Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ әдебиетінің жасөспірімдердің оқырмандық сана-сезімін дамытудағы орны

Автор:   •  Май 26, 2018  •  Реферат  •  1,262 Слов (6 Страниц)  •  752 Просмотры

Страница 1 из 6

Қазақ әдебиетінің жасөспірімдердің оқырмандық сана-сезімін дамытудағы орны

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, өзіндік  сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды: Бәсекелестік қабілет. Ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп, ХХІ ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап айттып өтсе. Ендеше болашақ ұрпағымыздың қазақ әдебиетіне деген  оқырмандық сана-сезімін дамыту арқылы, жасөспірімдердің білімге, жаңашылдыққа деген қызығушылығын ояту.

Ал енді өзіндік сана-сезім дегенге тоқталатын болсақ. Өзіндік сана-сезім- сананың өзіңді білу мен өзіңе қатнастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді-өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.

Қарым-қатынас үдерісінде адамдар бірін-бірі біліп, біріне-бірі баға береді. Өзгенің осындай бағалауы әр адамның өзін-өзі бағалауынан көрніс танытатынын болады.

Отандық психологяда өзіндік сананы зерттеу жұмыстары айтарлықтай кең таралғанымен, бұл проблема өзінің тиісті орнына ие болмаған. Өзіндік сана проблемасын «тұлға психологиясын тудырған өмірлік мағынасы зор» проблема деп қарастырған А.Н Леонтев оны «ғылыми психологиялық талдаудан тысқары қалған» шешімін таппаған проблема ретінде қарастырады37.

Отандық зерттеушілердің көпшілігі А.Г.Спиркин38, И.И. Чеснокова39, В.В. Столин40, өзіндік сана, сана дамуының кезеңі немесе оның дамуындағы жоғары деңгей емес дегенді бір ауыздан айтады. И.И.Чеснокова бұл жайлы былай деп жазады «өзінің күрделілігі мен дамуы бойынша сана үрдістері өзіндік сана үрдестнрінен қалмайды. Осыған орай өзіндік сана«сананың бөлінбейтін бір бөлігі. Жағы немесе жақтауы»ретінде қарастырылады».

Өзіндік сана проблемалары әр түрлі жақтарына жасалынған талдау ішінен кеңес психологиясындағы сана мен іс әрекет біртұтастығы ұстанымы ерекше орын алады. Бұл ұстанымға байланысты адамның іс-әрекеті оның өзіндік санасының, психикалық үрдістері мен ерекшеліктерінің қалыптасуына себеп болады. Соңғылар адам іс-әрекеін реттеп отырады және оның дұрыс жүзеге асуының шарты болып саналады.

Отандық психологияда тұлғаның жалпы құрлымындағы тұлғаның өзіндік сана оның психикалық іс-әрекетінің күрделі интегративтік қасиеті ретінде қарастырылады. Бір жағынан, ол тұлғаның белгілі бір кезеңдердегі дамуын анықтайтын сияқты болса, екінші жағынан, мінез-құлықты іштен реттеуші ретінде көрінеді.

Өзіндік сана тұлғаның үздіксіз дамуының ішкі шарты бола отырып, тұлғаның ішкі күйі және оның мінез-құлқы түрлері мен сыртқы ықпалдар арасында тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. «Тұлғаны психикалық тұрғыдан зерттеу проблемасы тұлғаның психикалық қассиеттерін – ерекшеліктерін, темпераменті мен сипатын – зерттеумен аяқталмайды, ол тұлғаның өзіндік санасын ашып көрсетумен аяқталады».

Л.С.Выготский «өзіндік сана ішке ендіріліген әлеуметтік сана» деп есептейді45. Адамның оны меңгеруіне интерирозияция негіз болады. Онтогенездің әр түрлі кезеңіндегі өзіндік сананың этнопсихологиялық, жыныстық, жас ерекшеліктерін қарастыратын эксперименттік зерттеулердің бір тобы адам тұлғасының қалыптасуы мен дамуына қатысты кешендік көзқарастар аясында Ж.И. Намазбаеваның басшылығымен жасалуда46. Тұлғаның этномәдениеттік ерекшеліктері мен оның өзіндік санасының  талдау жасау проблемасы жаңа әлеуметтік жағдайлар барысында маңызды орын алып, психологиялық зерттеулерде көп байқалады.

Л.Ф.Обухова өзінің психологиялық зерттеулерінде «Жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры,жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы.Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі,сыншылдықтың көрінуі ерте жеткіншек жаста сақталады,бірақ,олар мәнді өзгерістерге ұшырап,саналы түрде бейнеленеді.Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік сана-сезімінің дамуында айырықша ерекшелігі өзіндік рефлексиясының күштілігінде көрінеді»-деген. 

Шетел ғалымдарының өзіндік сана-сезімге айтылған тұжырымдамаларына тоқталатын болсақ. Өзіндік сана-сезім кезінде адам қоршаған әлемнен ерекшеленеді, табиғи және әлеуметтік оқиғалар ширегінде өзінің орнын анықтайды. Өзіндік сана-сезім адамның өз әрекеттерін және өзін-өзі басқаруын талап ететін өмір салтының әсерінен белгілі бір даму кезеңінде қалыптасады, олар үшін толық жауапты болады. Адамның өзіне деген көзқарасы мен шарасы, ең алдымен, басқа адамдар, өзінің мәні бойынша өзіндік сана-сезімі терең әлеуметтік сипатқа ие3.. Философ Е.В. Ильенков «өзіндік сана-сезім адамның ерекше сапасы - адамның атрибуты, сондықтан оның талдауы толығымен психологияның мүдделеріне сәйкес келеді» деп атап өтеді. Дегенмен, қарапайым сезім, өзін-өзі қабылдау фактісі бойынша өзіндік сана-сезім фактісін төмендете алмайды4. 1920 жылдың қаңтарында «Мәдениет философиясы» атты баяндамасында айтқан А.Билидің философиялық дәлелдері мен қорытындылары өте қызықты. Ол «мәдениет – өзіндік сана-сезім өсу үрдісі» деп санайды. Психологиялық әдебиетте өзіндік сана-сезімге әртүрлі анықтамалармен ерекшеленеді. В.В. Юрчук өзіндік сана-сезім арқылы түсінеді: «субъекттің өз мақсаттарына жеке-саналы қатынасы - міндеттер - қажеттіліктер - әуестіліктер - қалаулар мен мультимотивтік мінез-құлық; өзіндік сана-сезімнің жай-матрицалық үлгілері көрсетіледі - эмоционалды- жеке субъективтік әлеуетінің сезімтал-мотивациялық бағалауы »6.

...

Скачать:   txt (21.2 Kb)   pdf (134.3 Kb)   docx (17.2 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club