Жастық шақ кезеңнің психологиялық даму ерекшеліктері
Автор: dinara7799 • Февраль 13, 2019 • Реферат • 8,367 Слов (34 Страниц) • 4,506 Просмотры
[pic 1]
М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Группа:ППС-17K
Орындаған:Саликова А.Ж
Қабылдаған:Макажанова А.Ж
Петропавл қ 2018 ж.
Жоспары:
1. Жастық шақ кезеңнің психологиялық даму ерекшеліктері....................3
2. Оқыту үдерісінде бірлескен іс-əрекеттің студенттің тұлғалық
белсенділігін дамытудағы маңызы.............................................................4
3. Ортамен өзара əрекеттестігінің студенттердің тұлғасының қалыптасуындағы рөлі.................................................................................18
Жастық шақ кезеңнің психологиялық даму ерекшеліктері
Жастық шақ кезеңге сəйкес келетін студентті тұлғалық жағынын қарастыратын болсақ, онда 18-25 жас аралығы бұл адамгершілік жəне эстетикалық сезімнің белсенді дамуы, мінездің орнығуы мен тұрақтану кезеңі, ең маңыздысы ересек адамның əлеуметтік рөлінің сипатына ие болу: азаматтық, кəсібиеңбектік толық кешенін меңгеру. ЖОО-дағы оқу кезі екінші жасөспірімдік кезеңмен бірінші ержету кезеңімен сəйкес келеді, өйткені тұлғалық қасиеттер – үдерістің қалыптасуының қиындығымен ерекшеленеді. Бұл жаста адамгершілік дамуына тəн
қасиет жүріс-тұрыстың саналы мотивтерінің жетілуі болып табылады. Жоғарғы сыныпта өз деңгейінде жетіспеген, қалыптаспаған қасиеттері осы кезде белгілі түрде нығая бастайды, олар мақсатына ұмтылуы, шешім шығаруы, табандылығы, бағыттылығы өзін-өзі басқаруы жəне дербес болуы. Əлеуметтік, моральдық құндылықтарға қызығушылығы арта бастайды (мақсаттары, өмірдің мəні, қарызы, махаббаты, сенімділігі жəне т.б.). Жоғары оқу орнында оқу уақыты тұлға қалыптасуының күрделілігімен ерекшеленетін жастық шақтың екінші кезеңіне немесе ересектіктің бірінші кезеңіне тұспа-тұс келеді. Мінезқұлықтың саналы мотивтерінің күшеюі осы жас шамасында адамгершілік дамуға тəн сипат болып табылады. Жоғары сыныптарда толықтай жетіспеген мақсаттылық, табандылық, батылдық, дербестілік, бастамашылдық, өзін-өзі меңгеру қасиеттері нығая бастайды. Моральды проблемаларға (мақсатқа, өмір салтына, борышқа, сүйіспеншілікке, адалдыққа жəне т.б.) деген қызығушылық артады. Сонымен қатар жас ерекшеліктер психологиясы жəне физиологиясы саласындағы мамандар адамның өзінің мінез-құлқын саналы реттеу қабілетінің 17-19 жас шамасында толықтай дами қоймайтындығын айтады. Əрдайым тұрарлық бола бермейтін мотивтерге арқау етудің негізінде өз қылықтарының салдарын алдын ала болжай алмаушылық, себепсізден себепсіз тəуекел ету жағдайлары жиі кездесуі мүмкін. Мысалы, В. Т. Лисовский 1920 жас шамасының риясыз құрбандық пен толықтай жан-тəнімен берілу, сондай-ақ теріс көріністердің де жасы деп есептейді. Жастық шақ – өзін-өзі талдау жəне өзін-өзі бағалау кезеңі. Өзін-өзі бағалау өзінің идеалды «Менін» реалды үлгісімен салыстырудың негізінде жүзеге асырылады. Алайда идеалды «Мен» əлі де болса жете анықталмағандықтан, кездейсоқ болуы мүмкін, ал реалды «Мен» тұлғаның өзімен жан-жақты бағаланбаған. Жас адам тұлғасының дамуында осындай объективті қарама-қайшылықтың орын алуы оның өз-өзіне деген сенімсіздігін тудырып, кей жағдайларда тіптен сыртқы агрессияға, дөрекілікке, түсініксіздік сезіміне, ұласуы мүмкін. ЖОО оқыту кезеңі – бұл студентке білімнің, іскерлік жəне дағды жүйелерінің қалыптасу уақыты. Дəл осы уақытта тұлғалық қасиеттердің белсенді дамуы, даралықтың, ақыл-ойдың жəне адамгершілік қасиеттері жүзеге асады, адамның маман ретінде қалыптасуы жүреді. Студенттердің кəсіби əрекетті игеруі оқыту үдерісінде жүзеге асады. Оқу іс-əрекетінің толығырақ анықтамасын, Д. Б. Эльконин берген: «оқу іс-əрекеті алдымен сол оқушының өзіндегі өзгерістердің жүзеге асатын əрекеттік нəтижесі. Бұл іс-əрекеттің өзгеруі бойынша оның жемісі болып субъектінің өзінің орындау барысы болып табылады». Мұндай түсінікте оқу іс-əрекетінің пəні болып сол студенттің əлеуметтік тəжірибенің элементтерін игеру жолында құрылатын тəжірибесі анықталынады, ал жемісі – студенттің өзі жəне оның дамуы. Жоғары оқу орындарындағы оқу барысында студент бойында болашақ маман ретінде тұлғалық қалыптасуы бірнеше бағыттар бойынша дамиды: – Рухани-идеялық сенімін жəне моральдық беталысы, кəсіби бағыттылығы қалыптасып өркендейді, мамандыққа қажетті қабілеттілігі жетіледі; – өзіндік даму мүмкіндігі пайда болады, психикалық таным үдерістерінің жүйесі нығаяды, кəсіпке сай эмоциялық қалыптар жетіледі, жалпы кəсіби тəжірибенің алғышарттары қалыптасады; – кəсіби жауапкершіліктің бастамалары пайда болады, əрекеттің нəтижелігіне сай жауапкершілік туындайды, студенттің индивидуалдылық жүйесі тұлға өрісінде белгіленеді; – студенттің болашақ мамандыққа сай талаптану деңгейі тұлғалық сипат ретінде өсе бастайды; – əлеуметтік-мəдени жəне кəсіби мамандық тəжірибені өсіру мен қажетті сапаны қалыптастыру негізінде студенттің тұлғалық жақтары мен оның тұрақтылығы өркендейді; – студенттің болашақ маман ретінде қажетті қасиеттер мен кəсіби тəжірибенің қалыптасуында өзіндік тəрбиелеудің рөлі артады; – болашақ практикалық еңбекке сай кəсіби дербестілігі мен арнайы дайындығы нығаяды. Жоғары мектептегі оқу үдерісі – мақсат мотивтерден ақпаратты қабылдаудан басталып, күрделі шығармашылық үдерістерді іске асырумен аяқталатыны мəлім. Таным үдерістері əртүрлі эмоциялық көріністерді жəне т.б. сипаттарды саналы түрде жүзеге асыратын ақыл-ой əрекеті болып табылады. Студенттердің оқу іс-əрекеті – белгілі білім көлемін меңгерумен ғана шектелмей, олар оқу үдерісінде өз бетімен еңбектеніп білім қорын дамытуға, сөйтіп еңбекке деген шығармашылық көзқарастарын қалыптастыруда да ықпал етеді.
...