейтін, өңдейтін және шығаратын) динамикалық жүйе.

АЖ түрлері және олардың міндеттері

1 Оңтайландырылған ақпараттық жүйесі. Құру мақсаты – қабалданған шешімдерді оңтайландыру;

2 Іздеу ақпараттық жүйесі;

3 Эксперттік жүйе - бұл нақты пәндік облыс бойынша білімдерге негізделген бағдарламалық қамтамасыз ету;

4 Автоматтандырылған жобалау жүйесі;

5 Автоматтандырылған басқару жүйесі (АСУ), автоматты технологиялық процестерді басқару жүйесі (АСУТП);

6 Геоақпараттық жүйе - жерде орналасқан объектілерді іздеу және көрсету үшін арналған жүйе.

7 Автоматтандырылған жұмыс орны (АРМ). 1) жұмыс істеуші адамның компьютерлік желі қызметіне араласуын үйымдастыратын қосымша аспаптармен жабдықталған автоматтандырылған жұмыс орны; 2) техникалық құралдардың тиісті кешенімен жарақтандырылған және тиісті программалық, ақпараттық жасақтамамен жабдықталған дара жұмыс орны. Құрамына жұмыс істеуші адамның есептеу желісі қызметіне араласуын ұйымдастыратын қосымша аспаптар кіреді.

Қарапайым және күрделі жүйелер

Жүйенің күрделілігі бойынша бөлінуіне бірқатар амалдар бар.

Атап айтқанда, Г.Н. Поваров, жүйеге кіретін элементтер санына қарай, жүйенің төрт классын ажыратады:

I. Шағын жүйелер (10...103 элемент);

II. Күрделі (104...107 элемент);

III. Ультра күрделі (107. ..1030 элемент);

IV. Супержүйелер (1030.. .10200 элемент).

Элементтің тұжырымдамасы жүйені зерттеудің міндеті мен мақсаты бойынша туындайтындықтан, бұл күрделіліктің анықтамасы абсолютті емес, салыстырмалы болып табылады.

А. И. Берг кем дегенде екі түрлі математикалық тілдерде (мысалы, дифференциалдық теңдеулер теориясы мен булевтік алгебра) сипатталуы мүмкін жүйе ретінде күрделі жүйені анықтайды.

Күрделі жүйелер жүйеде математикалық түрде дұрыс сипатталмаған жүйелер болып табылады, себебі жүйеде белгісіз түрде байланыспаған элементтердің өте көп саны немесе жүйеде болған құбылыстардың табиғаты белгісіз.

А.А. Вавилов күрделі жүйелерге тән ерекшеліктерді анықтады: көп өлшемді, қосарланған, көп контурлы, сондай-ақ көп деңгейлі, құрама және көп мақсатты құрылым.

Жүйе теориясында үлкен жүйе өзара байланысқан және өзара әрекеттесетін элементтердің үлкен санынан тұратын және күрделі функцияны орындауға қабілетті болған жүйені айтады.

Кіші жүйелер мен үлкен жүйелер арасында нақты шек жоқ. Бұл бөлім шартты болып табылады және олардың құрамында функционалды артықшылығы бар ішкі жүйелер жиынтығының бар болуына байланысты пайда болады.

Кіші жүйе тек екі жағдайда болуы мүмкін:

1. Жұмысқа қабілеттілік жағдайы (өзгертілген, жұмыс істейтін);

2. Қабыл алмау жағдайы (өзгертілмеген, жұмыс істемейтін).

...

Скачать:   txt (8.9 Kb)   pdf (262.1 Kb)   docx (49.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club