Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Қазақ тілі» пәнінен оқытудың түпкі нәтижелері – құзыреттіліктері

Автор:   •  Ноябрь 27, 2021  •  Реферат  •  2,140 Слов (9 Страниц)  •  868 Просмотры

Страница 1 из 9

«Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі»                                                                                                                                     «М.Әуезов» атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті

                                       «Филология» факультеті

                              «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы

    Реферат

Тақырыбы: «Қазақ тілі» пәнінен оқытудың түпкі нәтижелері –  құзыреттіліктері.

                                                                         

                                                                          Тобы: Фи–19–1к2

                                                                          Орындаған: Акимбек Л.

                                                                          Қабылдаған: Бескемпірова Г.

                                  Шымкент – 2021

                                             Жоспар:

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі  бөлім.

1. Коммуникативтік құзіреттіліктер.

2. Қатысымдық құзіреттілік. Зерттелуі.

3. Мұғалімнің құзіреттілігі.

3.Қорытынды.

Қазір отандық білім беру жүйесінің бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру сатыларындағы нәтижеге бағдарлан оқыту үрдісіндегі бірлік пен өзгешелікті саралауда. «Қазақ тілі» пәнінің оқыту үдерісіндегі жетекші рөлі күннен – күнге артып келеді. Өйткені бұл пән – оқушының тыңдаған, естіген ақпараттарды түсініп қабылдау, оқығанынан ой түю, түйген ойларын басқалармен бөлісу, өзгелермен пікірлесу секілді қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыратын, тұлғаның әлеуметтенуін жүзеге асыратын бәрегей пән. Тіл оқушының өзгелерді тануына, өзін танытуға мүмкіндік береді. Тілсіз адамның биік нәтижелерге жетуі, рухани дамуы мүмкін емес. Осының бәрі де қатысымдық сауаттылыққа, мәдениетке құзыреттілікке келіп саяды.

Бүгінгі күн талабы тұрғысынан қарағанда, оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, мәдени – танымдық және проблеманы шешу құзыреттіліктерін меңгеру арқылы қалыптасатын функционалдық сауаттылығы білім берудің түпкі нәтижесі болып отыр. Ол оқушының меңгеретін білімінің практикалық, қолданбалық сипатын арттыру жолымен жүзеге асады. Оқушының сауатылығының негізі бастауыш сыныптан қалыптасатыны сөзсіз. Оқушының құзыреттіліктерін қалыптастыруда «Қазақ тілі» пәнінің атқаратын қызметі бөлекше.

«Қазақ тілі» пәні бойынша білім берудің мақсаты – оқушының қатысымдық сауаттылығын қалыптастыру: тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, тілдесім дағдыларын меңгерту. Қазақ тілі нәнінде ауызша және жазбаша қарым – қатынасқа қажетті орфографиялық, орфоэпиялық дағдыларды дамытуға басымдылық беріледі, ауызша сөйлеу, жазу сауаттылығын қалыптастыру міндеті қойылуы тиіс.

    «Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) –оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Егер оқушы сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мәдени дәстүріне сәйкес өзара түсінісе алса, коммуникативтік құзыреттілікті меңгергені.

Коммуникативтік құзыреттілік - екінші тілді үйренуші оқушыларға тілдің заңдылықтарын жаттанды үйретпей, сол тілді тілдік және қатысымдық тәсілдерді орынды қолданумен байланыстыру.

Оқушылардың қазақша коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі тілдің қатысымдық және когнитивтік салаларының өзара ортақ бағыттары мен ұстанымдарынан туындаған жаңа бағыт. Екінші тілді үйренуде сөз мағынасын қабылдауда, пайымдауда, түсінуде танымдық ерекшеліктерін ескеру, олардың түрлі өмірлік ситуацияларда өз ойын, пікірін жеткізу, коммуникативтік міндеттерді шешу, қатысымдық мақсатты іске асыруда тілдің заңдылықтары мен нормаларын орынды пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру мәселелері алдыңғы орынға шығады. Ғалым Ф.Ш. Оразбаева «коммуникация» термині туралы былай тұжырымдайды: «коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдік әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді.

...

Скачать:   txt (25.3 Kb)   pdf (124.6 Kb)   docx (15.7 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club