Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Заманауи тәрбие құндылықтарының өзекті проблемалары

Автор:   •  Декабрь 21, 2022  •  Доклад  •  791 Слов (4 Страниц)  •  464 Просмотры

Страница 1 из 4

Заманауи тәрбие құндылықтарының өзекті проблемалары

Бала – басты байлығымыз,

ал ең асылымыз оның тәрбиесі

Жүсіп Баласағұн

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген Мұхат Әуезовтің сөзі «тәрбиенің тал бесіктен басталатындығын» тағы да шегелеп тұрғандай. Елдің болашағы – өскелең ұрпақ, жастар, біздің балаларымыз. Ендеше оларға берілетін тәрбиеге ата-ана, мұғалім, бүкіл қоғам жауапты.

Тәрбие неден басталады? Атам қазақта «Балаңды жеті жасқа дейін патшадай сыйла, он төрт жасқа дейін құлыңдай жұмса, он төрттен кейін досыңдай сырлас» деуші еді ғой. Иә, өмірге «іңгәлеп» келген бауыр еті баласына ата-анасы барлық махаббатын, жүрек жылуын, саналы ғұмырын арнайды. Солай болған, солай бола да береді. Өмірдің өзі – жаратылыс соған негізделген.

Менің балам батыр болады, ақын болады, ғарышкер болады дейтін ата- аналар, қазір де солай. «Елу жылда ел жаңа» демекші, тек қазір «менің балам бизнесмен болады, менің балам әкім болады, бай болады...» осылай дейтіндер көппіз.

Нені таптық, нені жоғалттық?.. Оқушылардан «Кім боламын?» деген тақырыпқа шағын ойтолғау жаздырамыз емес пе? Сол кезде оқып отырып, кейде өзіміз де ойланамыз. Қазіргі балалардың көпшілігі «бай болсам,үлкен үй салсам, ақшам көп болса» деген армандар төңірегінде жазады. Арман алға жетелейтіні сөзсіз, бірақ көңілде тағы да түйткілі көп сұрақтар қалады.

«Тексізден тезек артық» демеп пе еді батыр атамыз Бауыржан Момышұлы. Ұсақтап кеткен жоқпыз ба? Қандай құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіріп жатырмыз. Ақын Абай «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» демеп пе еді? Жас ұрпақтың бойында сол «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» бар ма?

Қоғам болған соң «бес саусақтың бірдей емесі» сияқты адам баласы

...

Скачать:   txt (6.8 Kb)   pdf (40.5 Kb)   docx (9.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club