Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы

Автор:   •  Апрель 14, 2018  •  Доклад  •  1,528 Слов (7 Страниц)  •  1,125 Просмотры

Страница 1 из 7

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университеті

ГӘФ Журналистика мамандығының 1 курс студенті

Қожабекова Аякөз

Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы

     Қазақ тілі - сан ғасырдан бері ата - бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл - адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі. Тілде Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу – қажеттілік. Мемлекеттік ұлттық тіліміздің баршаға ортақтығы белгілі бір заңдылықтардың, нормалардың болуын талап етеді. Ол нормалардың тіл білімінің барлық салаларында болатыны анық. Тілдің дыбыстық және мағыналық табиғаты мен таңбалануы, сандық ерекшеліктерінің үйлесімді болып келуіне байланысты. Сауатты жазудың кепілі орфографиялық ережелерді мұқият сақтап отыруда.

     Қазіргі Қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бірқатары терең зерттелгенімен зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық.Сол құбылыстардың бірі - «ң» дыбысының дұрыс айтылу,жазылу және қолдану ерекшеліктері. «ң» қатардағы көп дыбыстың бірі емес, Қазақ тілін әлемдік тілдерден, тіпті, туыс түркі тілдерінен де даралап, өзіндік сипатын көрсететін ерекше дыбыс.

Аршылығы «ң» қатардағы көп дыбыстың бірі емес, Қазақ тілін әлемдік тілдерден, тіпті, туыс түркі тілдерінен де даралап, өзіндік сипатын көрсететін ерекше дыбыс.Әрине, «ң» дыбысы мүлдем қарастырылмаған, не зерттелмеген құбылыс деп айту қиын, бірақ оның толық зерттелмеген және әлі де болса қанағаттандыра алмай жатқан жақтары бар. Әр тілдің өзіне ғана тән төл дыбыстары болатыны анық. Бұл дыбыс қырғыз тілінде жоқ болса, керісінше, қазақ тілінде өте жиі кездесетін дыбыстардың қатарына жататын төл дыбысымыз болып табылады. Қазақ тілінің өзіндік бір ерекшелігі де осы дыбысқа байланысты деуге болады.

    Ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынов 1910 жылдардан бастап араб жазуы таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы еместігін байқап, оны қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, қайта түзеуді қолға алады, қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды- жіңішкелі үндестік зааңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу-ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліпбидің» жаңа түрін жазды.                А. Байтұрсыновтың араб жазуын жақтаудағы дәлелдері – 12-13 жыл бойы қолданып, орнығып қалған, қазақ тілінің дыбыстық табиғатына лайықтап өзгертілген, ресми түрде қабылданған алфавиттің қазақ мәдениеті мұқтаждығын толық өтеп отырғандығы, оның дыбыс әдісімен оқыту ісіне айтарлықтай қолайлы болып шыққандығы, полиграфиялық мүмкіншіліктері жағынан да, экономикалық тиімділіктер тұрғысынан да бұрынғы алфавитті сақтау пайдалырақ екендігі. 

Нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз. Оқу-ағарту идеясы Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхановтар бастаған шоқ жұлдыздай боп жарқырап шыққан қазақ зиялыларын нақты іс-әрекеттерге алып келді. Сауат ашатын таңбалар түзілді, енді осы әліпбиді мектепте оқытып, жазғызып үйрету қолға алынды. 1910 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынов балалардың сауатын аштыратын «Оқу құралы, қазақша алифба» (әліппе) атты еңбектерді ұсынды. Сауат ашқан балалар әрі қарай ана тілдерін пән ретінде оқып тануларына арнап Ахмет Байтұрсынов «Тіл-құрал» атты атақты тұңғыш ұлттық оқулық жазды. Үш сатылап оқытатын бұл құралдың алғашқысы қазақ тілінің фонетикалық жүйесін танытуға арналған. Оны автор «дыбыс жүйесі» деп атайды. Осы дыбыс сөзінен бастап Ахмет Байтұрсынұлы қаламынан қазақ тілінің фонетика, морфология, синтаксис салаларының барлық терминдері дүниеге келді.

...

Скачать:   txt (21.6 Kb)   pdf (122.9 Kb)   docx (16.2 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club