Жасөспірімдердің интеллектісін анықтау бойынша эксперименталды-тәжірибелік жұмыс
Автор: ainurzh98 • Май 30, 2019 • Курсовая работа • 7,165 Слов (29 Страниц) • 979 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Математикалық факультет
Математика кафедрасы
Курстық жұмысы
Орындаған: 4с МК-9 топ студенті
Қыденова А.Т
Ғылыми жетекшісі: математика кафедрасының меңгерушісі Жұматова.М.С.
Орал, 2014
Мазмұны:
Кіріспе 3
I-тарау Сыныптан - тыс жұмыстарды зерттеудің теориялық негіздері 5
1.1 Сыныптан - тыс жұмыстар туралы жалпы түсінік 5
1.2 Сыныптан - тыс жұмыстардың модельдері 8
1.3 16
II-тарау Жасөспірімдердің интеллектісін анықтау бойынша эксперименталды-тәжірибелік жұмыс 19
2.1 Равеннің интеллект деңгейін анықтауға арналған әдістемесіне сипаттама 19
2.2 Тәжірибелік жұмыстың нәтижелерін талдау 22
2.3 Интеллектіні дамыту мәселесі бойынша ұсыныстар 25
Қорытынды 26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 27
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылыми прогресс деңгейіне сәйкес білім беру, тәрбиелеу, олардың рухани байлығы мен мәдениетін жетілдіру адамзат қоғамының маңызды міндеті болып табылады. Ал адамды жан-жақты дамыту үшін оған әсер ететін факторларды, алғышарттарды білу керек. Қазіргі қоғам дамуының ең маңызды факторлары - білім және ғылым. Осы орайда интеллектінің даму деңгейі мәселесі ерекше орын алады. Себебі бұл адамның ең ұлы қабілеті ойлауын, танымын, білімін зерттеуге жол ашады. Сондықтан интеллектті зерттеу ертеден бүгінге дейін келіп жеткен, толық анықталмаған өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазіргі білім беру жүйесінің негізіне салынатын ойдың ең өзектісі тұлғалық бағдарланған тәсіл, яғни оның мәні оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру, оның қабілеттерін, ең алдымен интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау болып саналады.
Сонымен қатар, тәжірибе көрсеткендей, орта оқу-тәрбиелік мекемелерде оқушыны шексіз тұлғалық дамыту, оқытуды интеллектуалдандыру деп аталатын принциптерін іс жүзінде шынайы жүзеге асыру деңгейінде обьективтік пен субьективтік қайшылықтар туындады, атап айтқанда:
- Оқушының зияттық потенциалын дамыту үдерісіне оқытушының арнайы дайындығының қажеттілігі және оның жетіспеушілігі арасында;
- Оқушының әр түрлі деңгейдегі интеллектуалдық қабілеттері және оқу үдерісін, жеке дараландырудың жетіспеушілігі арасында;
- Оқу үдерісінің негізіне жалпы білім мен оқытулар жатады, ал интеллектуалдық қабілетті дамытуды, әсіресе оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыру мен дарынды балаларды талап етеді.
Қазіргі мектептерде оқушының интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға көмек көрсету әрқашан ең өзекті және өзекті де бола береді.
«Интеллект» терминіне көптеген ғалымдар, психологтар әр түрлі анықтама береді. Сонау ерте кездің және бүгінгі күннің психологтардың, ғалымдардың жұмыстарында жазылған, зерттелген интеллекттің әртүрлі тұжырымдамалары бар. В.Штерннің пікірінше, интеллект дегеніміз жаңа өмір жағдайына бейімделе алудағы жалпы қабілет. Л.Полани бойынша интеллект – бұл білім алу қабілеттерінің бірі. Жалпы дамыған интеллект Ж.Пиаже бойынша индивидтің қоршаған ортамен «тепе-теңдікке» жеткен кезінде көрініс табады. М.К.Акимованың пікірінше, интеллектінің негізі ақыл-ой белсенділігі болып табылады, ал өзіндік реттеу мәселені шешу үшін қажет белсенділік деңгейін қамтамасыз етеді. Бұл көзқарасты Э.А.Голубевада жақтап, интеллектуалдық өнімділіктің базалық факторына белсенділік пен өзіндік реттеуді жатқызады және оларға тағы да жұмысқа қабілеттілікті қосады. Дж.Томпсон интеллектіні тек абстрактылы түсінік ретінде мінез-құлықтық сипаттамалардың қатарын жеңілдетеді және жинақтайды деп болжады.
...