Ақпараттық экономикадағы электрондық ақша: даму ерекшеліктері мен келешегі (Форте банк мысалында)
Автор: Aidook • Май 13, 2022 • Курсовая работа • 13,164 Слов (53 Страниц) • 296 Просмотры
Ақпараттық экономикадағы электрондық ақша: даму ерекшеліктері мен келешегі (Форте банк мысалында)
КІРІСПЕ
1. «ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚША» ҰҒЫМЫ ТҮСІНІГІ МЕН ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Электрондық ақша түсінігі және оның мәні
1.2 Электрондық ақшаның даму тарихы және эволюциясы
1.3 Электрондық ақшаны пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктері
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚШАНЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУ ПРОЦЕСІ МЕН ОНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛЕР НӘТИЖЕСІ
2.1 Қазақстандағы электрондық ақша түрлері мен нысандары
2.2 Электрондық ақша қолданысына әсер етуші факторларды талдау
2.3 Банк жүйесіндегі электронды ақшаның даму перспективалары
3. ФОРТЕ БАНКТАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚШАНЫ ПАЙДАЛАНЫЛУ ДЕҢГЕЙІ МЕН ОНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
3.1 Форте банктағы электрондық ақшаның даму жағдайына талдау жасау
3.2 Банктегі электрондық ақша айналымын дамытудағы тиімді жолдар мен олардың тиімділігін бағалау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША БЕТ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі постиндустриалды қоғам экономиканың тұтыну сапасының өсуіне байланысты мәселелерді шешуге бет бұруымен сипатталады. Өндірісті әртараптандыру, ірі желілік корпорациялардың пайда болуы, әр түрлі меншік нысандарындағы жаңа сауда алаңдары және т.б. адамдардың алуан түрлі тауарлар мен қызметтерге қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Алайда, әлемде адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырудың экономикалық мүмкіндіктері кеңейіп қана қоймай, қазіргі қоғамның тұтыну ауқымы да өзгеруде. Ол, ең алдымен, ақпараттық технологиялар мен техникалық прогрестің әсерінен шикізаттың, материалдардың, өнімдердің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты артып отыр.
Тұтыну және сауда саласының сатып алушылар талабы секілді өзгеріп отыруына назар аудару керек. Енді тұтынушылар сатушының орналасқан жерінен қашықтан қол жеткізу режимінде сауда жасай алады, каталогтар, буклеттер, электрондық пошта арқылы тауарларға тапсырыс бере алады. Тұтынушылар мен сатып алушылар сауда ұйымдарындағы қызмет көрсету сапасы мен олардың жақсы көңіл күйде жүргізілуіне баса назар аударады.
Сауда-саттық арқылы қызмет көрсету саласы әр екі-үш жыл сайын өзгеріп отырады, нарықта сатып алудың жаңа әдістері пайда болып, нарыққа жаңа жұмыс ережелері мен нормаларын енгізуші жаңа бәсекелестер қосыла бастайды. Бұл саладағы ең белсенді зат ол - электронды ақша. Электрондық ақша нарықтың негізгі элементі ретінде жақында ғана пайда болды, бірақ олардың көмегімен әлемде жасалған айналым миллиардтаған долларға бағаланады. Сонымен бірге, әлемдік және Қазақстан экономикасында электронды ақшаны анықтау мен оның құрамдас бөлігі - электрондық төлемдерді талдау мен бағалаудың нақты анықтамасы әлі де табылмай отыр.
Сондықтан зерттеу тақырыбының өзектілігі электрондық ақша айналымының мәні мен динамикасын талдау, оларды құқықтық реттеу қажеттілігі болып табылады.
Интернет пен компьютерлік технологиялардың белсенді дамуы тауарлар мен қызмет көрсету салаларының виртуалды кеңістікте дамуын жалғастыруға жол ашты. Бұл сатушының да, сатып алушының да орналасқан жеріне қарамастан сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электрондық ақшаны ойлап табу қажеттілігін тудырды.
Ақшаның бұл түрінің ерекшелігі-олар материалдық тұрғыдан өмірде кездеспейді, себебі оларға қол тигізіп, ұстай алмаймыз. Алайда, ақшаның бұл түрі толығымен материалдық ақша болып есептелініп қана қоймай, сонымен қатар қарапайым
...