Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Стратификацияны зерттеудің әр түрлі бағыттарын салыстырыңыз, олардың ерекшеліктерін анықтаңыз

Автор:   •  Октябрь 28, 2022  •  Эссе  •  533 Слов (3 Страниц)  •  1,222 Просмотры

Страница 1 из 3

Стратификацияны зерттеудің әр түрлі бағыттарын салыстырыңыз, олардың ерекшеліктерін анықтаңыз

        Әлеуметтік стратификация қоғамдағы жеке адамдар мен  топтар арасындағы теңсіздікті білдіреді. Стратификация көбінесе артықшылықпен және меншікпен байланыстырылады. Алайда, стратификация жыныс, жас, діни ұстаным, әскери лауазым сияқты басқа да белгілердің негізінде пайда болуы мүмкін.

        Жеке адамдар мен топтардың стратификация жүйесіндегі орнына байланысты шектеулі ресурстарға қолжетімділігінің деңгейі әртүрлі болып келеді. Демек, стратификацияны әртүрлі топтар арасындағы құрылымдық теңсіздік ретінде қарастыруға болады.

        Социологиялық зерттеулердің көбісі Карл Маркс пен Макс Вебердің тап пен стратификация ұғымдары бойынша құрған идеяларына негізделеді. Марксизм аясында жұмыс істейтін зерттеушілер Маркс құрған идеяларды одан әрі дамытқан болса, басқа зерттеушілер Вебердің көзқарасының негізінде жұмыс жасады.

        Маркс тапты өндіріс құралдарына бір деңгейде иелік ететін топ ретінде қарастырды. Қазіргі қоғамда өндіріс құралдарына фабрикалар, зауыттар, құрал-жабдықтар және соларға қол жеткізуге мүмкіндік беретін жеткілікті қаражат жатады. Қазіргі таңда негізгі таптарға кәсіпкерлер мен капиталисттер және жұмысшы тап жатады. Капиталисттер өндіріс құралдарына иелік етсе, жұмысшы тап оларға өз еңбегін сату арқылы күн көреді.

        Маркс бойынша, таптар арасындағы қарым-қатынас эксплуатация негізінде құрылады. Индустриалды қоғамдағы эксплуатация бұрынғыдан қарағанда күрделі сипатқа ие болды. Сол себептен, Маркс оның табиғатын айқындау үшін біраз тер төккен болатын.  Оның ойынша, жұмыс уақыты ішінде жұмысшы тап өндірген тауарлардан түскен табыстың бір бөлігі арқылы кәсіпкер жұмысшылардың еңбекақыларын төлесе, бір бөлігін өзіне иеленіп алады. Бұл қосымша құн капиталисттердің табыс көзі болып келеді.

        Маркс капиталисттік жүйе тудырған теңсіздікке қатты таң қалған болатын. Өнеркәсіптің дамуының арқасында адам тұрмысына қажетті тауарлар көп көлемде өндіріліп бастаса да, жұмысшылардың өз еңбектері арқасында жиналған байлыққа еш қолжетімділігі жоқ. Олар әлі күнге дейін салыстырмалы түрде кедейшілікте өмір сүріп жатса, ал, иеленуші таптың байлығы үнемі өсіп отырады.

...

Скачать:   txt (7 Kb)   pdf (63.7 Kb)   docx (8.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club