Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ тілі мен ағылшын тілдеріндегі көптік тұлғаның айырмашылықтары

Автор:   •  Октябрь 23, 2018  •  Статья  •  1,836 Слов (8 Страниц)  •  799 Просмотры

Страница 1 из 8

Қазақ тілі мен ағылшын тілдеріндегі көптік тұлғаның айырмашылықтары

Тлегенова Г.Б.

А.Байтұрсынұлы атындағы

Тіл білімі институтының қызметкері

 Туыс емес бұл тілдерде көптік мағына үстеу барысында лексика-грамматикалық айырмашылықтардың көрініс беруі еш талас тудырмауы керек. Өйткені қарастырылып отырған тілдердегі күрделі зат есімге көптік мағына үстеу кезінде мұндай алшақтық айқын сезіледі.

Көптік жалғауының күрделі зат есімдерге жалғануы: Қазақ тілінде барлық түркі тілдері сияқты көптік жалғау сөздің соңында жалғанады, яғни морфологиялық жағынан алғанда, зат есімге тән – қасиет түбір тұлғалы зат есімнің мағынасы ешбір өзгеріске ұшырмай-ақ көпше түрде қолданылады. Агглютинативті тілдердің негізгі қасиетінің бірі – түбір сөзге әр алуан қосымшалар қосылу арқылы сөз өз мағынасын, сыртқы формасын өзгертеді, бірақ ол қосылған қосымша, сөздің бастапқы түбір тұлғасындағы мағынасын мүлдем өзгерпейді. Сөздің мағынасы өзгерген жағдайда да бұл жалғау түбір сөзден кейін қала береді.

Мысалы: 1. Зейнеп апасы кешке бір малын сойып, көрші-қолаңдарын шақырып, тілеу жасады (Қ,Омарұлы). 2. Сонда да бураның ағайын-туғандары ... теміржолдың ауыртпалығын қылша мойны тылша болып тартқан (О.Бөкеев).

Бұл сөйлемдерде көптік жалғаулар тіркестің екінші элементіне ғана жалғанып тұрсадағы, олардың ғана емес, сонымен қатар олармен тіркесе келген бірінші элементтің де көптігін білдіріп тұр. Бірінші және екінші сөйлемдердегі күрделі тіркестер посессивтік қатынаста болумен қатар, бірінші сөйлем Nтолықтауыш + ”-n” көсемше + Nбаяндауыш конструкциясы арқылы сабақтас құрмалас сөйлем болып тұрса, екінші сөйлемде күрделі зат есім бастауыштық қызмет атқарып тұр.

Ағылшын тілінде күрделі зат есімдер мен сөз тіркестеріне көптік мағына үстеу қасиеті төмендегідей жолмен жасалады:

Көптік жалғауы күрделі сөзден кейін жалғанады: 1. She sold penny time-tables. 2. Mr. Partridge placed his finger-tips together and looked at Poirot as though he were a doubtful cheque.

Мұндай күрделі зат есімдер үш түрлі жолмен жасалады. Бірінші, субстантивтенген етістік + демеулік  үлгісі арқылы: standers-by, droppers-in, hangers-on. Екінші, зат есім + демеулік + зат есім үлгісі арқылы: maids-of-honor, coats-of-arms, men-of-war, tenants-at-will. Үшінші, зат есім мен зат есімнің тіркесуі арқылы: time-tables, finger-tips.

Man, woman сөздері көмегімен жасалған сөздер формалық өзгеріске ұшырайды: 1. It was girl Edie what came to me. «Mum», she says, «there is over so many policemen next door». 2. «Pleased to meet you, gentlemen,» said Mr.Barnard mechanically (А.Кристи).

Бұл сөйлемдерден man, women сөздері ғана құрылымдық өзгеріске ұшырап, тіркестің басқы элементтері тек анықтауыш қызметін атқарып тұрғандығы байқалады. Алайда, man немесе women сөздері сөз тіркесінің конситуенті ретінде қолданылған жағдайда, тіркесуші сөздің барлығы дерлік өзгеріске ұшырайды: man doctor – men doctors.

Шенге, атақ дәрежеге қатысты күрделі тіркестердің барлық элементі дерлік көптік жалғауын алады: lords-lieutenants, lords-justices, knights-templars және т.б. Алайда, қазіргі ағылшын тілінде атақ дәрежеге қатысты барлық зат есім тіркестері осылай жасалады десек қателескен болар едік. Lord Chancellors, Lords Chancellor, courts-martial, court-martials сияқты сөздердің тек бір элементі ғана көптік жалғауын алады және ол Lord Chancellors, Lords Chancellor сөздері жағдайында мекендік-диалектік ерекшелікке байланысты болса, courts-martial негізінен әдеби шығармаларда, газет, журналдарда, ал court-martials сөзі ауызекі тілде көрініс береді.

Қазақ тілінде есімдікке көптік жалғауы жалғанғанда заттанып жұмсалады. Мұндай жағдайда есімдіктің атқаратын қызметі бастауыш қызметін атқарып, баяндауышпен қиыса байланысады. Мысалы: Ұшқыш күлімсірей бас изеді. Сосын бізге қарап: -Ей, тентектер, сендер көздеріңді өтірік уқалап, тұрмай қалып жүрмеңдер. Ал, кеттік дегенде, ұшып тұрып, тікұшаққа бізден бұрын жетіп, жайғасып отырып алатын болыңдар, – деп даусын көтере, қабағын түксите қойды (Қ.Омарұлы).

Бұл сөйлемде сендер есімдігі тентектерге бағытталып тұрса, жүрмеңдер, отырып алатын болыңдар етістіктері арқылы іс-әрекет иесінің көптігін көрсетіп тұр.

...

Скачать:   txt (23.3 Kb)   pdf (326.7 Kb)   docx (17.3 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club