"Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері" кітабы
Автор: altynai6 • Декабрь 14, 2018 • Реферат • 826 Слов (4 Страниц) • 1,301 Просмотры
Мазмұны:
Кіріспе........................................................2
Бірінші бөлім.............................................2-3
Екінші бөлім..............................................3
Үшінші бөлім.............................................3
Төртінші бөлім..........................................3-4
Бесінші бөлім............................................4
Қорытынды...............................................4
Кіріспе[pic 1]
«Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» кітабы оқырманды тіл мәдениетімен, оны бойға сіңіру, дамыту жолдарымен таныстырады. Тіл мәдениеті дегеніміз-сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар сөйлеу өнеріне шыныққандық, сауаттылық, айқын ойлылық, сөзді дәл айту шеберлігі. Автор тіл мәдениетіне кері әсерін тигізетін орфографиялық, орфоэпиялық және стильдік қателер жайлы сөз қозғайды, оларға мысалдар келтіреді. Менің ойымша, бұл мәселе әлі де өзекті. Өйткені қазіргі газет-журналдардың ішінде қателер кездестіріп, теледидардағы жүргізушілердің сауатсыздығы мен сөзге кедейлігін байқауға болады. Үгіт-насихат жұмыстарында болсын, халыққа әдебиет, өнер арқылы эстетикалық тәрбие беру жұмысында болсын, үгітшінің және басқа мәдениет қызметкерлерінің айтқандары мен жазғандары тіл жағынан да мүлтіксіз болу керек. М.Горький бұл жөнінде: «Тіл тазалығы үшін, мағына дәлдігі үшін, тіл өткірлігі үшін күрес-мәдениет құралы үшін күрес. Бұл құрал неғұрлым өткір болса, ол соғұрлым нысанаға дәл тиіп, ол соғұрлым жеңімпаз болмақ»,-дейді.
Бірінші бөлім. «Жалпы бөлім»
Төрт тараудан құралған бұл бөлімнің бірінші тарауы «Ана тілін ардақтай біл» деген атқа ие. Кісіні саналы ойға баулитын, еңбек процесін белсене қатысуға мүмкіншілік тудыратын қарым-қатынас құралы-ұлы мәртебелі ана тілі. Тарауда ана тілін ардақтайтын әр адамның ісі-халықтың тіл байлығына мұрагер болу екені айтылған.
Келесі «Әдеби тіл туралы» атты тарау-әдеби тілдің қалыптасуы мен тарихы жайлы. Ауыз әдебиеті әдеби тілді қалыптастырудың лабораториясы болған, алайда ол шын мәнінде әдеби тіл болып есептелмейтіндігіне автор дәлел келтіреді. Ол дәлел-әдеби тілдің жазу тілімен байланысы. Яғни әдеби тіл бұл-жүйелі жазба тілі. Тіл мәдениетінің барлық тарамдарында ортақ жүйе-норма болуы тиіс. Тілдің нормалану дәрежесі неғұрлым айқын болса, әдебиеттік қасиеті соғұрлым жоғары болады. Әдебиеттік деп біз тағы стильдік тармақтары бар тілді атаймыз. 18 ғасырдың екінші жартысына дейін хан жарлықтары, іс қағаздар стилі, діни әдебиет стилі, өлең-жырлар стилі қолданылған, кейін газет-журналдың шығуымен байланысты публицистика стилі қалыптасты.
Үшінші тарау «Әдеби тілдің тарихы туралы» деп аталады. Онда тілтанушы, көрнекті ғалым Мәулен Балақаев «Орыс әдеби тілін Пушкин жасады, өзбек әдеби тілін Навои жасады, қазақ әдеби тілін Абай жасады деу-нанымсыз ұшқары көзқарастар»,-деп сын айтады. Өйткені күллі қоғамға қызметететін, жалпы халықтық қасиеті бар тілді қанша данышпан болғанмен бір кісі жасамайтынды. Бірінші бөлімнің соңғы «Қазіргі әдеби тілдің даму арналары» тарауы-қазақ әдебиетіне орыс тілінің, совет әдебиетінің әсері туралы. Қазақ тіліне еңген жаңа әріптер, жаңа терминдер, орыс тілінен аударылған еңбектер-сол орыс тілінің жемісті әсері болып саналады.
Екінші бөлім. «Әдеби тілдің нормалары»
Кітаптың екінші бөлімі әдеби тілдің нормларына арналған. Автор әдеби нормалардың лексикалық норма, орфоэпиялық және орфографиялық номралар, грамматикалық норма сияқты тарауларына жеке-жеке тоқталған. Яғни норма деп әдеби тілге сіңіскен, орныққан тілді айтамыз. Дегенмен, бұл жазушы тілін бір тарапқа түсіру мақсаты емес. Мұхтар Әуезов «Барлық шығармаға ортақ бір-ақ рецепт ұсынуға болмайды»,-деген екен. Әр жазушының өзіндік стилі болғаны абзал. Бөлімде нормаға жатпайтын тіл ерекшеліктері де қарастырылған. Олар:
...