Жасөспірім кезеңнің негізгі ерекшелігі
Автор: kurbanalinazerke • Июль 21, 2020 • Реферат • 471 Слов (2 Страниц) • 1,359 Просмотры
Адам өміріндегі ең маңызды, ыстық естеліктермен есте қалатын кезеңнің бірі - жасөспірімдік шақ. Жасөспірім шақтағы жеткіншек өзінің өмір сүруіндегі мәнділікті іздейді, өзінің біртұтастылығын игеруге талпынып, өзгелер арасында өз орнын табуға тырысады. Әрбір жан жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашуға талпынып, сезім мен ой-тылсымдарын тануға бағыттайды. Бойларында бозбалалық максимализм қызып тұрған шақта дарыны мен талантын талабына ұштастыратыны да, девиантты мінез-құлық қалыптастырып, зиянды заттарға әуесқойлық танытатындары де табылады бұл кезеңде.
Жантану ғылымының көлемді бір бөлігін жасөспірім шақтың психологиясы иеленетіндіктен, аталмыш тақырып аясында зерттеу жүргізіп, құнды мағлұмат қалдырған ғалымдар аз емес, әлі де зерттеп жатқандары баршылық...
Холл Грэнвилл Стэнли ең алғаш бірнеше негізгі қарама – қайшылықтарды бөліп көрсете отырып, жасөспірім кезеңіндегі жеткіншектердің мінезіндегі амбиваленттілік пен пародаксальдылықты сипаттап көрсетті. Жасөспірімдік өмірге аяқ басқанда шектен тыс белсенділік - аяқ шалысқа, шектен тыс көңілділік - уайым, өзіне сенімділік - ұялшақтық пен қорқыныш, жоғары деңгейдегі адамгершілік талпыныстарының күрт төмендеуі, ашық қарым-қатынастық, өте нәзік сезімталдық апатияға, өткір құштарлық – бірбеткейлікке, оқуға деген ынта белгісіздікке ұласып, бақылау мен әуестілік сияқты талқылаулар болады. Холл бұл кезеңге «Боран мен тегеурін» кезеңі деген атау берді. Ғалым жасөспірім кезеңнің мазмұнын «өзіндік сана – сезім» кризисі деп сипаттай отырып, жасөспірімдер тек осыны басынан өткеріп қана жеке даралық сезіміне ие бола алады деген тұжырым айтты.
Жасөспірім кезеңнің негізгі ерекшелігі – дамудың бар жақтарын өзгерту. Осы кезеңде адамның өз беттілігі өмірге деген дайындығымен анықталып, жасөпірімнің дүниетанымы, кәсіби іс-әрекетті таңдауы және тұлғаның азаматтылық маңыздылығын нақтылау аяқталады. Факторлар әсерінен тұлғаның қоршаған адамдармен қатынас жүйесі және өзіне деген қатынасы толықтай өзгеріске ұшырайды. Аталмыш әлеуметтік позицияның әсерінен жасөспірімдердің қоғамдық пайдалы іс - әрекетке, оқуға деген қатынасы өзгеріп, қызығушылықтары пайда болып, белгілі бір болашақ мамандыққа деген байланыс қалыптасады. Берілген кезең жасөспірімнің үлкендермен мінез-құлықтың барлық аймақтарында тәуелсіздігін көрсетеді.
...