Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Білім -өмір шырағы

Автор:   •  Декабрь 13, 2018  •  Эссе  •  674 Слов (3 Страниц)  •  23,787 Просмотры

Страница 1 из 3

                                Білім – өмір шырағы

                                                Білімдіге дүние – жарық,

                                                Білімсіздің күні – ғарып.

                                                                (Халық даналығы)

Алтыншы сынып оқушысы болғанша талай білім мен ғылымды ойыма тоқыдым. Осы уақыт ішінде білімнің мән-мағынасы мен маңызын түсіндім. Оқу мен білімде озат болдым. Бәрі менен қалай үлгеретінімді сұрайтын. Шыны керек, қалай үлгеретінімді өзім де білмейтінмін. Алайда мен осының себебін біле алдым. Ол талпыныс пен талап екен. Халқымның айтқан дана сөзі, білімді ойға тоқу үшін шын жүрегіңмен талаптан, талпын деген...

«Білім – өмір шырағы»,- деген нақыл сөз дұрыс айтылған. Білім – бұл қолдағы шырақ. Шырағын жарық жақса сен өмірде адаспай мәнді де, сәнді ғұмыр кешесің. Білімді  болу бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық  жақсылық білімнен шығады. Адамның санасы – түбі жоқ теңіз, ал білім – теңіз түбіндегі гауһар тас. Ғылым-білім  инемен құдық қазғандай , оны меңгеру үшін көл-көсір өлшеусіз әрекет ету керек. Ғылымға түбегейлі берілген адам ғана ойлаған мақсатына жете алады.

Мен «Білім – өмір шырағы» деген сөздің астарлы мағынасын тереңінен түсінемін. Себебі адам білімсіз өмір сүре алмайды.  Егер адам ең болмаса, ғылымның бір саласын меңгермесе, қазіргі заманда өмір сүруі қиын болады.  Қазіргі  Қазақстанның халыққа қойған басты талабы – әрбір азаматтың орта және жоғары білімі болуы керек. Сонымен қатар әр азамат үш тілді меңгеруі керек. Менің ойымша, бұл талаптар өте орынды.  Өйткені, Қазақстан  әлемдік деңгейге шығуды көздеп отыр.  Мектебімізде үш  жылдан бері жаңартылған білім мазмұнында білім алып келеміз. Бұл білімнің басты мақсаты функционалдық сауаттылыққа бейімдейді.

Білім тек қызметте ғана емес, отбасылық өмірде де керек. Мысалы, Абай өлеңдерін отбасында қолдануға болады. Сонымен қатар «Мәңгілік ел» құндылықтарын ескеретін болсақ, адамгершілікті дәріптейтін, талап, терең ой – отбасылық құндылықтардың бірі.  Ал Абай өлеңдерін білу, білімге  және өмірге  нық басатын қадам болып табылады.

Әрине, көптеген адамдар үшін ғылым салалары мен бірнеше тілді меңгеру өте қиын. Бұған себеп қазі        ргі өскелең ұрпақ жаңартылған білім мазмұнында оқып, көптеген сауаттылыққа байланысты түрлі тапсырмаларды  өмірмен байланыстырып, оны саралап, синтездеп, оған баға беріп  меңгеруде. Қазіргі  үйдегі дәстүрлі білім алған ата-анамызға, әжеміз, аталарымызға жаңартылған білім мазмұнын түсіну өте қиын. Алайда сол білімнің мазмұнын , оның идеясын өскелен ұрпақ біз түсінідіріп жеткізудеміз.  Және де мектебіміздің мұғалімдері түрлі іс-шаралар жасап ата-аналарымызға мазмұнын түсіндіруде. Сол себептен де елімнің көркеюіне, биік асуларды бағындыруна  елбасымның құрған бағдарламасын іске асыру нәтижесінде  сапалы білімнің  маңызы өте жоғары.

...

Скачать:   txt (6.6 Kb)   pdf (70.5 Kb)   docx (11.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club