Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Зерде бұзылысы бар жасөспірімдердің тұлғааралық қарым-қатынасының ерекшеліктері

Автор:   •  Октябрь 13, 2019  •  Статья  •  1,972 Слов (8 Страниц)  •  842 Просмотры

Страница 1 из 8

ӘОЖ: 316.472.4

           Муханбетчина А.Г  – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,

             М.Өтемісов атындағы БҚМУ

E-mail: muhanbetchina@mail.ru 

            Кенжегалиева А.Ж – магистрант, М.Өтемісов атындағы БҚМУ

                                                                        E-mail: 1.a.k@mail.ru 

ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСЫ БАР ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Аңдатпа. Мақалада зерде бұзылыстары бар жасөспірімдердің тұлғааралық қарым-қатынасының теориясы қарастырылған. Зерде бұзылыстары бар жасөспірімдердің тұлғааралық қарым-қатынасының ерекшеліктері және қарым-қатынасын дамыту бағдарламасы сипатталған.

Тірек сөздер: жасөспірім, зерде бұзылысы, зерде бұзылысы бар жасөспірімдер, қарым-қатынас, тұлғааралық қарым-қатынас.

Психология ғылымында қарастырылатын негізгі ұғымдардың бірі – қарым-қатынас мәселесі. Қарым-қатынас – қоғам дамуының құралы және мәдениет деңгейін бейнелейтін қоғамдық тарихи дамуының нәтижесі. Қарым-қатынас үдерісінде адамның ұжымдағы әрекет бірлігі қамтамасыз етіледі, танымдық іс-әрекет негізінде адамның қасиеттері мен мінез-құлқы қалыптасады.Қарым-қатынас адамды толық түсінуге, оның рухани –адамгершілік қасиеттерін, дамуын, жетілуін және жеке психологиялық ерекшеліктерін білуге мүмкіндік туғызады.

Психологиялық сөздікте қарым-қатынас ұғымына келесідей анықтама берілген: «Қарым-қатынас – бірлескен іс-әрекеттегі қажеттіліктен туындаған адамдар арасында ақпарат алмасу, байланыс орнату және оны дамытудың күрделі, көп жоспарлы үрдісі» [1].

Жалпы қарым-қатынас мәселесінің мән-мағынасы, тұлға дамуында маңыздылығы психолог ғалымдар Б.Д.Парыгин, А.А.Леонтьев, Б.Г.Ананьев, С.М.Жақыпов, С.Қ.Бердібаева, Н.Қ.Тоқсанбаева, С.А.Елеусізова және т.б. еңбектерінде қарастырылған.  

Әрбір жеке адамға тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті, білімі мен тәрбиесі бар екенін ескере отырып, қарым-қатынасқа деген ынтасын арттыру – олардың жеке қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға мүмкіндік жасау болып табылады. Кеңес психологтарының (А.Н.Леонтьев, Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн) теорияларына сәйкес баланың психикалық дамуы әлеуметтік ситуациямен анықталады, бұған оның қоғамдағы орны, үлкендер және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жүйесі жатады.  

Психолог Н.Қ.Тоқсанбаева: «Қарым-қатынас - бұл белгілі бір өзара қарым-қатынас қалыптастыру мақсатындағы мазмұнымен, қызығулармен, көзқарастарымен, көңіл-күйлерімен дамиды», - деп түсіндіреді. Ол қарым-қатынасты зерттеуде келесілерге төмендегіше тоқталады: біріншіден, қарым-қатынас іс-әрекеттің ерекше типі – коммуникациялық іс-әрекет; екіншіден, қарым-қатынас – кез келген іс-әрекеттің іске асырылу шарты; үшіншіден, қарым-қатынас арнайы берілген іс-әрекеттің нәтижесі [2].

Жасөспірімнің алдында тұрған міндеттердің бірі – басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу міндеті. Жасөспірімнің ішкі әлеміндегі өзгерістердің басталуы өмірлік міндеттердің шешілуінің негізгі шарты ретінде өзіне бағдарлану болып саналады. Осы жасөспірімдік кезеңнің басында қарқынды қарым-қатынас, басқа адамдармен қарым-қатынастарымен әрекет, тұлғааралық қарым-қатынас жасау жүреді. Түсіндіріп кететін болсақ, дос іздеу, өзара қатынастарын ретке келтіру, өз ойларымен, мәселелерімен бөлісу орын алады.

Тұлғааралық қарым-қатынас – өзара қарым-қатынас жасау барысында адамдар арасындағы табиғатта және өзара әсер ету жолында объективті түрде көрінетін субъективті тәжірибелі қарым-қатынас. Адамдардың бір-бірін қабылдаған және бағалайтын көзқарастары, бағдарлары, үміттері, стереотиптері және басқа да көзқарастарының жүйесі [1].

Адам қарым-қатынас нәтижесінде тұлға болып қалыптасатындығын ескерсек, ерекше білімді қажет ететін балалар үшін қарым-қатынастың маңыздылығына назар аударған жөн. Өйткені, «ерекше» балалар қарым-қатынасқа түсе отырып қарым-қатынас дағдыларын меңгереді, әлеуметтік ортаға бейімделеді. Мемлекетіміз ерекше білімді қажет ететін жандарға ерекше назар аударып, қамқорлық көрсетуде. ҚР Білім туралы Заңы, Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы осының дәлелі.

...

Скачать:   txt (30.8 Kb)   pdf (196.5 Kb)   docx (37.7 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club