Қазіргі қоғамдағы теңдік пен теңсіздікті бағалау. Өмір бойы жалғасатын әлеуметтену: институттар мен үрдістер
Автор: S.Sultan • Ноябрь 4, 2020 • Реферат • 740 Слов (3 Страниц) • 2,734 Просмотры
Энергетикалық факультет 20-09
Сман Сұлтан
7 апта. Қазіргі қоғамдағы теңдік пен теңсіздікті бағалау. Өмір бойы жалғасатын әлеуметтену: институттар мен үрдістер
2 тапсырма. Глоссарий жұмысы
Стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор.
Жоғарғы тап – қоғамның шыңында тұратын тап. Мұндайтекті адамдардың таңдаулы мамандықтары болады - мемлекеттік қызметте әкімдер, заңгерлер, жоғары қолбасшылар яғни жоғарғы деңгейге жататын орындарға ие болады.
Касталық жүйе – шектеулі ресурстардың бөлінуі жоғары аскриптивті мәртебеге негізделген стратификация (дәстүр,дін,Үндістан)
Әлеуметтік мобильділік - адамдардын бір әлеуметтік топтар мен қабаттардан басқаларга өтуі (әлеуметтік орын ауыстырулар), сондай-ақ, олардың престижділігі, табыс деңгейі және билігі жоғары деңгейлерге жылжуы (әлеуметтік жоғарылау) немесе төменірек иерархиялық позицияларға карай жылжу (әлеуметтік төмендеу). Әлеуметтік мобильділіктің топтық және жеке түрлерін бөледі.
Таптық жүйе – коғамдық байлық (коғамда игіліктерді бөлу), өкімет, әлеуметтік беделге қолы жету межелері (критерийлері) бойынша басқалардан айрықшаланатын үлкен әлеуметтік топ. Қол жеткізген статусқа негізделген стратификация (кез келген қоғам, байлар, орта, топ, кедейлер)
Әлеуметтену - жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады.
Әлеуметтену агенттері - (лат. agens - іс-әрекет етуші) - объективті түрде жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесіне қатысушы әлеуметтік институттар мен факторлар. Әлеуметтендіру агенттеріне отбасы, оқу орындары, саяси және қоғамдық институттар, дін, БАҚ, мүдделер тобы, оқиғалар және қоғамдық өмір процесі, құбылыстар жатады. Бұлардың барлығы да жеке тұлғаның әлеуметтік сипатының қалыптасу процесіне маңызды ықпал етеді. Жеке тұлға өмірінің әр кезеңіне (балалық шағына, жасөспірім кезіне, еңбекке дейінгі, ақыл тоқтатқан, зейнетке шыққан) сай келетін өз агенттері бар.
- тапсырма. Әлеуметтену агенттері;
1) Отбасы – әлеуметтіндірудің аса маңызды агенті, өйткені баланың алғашқы және ең жақын әлеуметтік ортасын құрайды, ол өзі неғұрлым кең әлеуметтік ортаға кіреді, және оның ізін алады. Әрбір ата-ана баланы тамақтандыру мен жаялығын ауыстырған кезде балаға күлімсіреп, сөйлейді. Бұл тәрбиелеу шаралары аса маңызды, себебі бұлар болмаған жағдайда баланың әлеуметтік, эмоциялық және физикалық өсуі тежеледі. Отбасы көмегімен бала қоғамға сай келеді. Отбасы оған атау береді және оны өткен бірнеше ұрпақтарға кететін шежіреге қосады.
...