Әртүрлі кезеңдегі Қазақстанның эканомикалық даму ерекшеліктері
Автор: 25mahabbat05 • Февраль 12, 2023 • Реферат • 951 Слов (4 Страниц) • 226 Просмотры
"Әртүрлі кезеңдегі Қазақстанның
эканомикалық даму ерекшеліктері"
тақырыпқа зерттеу жұмыс
Тексеруші:М.А.Нурлановна
Жұмысты жасаған:Ш.М.Берікқызы
Кіріспе
Әртүрлі кезеңдегі Қазақстанның экананомикалық даму ерекшеліктері тақырыбынан мен "Кеңес үкіметі орнауының бастапқы кезеңіндегі Қазақстанда эканомиканын дамуы" деген пунктін зерттеуге алдым.Бұл пункта біз "1917 жылы Қазақстан екі ревалюцияны бастан кешкені", "1919 жылы Кеңес үкіметі әскери коммунизм саясатын неліктен қабылдағаны туралы", "1921 жылы большивиктер партиясының Х съезінде жаңа эканомикалық саясат (ЖЭС) қабылданғаны", "жаңа эканомикалық саясат азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырғаны ", "жоспарлы эканомикадан нарықтық эканомикалық қатынасқа өтуі", "1925 жылы большивиктер партиясының ХIV съезінде елде индустрияландыру бастау шешімі қабылданғаны", "индустрияландыру барысындағы ең ірі жоба Түркістан Сібір теміржол торабын салынуы" туралы танысатын боламыз.
1917 жылы Қазақстан екі ревалюцияны бастан кешті.Ақпан буржуазиялық ревалюциясы патша үкіметін құлатып, қосүкімет құрды олар Уақытша үкімет пен жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Кеңестері.Екі үкімет болғандықтан олар билікті бірлесіп жүргізе алмай олардың арасында шиеленіс пайда болды. Ол шиеленісе бергендіктен оның соңы эканомиканың құлдырауына алып келді. Құлдыраудан кейін елде болған келесі төңкеріліс ол қазан ревалюциясы нәтижесінде осы екіуақытша қосүкімет құлатылып билік Кеңес үкңметінің қолына өтті. Кейін барлығы капитализмнен бас тартып социализімге көше бастады. Қазақстанның мал шаруашылығы да социалистік құрылысқа көше бастады жінеде Ресей құрамындағы Қазақстан ендігі өмірін Кеңес үкіметінде жалғастыратын болды.Мемлекет кәсіп орындарды, материялдық қорларды бақылауға алды сонымен қатар Қазақстан тек шикізат өнімідерін өндіру саласында қала берді ал мұнай, газ, металл өндірісі бойынша кәсіп орындар мүлдем болмады.
Мемлекет меншігіне өткен өндіріс орындары жұмыс істемеді. 1919 жылы Кеңес үкіметі әскери коммунизм саясатын қабылдады өйткені эканомикалық қиындықтарды шешу үшін. Оның мақсаты азық түлік салғыртын енгізу еді. Үкімет ауылшаруашылығынан қалған артық өнімді мемлекет пайдасына жіне соғысқа қажет деп алып отырды. Бірақ бұл шаруашылардың көңілінен шықпады сондықтанда олар шаруашылықты тоқтата бастады . Оны байқаған Кеңес үкіметі саяси эканомикалық дағдарысқа қарсы бағдармалар шешу керек екенінді сезінді.
1921 жылы большивиктер партиясының Х съезінде жаңа эканомикалық саясат (ЖЭС) қабылданды. Әскери коммунизм саясытынан жаңа эканомикалық саясатқа көшу барысында өкімет тек мемлекеттік меншік және жекеменшік иеленуге рұқсат берді бірақ сондада билік бақылап отырды.
Жаңа эканомикалық саясат азық түлік салғыртын азық түлік салығы мен алмастырты. Оның басты айырмашылығы салықты нақты қанша төлеу керегін белгіленіп, қалған артық өнімді өзінде қалдырып өз еркіңмен пайдалану. Осыған байланысты шаруашылық жақсы дамыды. Азаматтық соғыс біткеннен кейін еңбек міндеткерлігі жойылды. Өімді,кәсіпті арттыру үшін үкімет көптеген мүмкіндіктер берді. Сонын әсерінен көптеген кәсі орындар қалпына келіп, өнімдері арта бастады, ауылшаруашылығы, егіншілік жақсы дамыды. Жәнеде жәрменке саудасы қайта жанданды.
...