Фольклор жанрларының даму ерекшеліктері
Автор: arueleusiz • Сентябрь 9, 2020 • Творческая работа • 256 Слов (2 Страниц) • 909 Просмотры
Фольклор жанрларының даму ерекшеліктері
Халық ауыз әдебиетінің анықтамасы, түсінік |
Өзіне тән белгілері,ерекшеліктері |
Жанрлары |
Зерттеушілер есімдері |
Фольклор- халқымыздың ауызекі шығарып, ауызекі таратып отыратын асыл мұрасы. Яғни, фольклор ауызекі тарап отырады, халық жадында мәңгілік сақталады. Көңіл-күйді білдіретін қара өлеңдер мен ән сөздері лирикалық жанрға, ертегілер мен аңыз әңгімелер, батырлық және ғашықтық жырлар эпостық жанрға жатады. | 1. Авторы-халық,жалпыхалықтық шығармаға айналып кеткен.Ерте кезден пайда болып, бүгінгі күнге дейін ауыздан ауызға тараған себептен нақты авторы жоқ. 2.Көпнұсқалылығы. Қазіргі заманға асыл мұраны жеткізушілер өте көп болғандықтан сан алуан нұсқасы бар, әркім әрқилы жеткізген. 3. Синкреттілік сипаты басым. 4.Ортақ көріктеуіш құралдар, образ жасау тәсілдері жиі қайталанады. Бір жырдағы сипаттаулар келесі шығармаларды белгілі бір кейіпкерді, не табиғатты сипаттауда қолданылады. 5. Ауыз әдебиетінде синтаксистік қайталаулар жиі кездеседі. 6. Жалпыхалықтық шығармаға айналып кеткен. 7.Халық ауыз әдебиеті ғасырлар шеруінен, талай әлеуметтік, қоғамдық топтар елегінен өтіп, сан алуан өзгерістерге ұшыраған. | Тұрмыс-салт жырлары (халықтың күнделікті өмірімен тығыз байланысты.) Бір түрі- Төрт тұлік малға, еңбекке, аңшылық кәсіпке байланысты туған шығармалар. Жаңылтпаштар Лиро-эпостық жырлар Шешендік сөздер(халқымыздың даналығын дәріптеп, ұрпаққа үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие береді.) Мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдер саны да, берер тәлім-тәрбиесі де өте көп. Құрылымдық ерекшелігі-поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ырғақтылық байқалады. Ертегілер Айтыс ( фольклордың күрделі жанрларының бірі) Аңыз әңгімелер(белгісіз құбылыстар кездескенімен, тарихи шындыққа жанасады) Жұмбақтар (ойлау қабілетін, алғырлықты дамытады) Эпостық жырлар Тарихи жырлар | 1.Ә.Қоңыратбаев, 2.Ш.Уәлиханов, 3.Ы.Алтынсарин, 4.А.Құнанбаев, С.Бабажанов, Т.Сейдалин, С.Жантөрин, Б.Дауылбаев, С.Садырбаев. Ресейлік зерттеушілер: В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, А.А.Алекторов, В.В.Григорьев, И.Н.Березин, Н.И.Ильминский, П.М.Мелиоранский П.И. Рычков П.С.Палла И.Г.Георги И.Ф.Фаль И.Г.Андреев Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Мәметовалар Бақытжан Уәлиқызы Әзібаева Едіге Тұрсынов Тынысбек Қоңыратбаев, Шәмшадин Керімов Қалжан Қоңыратбайұлы, Күмішәлі Бөриев, Ілияс Жансүгіров т.б ғалымдар. |
...